«Қазақстан - құтты мекен». Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі мен әдебиеті

Мектеп: Павлодар қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Р.Л. Даулеткалиева

Сынып: 5 Т2

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы:

Қазақстандағы ұлттар достастығы

Сабақтың тақырыбы

«Қазақстан - құтты мекен»

Сабақтың түрі

Дағдыларды бекіту сабағы

Жүзеге асатын оқу мақсаттары

А5. Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу.

А3. Орфоэпиялық нормаларды сақтау. Ауызша мәтіндер құрауда қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын, үндестік заңын ескеріп айту.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Берілген сұрақтарды түсінеді.

Көптеген оқушылар: Сұрақтарға дұрыс жауап береді.

Кейбір оқушылар: Диалог құрастырады.

Бағалау критерийлері

Сұрақтарды түсініп, дұрыс жауап береді.

Шағын диалог құрастырады.

Қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталу ерекшелігін сақтайды.

Дескриптор

Сұраққа жауап береді.

Қазақ тіліндегі төл дыбыстарды дұрыс айтады.

Диалогтік сөйлесуге қатысады.

Тілдік міндеттер

Лексикалық минимум: достық, егемен, көпұлтты, халықаралық, татулық, келісім, мәдениет, ұлттар достығы т.б.

Сөйлеу мәдениетін жетілдіру үшін қолдануға ұсынылған тілдік оралымдар: сенің ойыңша, қателеспесем, қорыта келе, менің пайымдауымша, т.б.

Құндылықтар

Халықтар достастығы

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы

Осыған дейін меңгерілген білім

Тыңдалым дағдысын дамытуға арналған мәтінмен жұмыс істеді. Тыңдаған мәтіндері бойынша сұрақтарға жауап берді.

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин

1.Ұйымдастыру.

Оқушылар шеңберге тұрып «ДОСТЫҚ» сөзінің әр әрпіне екі сөзден айтып шығады.

Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері, дескрипторлар талданады.

№1 слайд

Сабақтың ортасы

35 мин

Оқушылар «Көк ту және достар» мультфильмін тамашалайды.

1.Мультфильм бойынша сұрақтар қойылады.

1.Мультфильмдегі кейіпкерлерді ата?

2.Мағжан қайдан келді?

3.Мағжан өскенде кім болғысы келеді?

4.Ауладағы балалар қай ұлттың өкілдері?

5. Атасы Мағжанға нені түсіндірді?

6. Мультфильмнің идеясы қандай?

ҚБ. Мұғалім оқушылардың сұраққа дұрыс әрі толық жауап беруін және ауызша жауаптарында қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын, үндестік заңын ескеріп айтуы қадағаланады.

2. Оқушылар мультфильмді екінші рет көреді.

Жұптарға бөлініп, шағын диалог құрастырады. Оқушыларға таңдау беріледі. (Мағжан мен Дима, Мағжан мен атасы, Мағжан мен Илхам, Мағжан мен кішкентай қыз, Тілші мен көрермен рөлдеріне енеді).

ҚБ. Оқушылар бір –біріне қол шапалақтау арқылы қолдау білдіреді.

https://www.youtube.com/watch?v=gd3r0yIlEdg

«Көк ту және достар» мультфильмі

Сабақтың соңы

5 мин

Сабақты қорытындылау. Мұғалім оқушылардың кері байланыстарындағы ұсыныстарды келесі сабақта ескереді.

плюс

минус

ұсыныс

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Барлық оқушылар: Берілген сұрақтарды түсінеді.

Көптеген оқушылар: Сұрақтарға дұрыс жауап береді.

Кейбір оқушылар: Диалог құрастырады

Кері байланыс арқылы, яғни сұрақтар беру арқылы

Қазақстан тарихымен байланыс бар. Оқушылар интерактивті тақтадан мультфильмді тамашалайды. Құндылығы Қазақстандағы ұлттар арасындағы достық, татулық. Қазақ отбасындағы дұрыс тәрбие.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары жүзеге асты. Сынып атмосферасы жағымды болды.

Оқушыларға рөлге бөлінуде таңдау бердім. Осы арқылы дифференциацияны жүзеге асырдым.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.Мультфильм қызық болды.

2. Рөлге бөлінуде оқушылар қызығушылық танытты.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу