Шыншыл бала. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:2 Күні:

Сынып: 4

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Шыншыл бала

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.3.1.1 мәтінді іштей түсініп және қажетті ақпаратты тауып / шолып / белгі қойып оқу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мәтінді іштей түсініп және мұғалімнің көмегімен қажетті ақпаратты тауып оқиды.

Көптеген оқушылар: мәтінді іштей түсініп және қажетті ақпаратты тауып оқиды.

Кейбір оқушылар: мәтінді іштей түсініп және барлық қажетті ақпаратты тауып оқиды.

Бағалау критерийлері

Мәтіннен қажетті ақпаратты тауып оқиды.

Тілдік мақсаттар

шындық, шыншыл, қария

Құндылықтардыдарыту

Ынтымақтастық

Пәнаралықбайланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

«Таза бұлақ» әңгімесінің мазмұнын жаза алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

(Ұ)Қызығушылықты ояту. «Жүректен жүрекке». Оқушылар сабақтың басында бір-біріне жылы тілектерін білдіреді.

Сабақтың ортасы

8 мин

10 мин

5 мин

10 мин

(МК, Ұ) «Сөз сыры».Оқушылар берілген сурет пен тірек сөздердің негізінде мәтін мазмұнын болжайды. Жаңа сөздердің мағынасын ашады.

  • кедей бала
  • балта
  • қария
  • шындық айту

(Ж) «Оқы, біл» Оқушылар берілген мәтінді оқып, мәтін мазмұны бойынша тапсырмаларды орындайды.

 Ертеде бір ауылда кедей бала өмір сүреді. Бала орманда ағаштарды кесіп жұмыс жасайды.

 Күздің бір күнінде бала балтасын алып, орманға барады. Бір кезде оның балтасы көлге түсіп кетеді.

 Бала:

- Мен енді балтасыз қалай жұмыс істеймін? – деп жағада жылап отырады.

 Кенет көлде толқындар пайда болады да көлден бір қария шығады.

- Балам, неге жылап отырсың? – деп сұрайды ол. Бала өзінің қайғысын айтып береді. Қария су астына кіріп, жоқ болады. Бір кезде қария судан шығады, ал оның қолында алтын балта болады.

- Мынау сенің балтаң ба? – деп сұрайды қария.

Бала:

- Жоқ, бұл менің балтам емес! – дейді.

Қария тағы су астына кіріп, жоқ болады. Біраздан кейін қария балаға күміс балтаны алып шығады.

- Мә, балтаңды ал!

- Жоқ, ата, бұл - менің балтам емес. Менің балтам темірден жасалған.

Қария тағы су астына кетеді. Осы жолы ол темір балтамен шығады.

- Міне, менің балтам! – деп бала қуанып кетеді.

 Қария:

- Жарайсың, балам! Сен шыншыл бала екенсің. Алтын, күміс үшін өтірік айтпадың. Сол үшін мен саған үш балтаны да беремін.

Бала қарияға алғыс айтып, үйіне кетеді. Содан бастап ол бақытты өмір сүреді, қайғы дегенді білмейді.

1-тапсырма. Мәтінге қандай атау қоюға болады?

2-тапсырма. Мәтінге сәйкес келетін / сәйкес келмейтін ақпаратты анықта.

Сөйлемдер

Дұрыс / бұрыс

Бала өзінің балтасын көлге түсіріп алады.

Балаға ешкім көмектеспейді.

Баланың балтасы алтын болды.

Қария балаға үш балта береді.

Қария балталарды орманнан әкеледі.

3-тапсырма. Сұраққа жауап бер.

Басты кейіпкер қандай адам? Неліктен?

Дескриптор:

  • мәтінге сәйкес келетін ақпаратты анықтайды;
  • мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты анықтайды;
  • кейіпкерге мінездеме береді;
  • өз ойын дәлелдейді.

Кері байланыс. «Полюстер» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.

  • мен мәтінді түсіндім.

(Ө) «Ойлан, жаз» Оқушылар мәтін бойынша берілген сұрақтардың бірін таңдап, жауап береді. Сұрақтар қиындық деңгейіне сай сараланған. Қай деңгейді таңдайтынын оқушының өзі шешеді. Таңдаған сұрағына сай шағын топтарға бірігіп, жауаптарымен бөліседі.

3) Орманда қандай оқиға болды?

2) Мәтін бізді неге үйретеді?

1) Басты кейіпкердің ісіне қандай баға беруге болады?

Дескриптор:

  • сұраққа дұрыс жауап береді;
  • сөйлем құрылысын сақтайды.

Сабақтың соңы

5 мин

«Балдық көрсеткіш арқылы» арқылы өзінің сабақтағы жұмысын қорытындылайды.

1 5 10

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалауоқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы

Сабақбойынша рефлексия

Жалпыбаға

Сабақтың жақсыөткенекіаспектісі (оқытутуралы да, оқутуралыдаойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу