Қазақстан спортшылары № 10. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6-бөлім Атақты тұлғалар

Күні:

Сынып: 3

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қазақстан спортшылары 10

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну

3.​1.​2.​1* баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер және сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсіну

3.5 Түрлі дереккөздер ден қажетті ақпаратты алу

3.​3.​5.​1* сөздіктер мен анықтамалықтардан қажетті ақпаратты табу және оны алу

4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну

3.​4.​1.​1* тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

Шағын мәтіндегі сөздердің мағынасын түсінеді, мұғалімнің көмегімен керекті ақпаратты табады, мәтін құрастырады.

Оқушылардың көпшілігі:

Тыңдаған мәтіндегі сөйлемдердің мағынасын ажыратады, керекті ақпаратты табады және оны алады, тақырыпқа қатысты мәтін құрайды.

Оқушылардың кейбірі:

Тыңдаған мәтіндегі сөздер мен сөйлемдерді орынды қолданады, қажетті ақпаратты тауып, сұхбаттасады.

Бағалау критерийлері

- шағын мәтіндегі сөйлемдердің мағынасын ажыратады;

- қажетті ақпаратты табады

- мәтін құрастырады.

Лексикалық минимум

Тұлға, нағыз

Грамматикалық минимум

Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі

Құндылықтарды дарыту

Салауатты өмір салтын ұстану, спортпен айналысу

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, дене шынықтыру

АКТ қолдану дағдылары

Power Point таныстырылымы

Бастапқы білім

6-бөлім: Күш атасы - Қажымұқан № 9 сабақ

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

Ұйымдастыру кезеңі. «Жүректен-жүрекке» әдісі.

Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру.

Оқушылар шеңбер болып тұрады. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісіне жүректің моделін беріп, жақсы тілек айтады, солай жалғаса береді: мейірімді бол, ақылды бол, ұқыпты бол, батыл бол, т.б.

Үй тaпcырмаcын «Aшық микрoфoн» әдici aрқылы текcеру. Оқушылар Қажымұқан Мұнайтпасұлы туралы қосымша ақпаратты қолданып, әңгімелейді.

  • Қажымұқан Мұнайтпасұлы кім?
  • Ол неше рет жеңіске жетті?
  • Қажымұқан күрестен басқа немен айналысты?
  • Сенің ойыңша балуан адам қандай болуы керек?

Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі

Сабақтың тақырыбын болжау.

1. Суреттерден кімдерді көріп тұрсыңдар?

2. Олар немен шұғылданады?

3. Қандай жеңістерін білесіңдер?

Кері байланыс: мадақтау

Сабақтың тақырыбымен, мақсаттарымен оқушыларды таныстыру.

- шағын мәтіндегі сөйлемдердің мағынасын ажыратамын;

- қажетті ақпаратты табамын

- мәтін құрастырамын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

28 мин

Мағынаны тану

(МК,Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту: тұлға, нағыз

1. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру.

2. Дұрыс айтуға дағдыландыру.

3. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрастыру.

Ірі тұлға, жеке тұлға, үлкен тұлға, дара тұлға

Нағыз чемпион, нағыз дос, нағыз әнші, нағыз адам

4. Сөйлемдер құрастыру.

Серік Сәпиев – нағыз чемпион, ірі тұлға.

5. Жана сөздерді сөздік дәптерге жазу. 

(Ұ, Ж) «Спортшыны тану». Сөйлемдерді мұқият тыңдайды, мәтінде берілген ақпарат бойынша спортшыны анықтайды, суретін (не нөмірін) көтеріп, көрсетеді.

  • Жұбына бір спортшыны сипаттап айтады.

Дескриптор:

- сипаттамасы бойынша спортшыны анықтайды;

- бір спортшыны сипаттайды.

Кері байланыс: Тапсырма қиын болды ма?

) «Рет-ретімен оқу» әдісі арқылы мәтін құрастырады.

  • Мәтін бойынша сұрақтар құрастырады, жауап береді.

Дескриптор:

- шағын мәтін құрастырады;

- сұрақтар құрастырады, жауап береді.

Кері байланыс: «Смайликтер» арқылы кері байланыс жасайды.

- тапсырманы дұрыс орындадым, қате жоқ

- тапсырманы орындауда қателерім болды.

- тапсырманы орындау маған қиын болды.

Сергіту сәті:

Доп, доп, топ, топ, Теуіп қалдым допты. Доп жоғалды, доп жоқ. Қап, қап, тап, тап. 

(Оқушылар дауыстап бірге айтады. Қимыл арқылы көрсетеді)

(Ж) «Түртіп алу» стратегиясын пайдаланып, афишада берілген ақпаратты мұқият оқиды. Жұп мүшелері өзара ой бөліседі, талқылайды.

Афишалық ақпаратқа сүйене отырып, сұрақтарға жауап береді. «Броундық қозғалыс» әдісі арқылы қосымша сынып ішіне тақырыпқа қатысты ақпараттар орналастырылады. Оқушылар қозғала жүріп, берілген тапсырма бойынша ақпарат жинайды. Осыдан кейін жұптасып диалог түрінде оқиды.

• Афишада кімнің суреті көрсетілген?

• Ол спорттың қай түрімен айналысады?

• Бокс қайда болады?

• Бокс қашан болады?

• Бокс сағат нешеде басталады?

Дескриптор:

- ақпаратты іріктейді, сұрақтарға нақты жауап береді;

- алынған ақпарат негізінде сұхбаттасады.

Әр жұп өзара «Бір жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бір-бірін бағалайды.

Кері байланыс: Тапсырманы орындауда не қиын болды?

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия: «Аяқталмаған сөйлемдер»

Мен ... туралы жаңа ақпарат білдім.

Мен ... сияқты сөздерді меңгердім.

Мен үшін ... қызық болды.

Мен ... таңғалдым.

Мен үшін ... қиын болды.

Үй жұмысы

«Менің сүйікті спортшым» атты шағын мәтін құрастыру.

Бағалау

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады.

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу