Мейірімді өзен (ертегінің жалғасы). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

Қазақ тілі оқулығы, 3-сынып, («Көкжиек – Горизонт» баспасы,

авторлары: Ф.Оразбаева, Ж. Дәулетбекова, Р.Рахметова, Л. Нұрмұханова)

7-бөлім: Су – тіршілік көзі

8-сабақ « Мейірімді өзен»

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың тыңдалым мен жазылым дағдыларын қалыптастыру көзделеді.

Сабақта ұстанатын қағидалар:

  • Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз;
  • Аймақтың ерекшелігіне, тілдік ортаға, сыныптың деңгейіне қарай тапсырмаларды күрделендіруге немесе жеңілдетуге болады;
  • Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беруге болады;
  • Әр оқушының білім деңгейін, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды;
  • Оқушыларды үнемі қадағалап, қолдау көрсетіп отырыңыз;
  • Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз.
  • Қазақ тіліне тән ерекше дыбыстардың дұрыс айтылуына назар аударыңыз.
  • Ең басты міндет - мақсатқа жету.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты:

  • Ұйымдастыру кезеңі психологиялық ахуалды туғызудан басталады.«Құнды қасиеттерді жинау» жаттығуы ұйымдастырылады. Ең алдымен жүргізуші бастайды. Қағазда байнеленеген жүректі алып, «Мен сізге жүрегімді ұсынамын, себебі, Сіз ... қайырымды адамсыз». Әр қатысушы жүрек бейнеленген қағазды алып, жалғастырады. Сөйтіп барлық қатысушы өз ойын айтып шығуы керек. Оқушылар арасында бір-біріне деген достық, құрмет қарым-қатынасын орнатуға болады.
  • Оқушылар назарына сурет ұсынылады. Бұл не? ойыны. Суреттің жартысы ғана көрсетіледі. Оқушылар қандай сурет жасырылғанын анықтайды. Өткен сабақта игерген сөздерді еске түсіру мақсатында ұсынылған тапсырма тізбегін ұсына аласыз. Сынып оқушыларының зейінін ойын арқылы сабаққа аударуға болады.
  • Әр сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізу керек. Оқушы осы сабақта нені игеру керектігін түсінуі керек;
  • Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

Жаңа сөздерді меңгерту:

  • Жаңа сөздерді меңгерту - сабақтың ең басты кезеңі;
  • Сынып оқушылары алғашқы тапсырмада берілген суретке назар аударып, сөзге қажетті төл дыбысын (ә,і,ң,ғ,қ,ұ,ү,һ,ө) дұрыс қойып жазуын қадағалайсыз. Сабақ барысында жаңа сөздердің дұрыс айтылуы мен жазылуын үнемі назардан тыс қалдырмаңыз.

Тыңдалым мен жазылым

  • Сынып оқушыларына тыңдалым алды тапсырмасы ұсынылады. Оқушылар 2-тапсырма бойынша «Ұ» әріпінің бас әріп пен кіші әріп ретінде таңбалануына назар аударып, берілген үлгіде жазба жұмысын орындайды. Берілген мысалды оқып әрі қайталау арқылы оқушының тілін жаттықтыра аласыз.
  • Тыңдалым тапсырмасында мәтінді мұқият тыңдап, жаңа сөздерді белгілей отырып, ой шақыру кезіңінде берілген сұрақтарға жазбаша жауап береді. Кейін тыңдалым мәтінінің мазмұнын қаншалықты түсінгені тексеріледі. Тапсырма орындалған соң кері байланыс «Шапалақ әдісі» арқылы жүргізіледі.
  • Грамматикалық қоржын кезіңінде көмекші сөздер қатарымен жұмыс ұйымдастыра аласыз. Мысалдар келтіре отырып, сөйлем құрастыра алуға бағыт-бағдар бересіз.
  • Тыңдалымнан кейінгі тапсырмада сынып оқушылары берілген кесте бойынша тапсырманы орындайды. Мәтінді мұқият тыңдау арқылы, сөйлемдерді ретімен орналастыруы қажет. Бұл тапсырмада сөйлемдер бойынша оқиғаның ретін анықтайды. Не қиын болды? Неліктен? деген сұрақтар бойынша кері байланыс орнатылады.
  • Оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттыру мақсатында сергіту кезеңі жүзеге асырылады.
  • Жазылым дағдысы бойынша оқушылар жұптасып «Мейірімді өзен» тақырыбында берілген тірек сөздерді қолдана отырып, шағын мәтін құрастырады. Оқушыларға қолдау көрсетіп, бағыттап отырыңыз.
  • Сынып оқушыларының сабақ соңында рефлексияға белсенді қатысуын қадағалауды естен шығарып алмаңыз.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу