Суды үнемде. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ

3-сынып (ОМЖ)

7-бөлім: Су – тіршілік көзі

10-сабақ «Суды үнемде»

Бұл сабақта оқу мақсаттарына сәйкес оқушылардың тыңдалым дағдысын қалыптастыру көзделеді.

Сабақта ұстанатын қағидалар:

  • Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз;
  • Аймақтың ерекшелігіне, тілдік ортаға, сыныптың деңгейіне қарай тапсырмаларды күрделендіруге немесе жеңілдетуге болады;
  • Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беруге болады;
  • Әр оқушының білім деңгейін, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды;
  • Оқушыларды үнемі қадағалап, қолдау көрсетіп отырыңыз;
  • Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз.
  • Ең басты міндет - мақсатқа жету.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты:

  • Ұйымдастыру кезеңінде «Суретті сөйлет» тапсырмасы арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырыңыз;
  • Суретте cу тақырыбында мақал-мәтелдер жасырылған. Оқушылар жауабын тапқан соң, мағынасын өз сөзімен түсіндіреді;
  • Әр сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізуі керек. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек;
  • Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

Жаңа сөздерді меңгерту:

  • Сабақ барысында тірек болатын сөздерді (терең, үнемде, тамшы) сұрақтарымен сәйкестендіріп, мысалдармен бекітіңіз;
  • Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпаңыз.

Тыңдалым:

Оқушылар тапсырманы топпен орындайды (әр оқушы өз рөлін таңдайды):

  • Мульфильмді мұқият қарайды;
  • Қажетті тірек сөздерді жазады;
  • Мазмұнын топта талқылап, мультфильмге атау қояды;
  • «ДЖИГСО» әдісі арқылы екінші топқа барып әңгімелейді, қорытынды жасайды.

Бағалау

  • Тыңдаған топ өз келісіміні/келіспеуін білдіреді.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:

  • Оқушылар тапсырманы жұпқа бөлініп орындайды;
  • Әр жұпқа суретті иллюстрацияны дайындаңыз;
  • Сурет бойынша сұраққа жауап беріп, сөйлемдер құрастырды;
  • Әсіресе оқушылардың назарын берілген сұраққа аудартып, сөйлемді дұрыс құрастыру білуге бағыттаңыз.
  • Бағалау критерийін оқушылар өздеріне құрастыртуға болады.

Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек. Рефлексия мақсаты - еске түсіру, өзінің  сабақ бойындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру. Мұғалім оқушының кез келген кері байланыс парағын оқи  отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қадамын, ендігі  іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын алдын-ала біледі. Сонымен қатар кері байланыс парағы арқылы оқушының үніне құлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болады.

Рефлексия адамның өз істерінің  мәнін түсініп, оны ойлану барысында  өзіне- өзінің нені, қалай жасағаны  туралы толық және анық есеп беруі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Салымдар түрі: қалайша неғұрлым көп пайда табуға болады
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
Пікір жазу