Шыншыл бала. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, дидактикалық материал.
Ертеде бір ауылда кедей бала өмір сүреді. Бала орманда ағаштарды кесіп жұмыс жасайды.
Күздің бір күнінде бала балтасын алып, орманға барады. Бір кезде оның балтасы көлге түсіп кетеді.
Бала:
- Мен енді балтасыз қалай жұмыс істеймін? – деп жағада жылап отырады.
Кенет көлде толқындар пайда болады да көлден бір қария шығады.
- Балам, неге жылап отырсың? – деп сұрайды ол. Бала өзінің қайғысын айтып береді. Қария су астына кіріп, жоқ болады. Бір кезде қария судан шығады, ал оның қолында алтын балта болады.
- Мынау сенің балтаң ба? – деп сұрайды қария.
Бала:
- Жоқ, бұл менің балтам емес! – дейді.
Қария тағы су астына кіріп, жоқ болады. Біраздан кейін қария балаға күміс балтаны алып шығады.
- Мә, балтаңды ал!
- Жоқ, ата, бұл - менің балтам емес. Менің балтам темірден жасалған.
Қария тағы су астына кетеді. Осы жолы ол темір балтамен шығады.
- Міне, менің балтам! – деп бала қуанып кетеді.
Қария:
- Жарайсың, балам! Сен шыншыл бала екенсің. Алтын, күміс үшін өтірік айтпадың. Сол үшін мен саған үш балтаны да беремін.
Бала қарияға алғыс айтып, үйіне кетеді. Содан бастап ол бақытты өмір сүреді, қайғы дегенді білмейді.
1-тапсырма. Мәтінге қандай атау қоюға болады?
______________________________________________
2-тапсырма. Мәтінге сәйкес келетін / сәйкес келмейтін ақпаратты анықта.
Сөйлемдер | Дұрыс / бұрыс |
Бала өзінің балтасын көлге түсіріп алады. | |
Балаға ешкім көмектеспейді. | |
Баланың балтасы алтын болды. | |
Қария балаға үш балта береді. | |
Қария балталарды орманнан әкеледі. |
3-тапсырма. Сұраққа жауап бер.
Басты кейіпкер қандай адам? Неліктен?
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Дескриптор:
- мәтінге сәйкес келетін ақпаратты анықтайды;
- мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты анықтайды;
- кейіпкерге мінездеме береді;
- өз ойын дәлелдейді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру