Қазақстан – менің Отаным. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1-бөлім «Менің Отаным – Қазақстан»

Мектеп: ОМФИ ДБА ММЛ

Мұғалімнің аты-жөні: Жанахметова Т.А.

Күні:

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстан – менің Отаным

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.4 Мәтіндегі негізгі, қосалқы мәліметтерді түсіну

4.​1.​4.​1* тыңдаған мәтін бойынша оқиғаның себеп-салдарлық байланысын (кейіпкерлер, оқиға) және негізгі ойды мұғалімнің қолдауымен анықтау.

5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)

4.​5.​1.​2* көптік/тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: тыңдаған мәтін бойынша негізгі ойды мұғалімнің қолдауымен анықтайды, тәуелдік жалғауды ауызша тілде қолданады.

Көпшілік оқушылар: тыңдаған мәтін бойынша негізгі ойды өз бетінше анықтайды, тәуелдік жалғауды ауызша/жазбаша тілде қолданады.

Кейбір оқушылар: тыңдаған мәтін бойынша негізгі ойды өз бетінше анықтайды және өз пікірін білдіреді, тәуелдік жалғауды орынды қолданады.

Бағалау критерийлері

- тыңдаған мәтін бойынша негізгі ойды анықтайды,

- тәуелдік жалғауды қолданады.

Лексикалық минимум

Тәуелсіз, мемлекет.

Грамматикалық минимум

Тәуелдік жалғау

Менің Отан+ым, менің мемлекет+ім

Құндылықтарды дарыту

Өз Отанын қорғауға, сүюге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Power Point таныстырылымы

Бастапқы білім

«Туған өлкем» тақырыбы бойынша оқығандарын, өткен жылдарда сынып сағаттарында білген, үйренгендерін естеріне түсіреді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ертеңгілік шеңбер «Сиқырлы таяқша»

Балалар бір-біріне «Сиқырлы таяқшаны» бере отырып, өздерінің игілікті тілектерін айтады:

Мен бәріңе денсаулық тілеймін!

Мен бәріңе қуаныш тілеймін!

Мен бәріңе мейірім тілеймін!

Мен бәріңе шуақты күн тілеймін!

Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін! және т.б.

Оқушылар суреттер арқылы бейнебаянды көру арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды, жаңа тараудың мазмұнын болжайды.

https://www.youtube.com/watch?v=yFtOS_ukf5s

Сабақтың мақсаты:

- тыңдаған мәтін бойынша негізгі ойды анықтаймын;

- тәуелдік жалғауды қолданамын.

«Менің Отаным Қазақстан»

https://www.youtube.com/watch?v=yFtOS_ukf5s

Сабақтың ортасы

Сөздік жұмыстары: Тәуелсіз, мемлекет

1. «Суретті сөздік» - сөздердің айтылуы мен лексикалық мағынасын меңгереді

Тәуелсіз – азат, еркін, бостандық

Мемлекет – өзінің аумағы, халқы, президенті бар ел.

2. «Жаңғырық» ойыны – оқушылар мұғалімнің артынан сыныппен, топпен, жұппен қайталайды.

3. «Сөз – сөз тіркесі – сөйлем» - сөздерден сөз тіркесін, сөйлем құрастырады.

Мысалы: тәуелсіз – тәуелсіз мемлекет – Қазақстан - тәуелсіз мемлекет.

Мемлекет – үлкен мемлекет – үлкен мемлекетте тұрамын – мен үлкен мемлкетте тұрамын

Тыңдалым алды тапсырмасы:

, МК) Оқушылар Отан, туған жер тақырыбы бойынша диаграммаға сүйеніп, оқығандарын, өткен жылдарда сынып сағаттарында білген, үйренгендерін естеріне түсіреді, не білетіндерін айтады, өзара сұхбаттасады.

(Ө) «Білемін, Білгім келеді, Үйрендім» кестесін толтырады.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Кері байланыс. «Смайликтер» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.

- тапсырманы дұрыс орындадым, қате жоқ.

- тапсырманы орындауда қателер болды.

- тапсырманы орындау қиын болды.

Грамматикалық қоржын:

Тәуелдік жалғау – бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіреді. 

(Ұ) Оқушылар тәуелдік жалғаулардың жалғану ережелерімен танысады, меншіктік мағына беретінін түсінеді.

Менің Отан+ым Біздің мемлекет+іміз

Сенің ел+ің Сендердің тілдер+ің

Сіздің астана+ңыз Сіздердің ұлттар+ыңыз

Оның жер+і Олардың Қазақстан+ы

(Ж) Оқушылар тәуелдік жалғауын қолдана отырып, сұхбақта түседі

- Сенің ұлтың қандай?

- Менің ұлтым қазақ?

- Сенің ше?

- Ал, менің ұлтым орыс. Сенің інің бар ма?

- Иә, менің інім бар. Оның аты – Диас.

- Ал, менің қарындасым бар. Оның аты – Алина.

Кері байланыс: Бірнеше жұптың жауаптарын тыңдалады, жұптар бір-бірін төмендегідей бағалайды.

жақсы

орташа

төмен

Сергіту сәті.

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Тыңдалым кезіндегі жұмыс

(Ұ) Оқушылар «Қазақстан – менің елім» мәтінін мұқият 2 рет тыңдайды, кестені толтырады, сұраққа жауап береді.

Тыңдалым мәтіні:

Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Ол менің Отаным, себебі мен Қазақстанда өмір сүремін. Мемлекеттің өз астанасы, елбасысы бар. Мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Тәуелсіз Қазақстанда көп ұлттар өмір сүреді. Барлық ұлттар бейбіт өмір сүреді. Мен өз мемлекетімнің ұланымын.

  • Мәтін не туралы?
  • Қазақстан қандай мемлекет?

(Ж, Қ) «Дұрыс/Бұрыс» ойынын орындайды.

Сөйлемдер

Дұрыс

Бұрыс

Қазақстан – тәуелсіз мемлекет.

Қазақстанның өз астанасы жоқ.

Мен Қазақстанда өмір сүремін.

Қазақстан аз ұлт өмір сүреді.

Мемлекеттік тілі – орыс тілі.

Қазақстанда барлық ұлттар бейбіт өмір сүреді.

Дескриптор:

- тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша дұрыс және бұрыс ақпаратты анықтайды;

- сұраққа жауап береді.

Тыңдалымнан кейінгі жұмыстар:

(Т) «4-3-1» стратегиясын қолдана отырып, әр топ

1. Тыңдалған мәтін бойынша 4 түйінді сөз айтады.

2. Суреттер тізбегі бойынша мәтіннен 3 ақпарат айтады.

3. Негізгі ойды анықтайтын 1 сөйлем айтады.

(Ж) Оқушылар мәтіннен тәуелдік формасында тұрған сөздерді табады. Сол сөздермен сөйлемдер құрастырады.

Отан+ым, мемлекет+ім.

Кері байланыс: Не қиын болды? Не жеңіл болды?

Соңында оқушылар бір-бірін «1 жұлдыз, 1 тілек» әдісі арқылы бағалайды.

Сабақтың соңы

Рефлексия: Оқушылар соңғы «Үйрендім» бағананы толтырады.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Үй жұмысы: «Менің Отаным - Қазақстан» атты тақырыбында тәуелдік формасында тұрған сөздерді қолдана отырып, монолог құрастырып айту.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу