Көпбұрыштардың периметрі мен ауданын табу. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән:Математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4 С бөлім «Геометриялық пішіндер. Периметр. Аудан» | Мектеп: Көкшетау қаласы ФМБ-ғы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||
Күні:4 тоқсан Мұғалімнің аты-жөні : | |||||
Сынып: 2 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы | Көпбұрыштардың периметрі мен ауданын табу | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.3.1.3 көпбұрыштардың, қоршаған әлем заттарының ұзындықтарын өлшеу және периметрді Р= (а+в) ·2, Р = а · 4, Р=а+в+с, тіктөртбұрыш ауданын S=a·b, шаршы ауданын S=a2 табу формулаларын жалпылау, құрастыру, қолдану. 2.3.1.4 периметрі және белгілі қабырғалары бойынша фигураның белгісіз қабырғасын табу | ||||
Сабақ мақсаттары | Тіктөрбұрыш пен шаршының ауданын табу үшін формулаларды пайдаланып есептейді. фигураның белгісіз қабырғасын табады, ол үшін формуланы түрлендіреді. | ||||
Жетістік критерийлері | Тіктөртбұрыш пен шаршының ауданын табу формуласын біледі; Тіктөртбұрыштың/шаршының белгісіз қабырғасын анықтау үшін оның ауданын табу формуласын түрлендіре алады; Формуланы пайдаланып, фигураның белгісіз қабырғасын дұрыс анықтай алады. | ||||
Тілдік мақсат
| Аудан, периметр, ара қашықтық ,метр, шаршы метр, ар, гектар,тікбұрыш,үшбұрыш, көпбұрыш, бесбұрыш,алтыбұрыш ұзындық, ен, қабырға, бет, үлкенірек, ең үлкен, кіші, ең кіші, бөлім, алаң, корд сөздер мен терминдерді қолданады. | ||||
Құндылықтарды дарыту | Сабақ барысында оқушылардың бір – бірін тыңдау, көмектесу, жұптасып тапсырма орындау, диалог барысында сөйлесу мәдениетін қалыптастыру арқылы ынтымақтастық, шығармашылық және еңбек құндылықтарын дарыту. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Берілген тақырыпқа байланыст танысытырылым және өздік жұмыстарын орындау арқылы АКТ пәнімен байланыс орнайды. | ||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Мектеп айналасының ауданы мен периметрі | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 0-3 минут | (Ұ) Оқушылармен шеңбер құру. Саған есеп үйреткен,Пәнге қара құрметпен.Санды тура табатын,Қиын, әрі қызықты,Математика болатын. -Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау үшін ойын ойнайық. | ||||
Сабақ ортасы 3-37 минут
| (Ұ,ОТ) «Тез есепте» ойыны.Барлық қабырғасы тең екен,Өлшеп көрсем төрт екен.Табуды біз үйрендік,Есептеп сен айта ғой,Периметрі нешеге тең?Бұрыштары тік болса,Қабырғасы төртеуден.Ұзындығы 3 болса,Ені оның 2 - ге тең.Есептеп сен айта ғой,Периметрі нешеге тең? -Бүгінгі сабақ не туралы болмақ? -Оқу мақсатына қарап, қандай жетістіктерге жетеміз деп ойлайсыңдар? /оқушылардың жауаптарын тыңдау, бағалау критерийлерін тақтаға жазу/ Тік төртбұрыш Шаршы- Неге бұл фигураны тік төртбұрыш дейміз?- Тік төртбұрыштың неше бұрышы, төбесі, қабырғасы бар- Тік төртбұрыштың қандай қасиеті бар?- Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз?Р =а + в + а + в- Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз? Оқушылардың мүмкін жауабы:Оның ұзындығы мен енін көбейту арқылы табамыз.S = а * в Тік төртбұрыштың ауданын 2 тәсілмен табуға болады:1 - тәсіл: оның ұзындығы мен енін көбейту арқылы табамыз.S = а * в2 - тәсіл: көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін пайдаланамыз:S = в * а (Ұ,Ж) Жұппен жұмыс Мақсаты:Оқушылардың жұпта бірігіп отырып, білімдері қолдана алуын анықтау. Күнтізбенің ұзындығы - 10 смЕні – 7 смР -?см S–кв.см? Ш:Р=(10+7)*2 = 34 см S = 10 см * 7 см = 70 кв см (Ұ) Cергіту сәті 1, 2, 3, Бойға жинап күш. 4, 5, 6, Отыр, тұр, шалқы. 7, 8, 9, Тартамыз біз қобыз. 10, Орныңа қон. (Ұ,Т) Есепте Тапсырма: Формуланы түрлендіре отырып, есепті шығар. Мақсаты:Оқушылардың сабақта алған білімдерін бекіту.Формулаларды түрлендіре алу қабілеттерін байқау. Р= a+b * 2 a - 15 см b - ? Р = 36 см , S = 45 кв.см B=P- (a+a) :2 b = (36 – (15+15) :2 b = 3 см b = S : a b = 45: 15 b=3 см Топтар тапсырмаларды орындап болған соң, парақтарымен ауысп, өзара тексеру және өзара бағалауды өткізеді. | Таныстырылым http://en.wikipedia.org/wiki/Pitch_(sports_field) Постер, маркер. Үлестірмелі парақтар карточкалар | |||
Сабақтың соңы 37-40 мит | Кері байланыс:
Өзін бағалау Оқушылар түрлі-түсті стикерлер арқылы БАҒДАРШАМ әдісі бойынша өз жетістіктері мен білімдерін бағалайды. | Стикерлер мен бағдаршам | |||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Қабілеті төмен оқушыларға жұппен жұмыс орындау барысында қабілеті жоғары оқушылармен жұптастыру. | Оқушыларға берілген тапсырмалар арқылы әр баланың сабақты қаншалықты қабылдағанын бақылаймын. | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақталу сергіту сәтін орындау барысында қарастырылады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?