Қайырымды бала №6. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


Дидактикалық материалдар.

Тыңдалым мәтіні.

Қайырымды бала.

Күз келді. Жапырақтар сарғайды. Күн суық. Құстар жылы жаққа ұшып кетті. Әділ досымен құстарға ұя жасаймыз деп келісті. Ертеңінде құстың ұясын жасап, ағашқа бекітті. Еңбек етіп, табиғатқа қамқорлығын жасады. Олар қайырымды балалар.

«Дұрыс/Бұрыс» әдісі

Ақпарат

Дұрыс

Бұрыс

Көктем келді

Жапырақтар сарғайды

Күн жылы

Құстар жылы жақтан ұшып келді.

Құстарға ұя жасаймыз

Оқылым мәтіні:

Әлібек күшігімен бақшаны аралады. Ол жерде жатқан торғайдың балапаның көрді. Оның қанаты сынып қалыпты. Өзі қатты тоныпты. Әлібек торғайды көтеріп алды. Үйіне алып келді. Оған жем берді. Әлібек – қайырымды бала.

Сергіту сәті

Атама сәлем беремін Әжеме сәлем беремін Әкеме сәлем беремін Анама сәлем беремін Досыма сәлем беремін Бәрін де жақсы көремін 

«Екі шындық, бір өтірік» әдісі. Әр топқа 3 үлестірмелі парақша беріледі

1 топқа

1. Әлібек күшігімен даланы аралады.

2. Жерде торғайдың балапаның көрді

3. Әлібек –қайырымды бала.

2 топқа

1. Әлібек торғайдың балапаның көрді.

2. Балапан қатты тоныпты.

3. Торғайдың аяғы сынып қалыпты.

3 топқа

1. Әйбек күшікті көтеріп алды

2. Балапанның қанаты сынып қалыпты.

3. Балапанға жем берді

Қолдануға болатын суреттер.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу