Су денсаулыққа пайдалы. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

Қазақ тілі оқулығы, 3-сынып, («Көкжиек – Горизонт» баспасы,

авторлары: Ф.Оразбаева, Ж. Дәулетбекова, Р.Рахметова, Л. Нұрмұханова)

7-бөлім: Су – тіршілік көзі

6-сабақ «Су денсаулыққа пайдалы»

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың оқылым және айтылым дағдыларын қалыптастыру көзделеді.

Сабақта ұстанатын қағидалар:

  • Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз;
  • Аймақтың ерекшелігіне, тілдік ортаға, сыныптың деңгейіне қарай тапсырмаларды күрделендіруге немесе жеңілдетуге болады;
  • Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беруге болады;
  • Әр оқушының білім деңгейін, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды;
  • Оқушыларды үнемі қадағалап, қолдау көрсетіп отырыңыз;
  • Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз.
  • Қазақ тіліне тән ерекше дыбыстардың дұрыс айтылуына назар аударыңыз.
  • Ең басты міндет - мақсатқа жету.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты:

  • Ұйымдастыру кезеңі психологиялық ахуалды туғызудан басталады. «Сені көргеніме қуаныштымын...» жаттығуы. Мақсаты: оқушылардың жағымды жақтарын анықтау. Әрбір қатысушы өз көршісіне келесі сөздерді айтады: «Мен сені көргеніме қуаныштымын, себебі,....» бұл сөйлемді адамның сыртқы келбетіне байланысты емес, мінез ерекшелігіне байланысты айту керек. Бұл жаттығуды орындау сізге қиын болды ма? Көршіңіз «Мен сізді көруге қуаныштымын» деген сөзді айтқан кезде қандай сезімде болдыңыз. Өз ойын ортаға салу арқылы оқушылар арасында ынтымақтастық сезімін нығайту болып табылады.
  • Сынып оқушыларының назарына суреттер топтамасы беріледі, яғни, ой шақыру мақсатында. Сабақ тақырыбын сурет арқылы анықтау негізінде сабаққа зейінін аудару.
  • Әр сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізу керек. Оқушы осы сабақта нені игеру керектігін түсінуі керек;
  • Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

Жаңа сөздерді меңгерту:

  • Жаңа сөздерді меңгерту - сабақтың ең басты кезеңі;
  • Сынып оқушылары берілген суретке назарын аудару арқылы мұғалімнің қолдауымен көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойып, сұраққа жауап беруі тиіс. Тапсырма орындалғаннан кейін «Бас бармақ» әдісі арқылы кері байланыс бере аласыз.
  • Сабақ барысында жаңа сөздердің дұрыс айтылуы мен жазылуын үнемі назардан тыс қалдырмаңыз.

Оқылым мен айтылым

  • Сынып оқушыларына оқылымалды тапсырмасы ұсынылады. Тапсырманы оқып әрі қайталау арқылы оқушының тілін жаттықтыра аласыз.
  • Оқылым тапсырмасында мәтінмен жұмыс жүргізіледі. Балалар мәтінді түсініп оқу арқылы мәтінде жиі кездесетін сөздерге назар аударып, оларды тізбектеп айтып шығуын қадағалаңыз. Кейін берілген сұрақтарға толық әрі дұрыс жауап беруін назарда ұстаңыз.
  • Оқылымнан кейінгі тапсырмада оқушылардың топтық жұмыс тапсырмасын бірлесе орындауы өте маңызды. Әр топ жұмысын бақылауда ұстап, қолдау көрсетіп отырыңыз. Тапсырма орындалғаннан кейін кері байланыс беруді ұмытпаңыз.
  • Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында ребус ұсынылады. Ребусты шешудегі мақсат – балалардың сыни ойлау қабілетін ұштау, танымдық белсенділігін арттыру.
  • Айтылым тапсырмасында суретке қарай отырып, мазмұн желісі бойынша ретімен баяндап шығу. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтай отырып әңгімелеуіне назар аударыңыз.Тапсырманы орындағаннан кейін кері байланыс беруді ұмытпаңыз.
  • Сынып оқушыларын жұптастыра отырып, ұсынылған жоспар бойынша әңгімені рет-ретімен мазмұндай алуын бағалайсыз. Өз пікірін білдіргенде:

Менің ойымша..., менің көзқарасым бойынша...., себебі, .... деген тіркестер

қамтылуы тиіс. Оқушылардың шығармашылық қабілетін ұштай алуына мүмкіндік

беріңіз.

  • Сынып оқушыларының сабақ соңында рефлексиядағы белсенділігін үнемі қадағалап отырыңыз.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу