Суды үнемде. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім «Су – тіршілік көзі» Күні: Сынып: 3 3-сабақ | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Сабақ тақырыбы | Суды үнемде | ||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 3.2 Мәтіннің мазмұнын түсіну 3.3.2.1. Жиі қолданылатын сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну 5.1. Грамматикалық нормаларды сақтау 3.5.1.5 үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай сөйлем және мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлем құрастыру | ||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылардың барлығы: Мұғалімнің қолдауымен мәтіннің негізгі ойын түсінеді. Оқушылардың көпшілігі: Мәтіндегі негізгі ойды түсініп, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтай отырып жай сөйлем құрастырады. Оқушылардың кейбірі: Мәтіндегі негізгі ойды түсініп, мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлем құрастырады. | ||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||
Лексикалық минимум | Үнемде, тамшы, теңіз | ||||||||||
Грамматикалық минимум | Жай және құрмалас сөйлем | ||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Суды үнемдеп қолдана білуге баулу | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Power Point таныстырылымы | ||||||||||
Бастапқы білім | 7-бөлім: Су –тіршілік көзі. Судың пайдасы №2 | ||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы 7 мин | Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру Осы бізде, Өзімізде, Табиғатты қорғаймыз Жақындықты Татулықты, Қостаймыз! Оқушылардың белсенді қатысуымен қимыл-қозғалысына келтіріп, сабаққа деген құлшынысын ояту. Ой шақыру Ұ Сынып оқушылары санамақ арқылы топқа топтастырылып, жұп және тақ сандар болып екі топқа бөлінеді. Екі топтың қатысуымен «Адасқан әріптер» ойыны жүргізіледі. Жұп сандар тобы: С.... ар.... (суару) Б... қш...... (бақша) Т ... рш.....л..... к (тіршілік) К...ме ..... (көмек) Тақ сандар тобы: Т.... щы (тұщы) Ш...лде .... і (шөлдеді) С... ар.... ы (суарды) Л...с (лас) - Балалар, бұл сөздердің сабаққа қандай қатысы бар? -Әрине, дұрыс айтасыздар! Су тақырыбымен байланысты. Сабақтың мақсатымен таныстыру
|
Таратпа материалдар | |||||||||
Сабақтың ортасы 28 мин | Мағынаны тану (МК,Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту Сөздерді қажетті суретке орналастыр. Үнемде, теңіз, тамшы
Сурет арқылы сөздердің мағынасын түсініп, жай сөйлем құрастыр. Бағалау «Мадақ сөздер» арқылы жүргізіледі. (МК,Ұ) 1-тапсырма: Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап бер. Мәтін: Әлемде ащы су көп ,тұщы су аз. Біз ащы суды ішпейміз. Тұщы суды ішеміз, тамаққа пайдаланамыз. Суды ластама! Суды үнемде, төкпе! Тамшыдан теңіз құралады. Судың да сұрауы бар. Сен суды қалай үнемдейсің? Сұрақтар:
Дескриптор
Кері байланыс. «Шапалақ» әдісі арқылы орындалады. (Ж) Жазылым тапсырмасы 2-тапсырма: Қажетті сөздерді орнына қойып, сөйлем құрастыр. 1.Әлемде .... су көп. 2.Әлемде .... су аз. 3. Адамдар .... суды ішпейді. 4.Адамдар .... суды ішеді, тамаққа пайдаланады.. Қажетті сөздер: ащы, тұщы Бағалау «Бас бармақ» әдісі арқылы жүргізіледі. (МК,Ұ) Суретті пайдаланып, жай немесе құрмалас сөйлем құрастыр.
(ЖЖ) Айтылым тапсырмасы Сынып оқушылары жұптасып сұхбат жүргізеді. Тапсырма: Үйде суды қалай үнемдейсің? Тірек сөздер: үнемдеу, ұқыпты, төкпе, пайдаланады, ащы, тамаққа, тұщы. Кері байланыс. Мұғалім «Тапсырманы орындауда не қиын болды? Неліктен?» деген сұрақтар арқылы кері байланыс береді.
Есте сақта! | Слайд Таратпа материалдар Слайд | |||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия (Ө) «Чемодан, еттартқыш, себет» әдісі Үй жұмысы 71-бет, 3-тапсырма. Сөздерге тиісті қосымшаларды жалғап жаз. Ласта ... (-ма, -ме), төк ...(-пе, -па), көр ... (-ме, -ма), кет...(-пе, -па), қал ... (-ма, -ме). Бағалау Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады. |
| |||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. | Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. | |||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру