Жайлауда (жаз туралы). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Қазақ тілі Т2

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3-бөлім: Уақыт

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Жайлауда (жаз туралы)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.5 Тыңдау-көру материалдарының мазмұнын түсіну

3.1.5.1* тыңдаған фразаның алдындағы немесе кейінгі оқиғаны болжау

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: тыңдаған фразадан кейінгі оқиғаны болжап айтып бере алады.

Көпшілігі: тыңдаған фразаны талдап, өз ойын білдіре отырып жалғастырып айтып береді.

Кейбірі: тыңдаған фразадағы оқиғаға баға беріп, соңын дәлелдер келтіре отырып болжап айтып бере алады.

Бағалау критерийлері

тыңдаған фразадан кейінгі оқиғаны болжап айтып бере алады.

Лексикалық минимум

ерте

Грамматикалық минимум

Барады,ойнаймын, түседі (-а, -е, -й)

Құндылықтарды дарыту

Үлкендерге көмектесу, басқаның еңбегін бағалай отырып қоршаған ортаны құрметтеуге үйренеді

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, жаратылыстану, өзін-өзі тану.

АКТ қолдану дағдылары

таныстырылым

Бастапқы білім

- мәтіннің тақырыбын иллюстрация арқылы болжайды;

- мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздері, сөз тіркестері бойынша мазмұнын болжайды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Жағымды көңіл-күй қалыптастыру.

«Ыстық  алақан»

Оқушылар  бір-біріне ыстық  тілектерін білдіреді.

«Болжау» стратегиясы. Суреттер арқылы сабақтың тақырыбын, мазмұнын болжайды.

  • Суреттерде нені көріп тұрсың?
  • Бұл қай мезгіл?
  • Оны қандай белгілерге қарап білдіңдер?
  • Осы мезгілге дейін қандай мезгіл болды?
  • Кейін қандай мезгіл келеді?

Сабақтың мақсатын таныстыру.

* тыңдаған фразадан кейінгі оқиғаны болжап айтып береміз.

Сюжетті суреттер

Сабақтың ортасы

30 минут

(МК,Ұ) Жаңа сөзді меңгерту. Сөздермен сөз тіркестерін және сөйлемдер құру.

Ерте

Таңертен ерте тұру.

Жазда күн ерте шығады. Мен таңертен ерте тұрамын.

(Ө) Оқылым, жазылым. Мәтінді оқып, көп нүктенің орнына -а, -е, -й тиістісін қойып жаз.

Жазғы каникулда Арман мен Нұрлан атасы мен әжесінің

ауылына қыдырып бар...ды. Олар ерте тұр..ды, аталарына ауланы тазартуға көмект..седі. Арман мен Нұрлан түстен кейін атасымен көлге бар..ды. Балық аула...ды. Көл жағасында доп ойна..ды..

Бағалау критерийі:

- Тиісті жалғауларды дұрыс тауып қояды.

- Сауатты, көркем жазады.

- Бас әріп пен кіші әріптердің көлбеулігін сақтап жазады.

Тапсырма жеке орындалады. Топта бір-біріне оқып толықтырады.

«Диірмен» әдісі арқылы топтың жұмысы бағаланады.

(Т,Ұ) Тапсырма

Берілген үзіндіні мұқият тыңдайды. Мәтіннің басы мен соңғы

бөлігін болжайды. «Пирамиданың» сыртқы бөлігіне өз нұсқасын

жазады.

Біз суға шомылдық. Өзен жағасында доп ойнадық. Қайықпен

өзеннің екінші жағасына жүзіп бардық. Ол жақта бөтелкелер,

қағаз қалдықтары мен басқа да қоқыстар шашылып жатыр екен.

Біз ....

Топта талқылай отырып, «Пирамиданың» ортаңғы бөлігіне топпен

құрастырған нұсқаны жазып, мәтіннің мазмұнын айтады.

Дескритор:

  • оқиғаның басы мен соңын болжап жазады;
  • топта ортақ мәтін құрастырады;
  • мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды;
  • мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды.

Тапсырманы «Галерея» әдісімен бағалайды.

Кері байланыс: Не қиын болды? Не жеңіл болды?

Жыл мезгілдерінің

суреттері

Үнтаспа

Флипчарт, маркер

Сызба

Сабақтың соңы

5 минут

Үй тапсырмасы: «Жайлауда» тақырыбына 3-4 сөйлем құрастырып жазу.

Рефлексия

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу