Қазақстан қалалары. Хат арқылы байланысу. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1

Менің Отаным – Қазақстан

Күні:

Сынып: 4 С

Мектеп: Көкшетау қ. ФМБ НЗМ

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қазақстан қалалары. Хат арқылы байланысу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.2.3.1 берілген бір тақырыпта сұхбаттасу барысында нақтылап сұрау / қайталап сұрау / шағын мәліметті (3-4 сөйлем) баяндау

4.5.1.2 көптік / тәуелдік / септік / жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: берілген бір тақырыпта сұхбаттасу барысында мұғалімнің көмегімен шағын мәліметті баяндайды, тәуелдік жалғаулы сөздерді ауызша, жазбаша тілде қолданады.

Көптеген оқушылар: берілген бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті баяндайды, тәуелдік жалғаулы сөздерді ауызша, жазбаша тілде қолданады.

Кейбір оқушылар: берілген бір тақырыпта сұхбаттасу барысында шағын мәліметті еркін баяндайды, тәуелдік жалғаулы сөздерді ауызша, жазбаша тілде еркін қолданады.

Бағалау критерийлері

Сұхбаттасуда шағын мәліметті баяндайды.

Сөйлеу және жазу барысында тәуелдік жалғауын қолданады.

Тілдік мақсаттар

Отан, көрікті жерлер, әлемге әйгілі, тәуелсіз, елорда, Елбасы, рәміз, халық, мақтан ету, атамекен, солтүстік, тұрғын

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Тәуелдік жалғаулы сөйлемдер құрастыра алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Қызығушылықты ояту. «Бос микрофон». Оқушылар үйде дайындап келген жұмыстарын ортаға салады. «Бос микрофонға» шығатын оқушы кездейсоқ таңдау арқылы анықталады.

Сабақтың ортасы

7 мин

13 мин

1 мин

10 мин

) «Кім тапқыр!»

Кездейсоқ таңдау арқылы алынған сөзді қолданып, тәуелдеулі формада сөйлем құрастырады.

  • Табиғат
  • Көше
  • Туған жер
  • Елтаңба
  • Рәміздер
  • Мемлекет
  • Астана
  • Жаңалық
  • Сұрақ
  • Туған өлке

(Ж) Жағдаяттық тапсырма.

Кездейсоқ таңдау арқылы жағдаятпен танысып, соның негізінде диалог құрады. Оқушылар бір – бірінің жұмыстарын критерийлер арқылы бағалайды.

  • Сенің досың басқа қалаға көшіп кетті. Досыңмен телефонмен сөйлестің. Досыңның жаңа мектебі, достары туралы, қаласы туралы сұра. Досыңа өзіңнің демалыс күндері не істегенің туралы айт.
  • Сен басқа елде тұратын баламен таныстың. Сен онымен видеобайланыс (скайп) арқылы сөйлестің. Одан елі, қаласы, ауа райы туралы сұра. Оған өзіңнің мемлекетің, туған жерің, туған жеріңнің табиғаты туралы айт. Өзің туралы да айтуды ұмытпа (қызығушылығың, сүйікті пәнің, т.б.).

Дескриптор:

  • тақырыпты ашады;
  • тәуелдік жалғауын орынды қолданады;
  • тілдік нормаларды сақтайды.

Кері байланыс. «Бағдаршам» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.

Жасыл түс – жеңіл болды

Сары түс – ойландырды

Қызыл түс – қиын болды

(Ө) «Хат жазу»

Оқушылар тәуелдік жалғауларын қолданып, берілген жағдайлардың бірі бойынша хат жазады.Қай деңгейді таңдайтынын өзі шешеді.

  • Сенің досың басқа қалаға көшіп кетті. Досыңа хат жаз. Хатыңда досыңның жаңа мектебі, достары туралы, қала туралы сұра. Досыңа өзіңнің демалыс күндері не істегенің туралы жаз.
  • Сенің досың басқа қалада тұрады. Досыңа хат жаз. Хатыңда досыңның сабағы туралы, бос уақыты туралы сұра. Сен кеше дельфинарийге бардың. Көрген қызықтарың туралы досыңа әңгімеле.
  • Сен басқа елде тұратын баламен таныстың. Одан елі, қаласы, ауа райы туралы сұра. Оған өзіңнің мемлекетің, туған жерің, туған жеріңнің табиғаты туралы жаз. Өзің туралы да жазуды ұмытпа (қызығушылығың, сүйікті пәнің, т.б.).

Дескриптор:

  • тақырыпты ашады;
  • хат форматын сақтайды;
  • сөйлемдерді дұрыс құрастырады;
  • тәуелдік жалғауларды дұрыс қолданады;
  • қатесіз жазады.

Сабақтың соңы

4 мин

«Жетістік баспалдағы» арқылы өзінің сабақтағы жұмысына баға береді.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
Пікір жазу