11-сабақ. Қазақтың қаһарман ұлы. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақмерзімді жоспар бөлімі:

Уақыт

Күні:

Сынып: 3

Әзірлемеші: Хабиева А.А.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

11-сабақ. Қазақтың қаһарман ұлы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.1 Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну

3.​1.​1.​1* анық айтылған сөзді тыңдап, түсінгені бойынша қарапайым нұсқауларды орындау.

2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог)

3.​2.​3.​1* белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру.

5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)

3.​5.​1.​5 үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай сөйлем және мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлем құрастыру.

Сабақ мақсаттары

1. Мәтінді сұрақтарға жауап беру арқылы мазмұндау.

2. Сурет, тірек сөздерге сүйеніп, әңгімеге қатысу.

3. Құрмалас сөйлемдер құру.

Оқушылардың барлығы: тыңдаған, оқыған мәтіндегі сөйлемдердің мазмұнын түсінеді, сөздердің орын тәртібін сақтап сөйлем құрады.

Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған, оқыған мәтінді сұрақтарға жауап беру арқылы мазмұндайды, белгілі тақырыпта әңгімеге қатысып, сұхбаттасын түсінеді, мұғалімнің қолдауымен құрмалас сөйлем құрайды.

Оқушылардың кейбірі: тапсырмаларды орындау барысында белсенділік көрсетеді, белгілі тақырыпта әңгімеге қатысып, сұхбаттасының ойын толықтырып отырады, құрмалас сөйлемдер құрайды.

Бағалау критерийлері

Тыңдаған, оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді.

Тақырып бойынша әңгіме құрайды.

Сұрақ-жауапқа қатысады.

Грамматикалық минимум

құрмалас сөйлем

Құндылықтарды дарыту

Бауыржан Момышұлы өмірімен, ерлік жолдарымен, кітаптарымен, естеліктерімен таныстыра отырып, елін, жерін құрметтеу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

«Қазақ әдебиеті», «Қазақстан тарихы» пәндері

АКТ қолдану дағдылары

интербелсенді тақта, таныстырылым

Бастапқы білім

Бауыржан – батыр

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы 10 минут

Мұғалім үй тапсырмасын «Микрофон» әдісі арқылы сұрайды. Оқушыларға микрофон ұсынылады. Қолына микрофонды алған оқушы үй тапсырмасын айтады.

Ой қозғау. Бауыржан Момышұлы атамыздың батыр, ержүрек адам болғандығын, жазушы болғандығын білеміз. Ол кісінің мінезі қатал, қайсар адам болған, өз ұлтын сүйген, ана тілін құрметтеген. Бүгін сол өткен сабақты жалғастырып, Бауыржан атамыздың басқа да қырларын білетін боламыз. Оның отбасымен, жазған туындыларымен танысамыз. Сабақтың тақырыбы – «Қазақтың қаһарман ұлы».

Сабақтың мақсатымен таныстыру:

  • мәтін мазмұнын түсіну;
  • тірек сөздер негізінде мәтін құру;
  • сөздердің орын тәртібін сақтап, сөйлемдер құру.

 

Сабақтың ортасы

25 минут

(МК, Ұ) Оқылым. Айтылым

Мұғалім суреттерді көрсете отырып, сөйлемдерді оқиды, оқушылар соңынан қайталайды. Кейін кезектесіп оқушылар оқиды. Оқыған кезде орфоэпияның сақталуына мән беріледі.

Бауыржан Момышұлының отбасы

 

Бауыржан Момышұлының ескерткіші. Астана

Бауыржан Момышұлының мұражайы

Дұрыс айт!

Жазылады: қаһарман Айтылады: [қахарман]

(Ө) Тыңдалым. Мәтін екі рет тыңдалады.

Интербелсенді тақтадан тыңдалым мәтініне қатысты суреттер беріліп отырады.

Суреттердің көмегімен сұрақтарға жауап береді:

• Бауыржан ата ұлының аты кім?

• Ол жазушы ма?

• Зейнеп Ахметова деген кім?

• Ол не жазған?

(Ұ, Ө) Жазылым. Оқушылар суреттердің орнына қажетті сөздерді қойып, Бауыржан Момышұлының нақыл сөздерін жазады. Құрмалас сөйлеммен берілген нақыл сөздерді табады.

Намысты -ға сатпа.

-ды қамыс, ерді намыс өлтіреді.

Ағаш көркі – , адам көркі – шүберек.

Отан үшін -қа түс, күймейсің.

– қорқақ, қол – батыр.

Дескриптор:

- сурет ретінде берілген сөздердің орнын дұрыс табады;

- жай сөйлем мен құрмалас сөйлемді ажыратады;

- сөйлемдерді қатесіз жазады.

Сергіту сәті «Арқаға сурет салу». Бұл ойында барлық әрекеттерді үнсіз жасау керек. Оқушылар екі топқа бөлініп, бірінің артынан екіншісі тұрып, сап түзейді. Мұғалім ең артында тұрған оқушыларға бір заттың атауы жазылған қағаз ұсынады (мәселен, алма, гүл, кітап, ағаш т.б). Тапсырма: соңында тұрған оқушы үндемей, алдында тұрған оқушының арқасына әлгі заттың суретін саусағымен салады. Арқасына сурет салынған оқушы алдында тұрғанның арқасына өзінің арқасына салынған затты салады. Суреттер салынып біткеннен кейін мұғалім соңғы оқушыдан арқасына салынған заттың атын сұрап, оны қағазда жазылғанмен салыстырады.

(Ж) Оқылым. Оқушылар мәтінді дауыстап оқиды.

Оқылымнан кейін мәтін мазмұнын қаншалықты түсінгендерін пысықтау үшін сұрақтар қойылады:

Бауыржан Момышұлы сурет салған ба?

Өзінің автопортреттерін салған ба?

– Бауыржан атаның тағы қандай өнері болған?

– Оның оюларын кім жинаған?

(МК, Ұ) Грамматикалық қоржын

Кесте бойынша грамматикаға қысқаша түсініктеме беру.

Кім? Қайда? Не істеген?

Б.Момышұлы соғысқа қатысқан

(Ө) Жазылым. Сөйлемдердегі сөздердің реттілігін сақтап, сөйлем құрап жазады. Дарынды оқушылар құрмалас сөйлемдер құрайды.

1. Батыр ұлдарының қазақтың Бауыржан Момышұлы – бірі.

2. Ұлы Отан ол қатысқан соғысына.

3. Деген атқа ие «Халық қаһарманы» болған.

4. Балуан және жазушы ол болған адам.

5. Көше бар Алматы қаласында Бауыржан Момышұлының атында.

6. «Жазушыға», «Ана тілін ардақта», «Досыма» оның соғыс уақытында жазған өлеңдері бар.

Дескриптор:

  • сөйлемдерді дұрыс құрайды;
  • қатесіз жазады;
  • алдыңғы сабақты естеріне түсіреді.

Әр оқушы өз бетінше жауап жазып болған соң, мұғалім дұрыс нұсқамен тексереді.

(Ж) Айтылым. Оқушыларға жағдаят ұсынылады:

Әмина әжей немересі – Батырханмен бірге Бауыржан Момышұлы ескерткішінің алдына суретке түсті. Екеуі Бауыржан Момышұлы туралы сөйлесті. Әмина әжей мен Батырхан не деуі мүмкін?

Оқушылар көршілерімен жұптасып: біреуі – Әмина әжей, екіншісі немересі Батырхан болып, өзара ауызша диалогке түседі. Диалогке керекті тірек сөздерді пайдаланады:

балуан

батыр

белгілі

Ұлы Отан соғысы

жазушы

ескерткіш

өлең

сурет салған

қаһарман

көше

ою

мұражай

Үлгі:

- Батырхан, бұл кімнің ескерткіші?

- Бұл Бауыржан Момышұлының ескерткіші.

- Бауыржан Момышұлы кім?

- Бауыржан Момышұлы батыр, жазушы.

- Ол туралы тағы не білесің?

- Ол қазақтың қаһарман ұлы, ол сурет те салған.

Дескриптор:

  • сұрақ қояды;
  • сұраққа жауап береді;
  • өз серігін тыңдап, диалог жүргізеді.

 

Сабақтың соңы

5 минут

Үй тапсырмасы: 6-тапсырма. Ғаламтор мен ақпарат құралдарын пайдаланып, Бауыржан Момышұлы туралы фотоколлаж дайындау. Фотоколлажды келесі сабақта сыныпта қорғау.

Рефлексия. «Сабақтан алған әсерім» стратегиясы. Оқушылар бір-бірін бағалау критерийлері арқылы бағалайды. Сабақты өте жақсы меңгерсе «жасыл алма», жақсы түсінсе «сары алма», ал түсініксіз болса, «қызыл алма» пішініндегі стикерді қалдырады.

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу