Cанды теңдік және теңсіздік. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән:Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3C бөлім Санды өрнек әріпті өрнек Теңдеулер

Күні

Сынып: 2А

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:Иманбаева Н З

Қатысқандар саны:19

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Cанды теңдік және теңсіздік

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.2.1.1 сандық және әріптік өрнектерді (көбейтінді, бөлінді)/ теңдік және теңсіздіктерді құру, оқу, жазу және тану

Сабақ мақсаттары

  • сандық және әріптік өрнектерді (көбейтінді, бөлінді)/ теңдік және теңсіздіктерді құру, оқу, жазу және тану;
  • сандық және әріптік өрнектерді (көбейтінді, бөлінді)/ теңдік және теңсіздіктерді құрып, оқиды, жазады;
  • сандық және әріптік өрнектерді (көбейтінді, бөлінді)/ теңдік және теңсіздіктерді тапсырма барысында қолданады.

Бағалау критерийлері

Теңдік пен теңсіздікті үйренеді.

Тілдік мақсаттар

Теңдік пен теңсіздік

Құндылықтарды дарыту

Топтық жұмыс барысында өзара жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтары қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар

Тірек сөздерді қолдану арқылы қазақ тілі ағылшын тілі орыс тілі пәндерімен байланыс орнады.

АКТ қолдану дағдылары

АКТ – мен байланыс, тренажёр

http://shkolnayastrana.ucoz.uo

Бастапқы білім

Оқушылар күнделікті өмірдегі тәжірибесіне сүйенеді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық дайындық

Үлкенге де Сіз,

Кішіге де Сіз

Бар адамға құрметпен

Бас иеміз Біз

ОМ таныстыру

-Теңдік пен теңсіздікті айыра білуді үйренесің

(Ж)

Сабақтың ортасы

Оқушыларға жұптық ойын ұсыну.

Әр жұптың алдында 3 қызыл және 3 көк шаршыдан жатады. Жұптар мынандай сұрақтарға жауап беруі тиіс.

-Қызыл және көк шаршылар туралы не айтуға болады?

-Цифрлар арасына қандай таңба қоямыз? (тең)

-Жазуды орында (3=3)

-Бұл жазбалар қалай аталды? (Теңдік)

Оқушылардың алдына 3 көк тостаған және 2 қызыл тостаған қою.

-Көк және жасыл тостағандар туралы не айтуға болады?(Көк тостағандар артық)

Цифрлардың арасына қандай таңба қойылады? (Үлкен)

Жазуды орында

5>2

Бұл жазу қалай аталады? (Теңсіздік)

Ережемен таныстыру.

Теңдік бұл «=» белгісімен байланысқан өрнек

Теңсіздік бұл «>» немесе «<»белгісімен байланысқан өрнек.

(Ұ)

5+2=4+3 теңдік

6+5>4+5теңсіздік

Қақпаға доп сал.

Теңдік пен теңсіздікті анықта.

Жауабы:

Теңдік:

15+6>25-9, 24-8=8+8, 42-17=53-28

Теңсіздік:16+39=27+28, 27+15< 65-18,

51-23<63-34

Ережемен таныстыру.

Теңдік дұрыс және теңсіздік дұрыс және дұрыс емес бола алады.

3+5=1+7 - дұрыс теңдік

6-3=2+4 -дұрыс емес теңдік.

8-3>2+1 -дұрыс емес теңсіздік.

4+5<6-2 -дұрыс емес теңсіздік.

Теннис ойнау.

Түсіп қалған цифрларды дұрыс теңдік немесе дұрыс теңсіздік болатындай етіп қой.Өшіргіш теннис ойнау үшін қандай ракетканы таңдап алады? Тап.

Жауабы: Өшіргіш жасыл түсті ракетканы таңдайды, себебі осы ракеткаға сәйкес келетін теңдікте 9 саны түсіп қалған.

91 -17=38+36

Орындап көр

Теңдік немесе теңсіздік болатындай етіп өрнекті толықтыру

50-23> 12

38+17> 45

Шығарып көр.

1 және 2 сынып командалары жарысқа қатысты.

2 сыныптан 16 оқушы, ал 1- cыныптан одан 6оқушы артық болды.Жарысқа қатысушылар саны қанша?

Жауабы:

1 тәсіл:

1) 16+6=22 (бірінші сынып оқушылары)

2)16+22=38 (барлық қатысушылар)

2 тәсіл: (16+6)+16=38 ( барлық қатысушылар)

Оқулық, әрбір жұп үшін 3 дана қызыл және көк шаршылар,

әрбір жұп үшін 3 көк тостаған және 2 жасыл тостаған, белгі беретін кеспеқағаздар, ламинатталған қағаз

Сабақтың соңы

Сабақты бекітуге арналған тапсырма

Теңдік. Сызғышқа дұрыс теңдік алуға көмектес.

16+47= +32

-21=27+19

100-36= 54+

-9 =81-28

Жауабы: 31,67,10,62.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай т оқушылардың ірі монета мен купюраларды неғұрлым ұсақ монета мен купюраларға ұсақтау нұсқасын бақылау арқылы бағалау ексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

«Қақпаға доп соқ», «Орындап көр» тапсырмалары барысында қиындық туындаған оқушыға жеке қолдау көрсетіледі.

Оқушылардың теңдік және теңсіздік туралы түсініктерін бақылау арқылы бағалау.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақталу сергіту сәтін орындау барысында қарастырылады



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу