Уақыт туралы. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, сабақ жоспары.


Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3-бөлім «Уақыт»

Күні:

Сынып: 3

1-сабақ

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Уақыт туралы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.1 Оқу түрлерін қолдану

3.3.1.1 мәтінді немесе оның бөлімдерін мәнерлеп оқу, шолып (танысу мақсатында) оқу/рөлге бөліп оқу

3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру

3.3.4.1 мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекетін нақтылау үшін сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру

5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)

3.​5.​1.​3 мұғалімнің қолдауымен шағын мәтіндегі етістіктің шақ, рай формаларын ауызша/жазбаша тілде қолдану

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы: оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді және мұғалімнің қолдауымен сұрақтарға жауап береді, сөйлеуде өткен шақты қолданады.

Оқушылардың көпшілігі:

тақырыпқа қатысты сұрақтар құрастырады, сөйлемді сәйкес интонациямен оқиды, сөйлемді өткен шақта дұрыс құрайды.

Оқушылардың кейбірі:

тақырып бойынша жоғары деңгейлі сұрақтар құрастырады, сөйлеу барысында бұрынғы өткен шақты дұрыс қолданады.

Бағалау критерийлері

  • мәтінді мәнерлеп оқиды;
  • тақырыпқа қатысты сұрақтар құрастырады;
  • бұрынғы өткен шақтың формасын дұрыс қолданады.

Лексикалық минимум

Уақыт, сағат

Грамматикалық минимум

Етістіктің бұрынғы өткен шақ формасы

Құндылықтарды дарыту

Уақытты пайдалы қолдана білу

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Power Point таныстырылымы

Бастапқы білім

2-бөлім. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

Тілді жаттықтыру.

Ойын: «Мен саған ... гүлін сыйлаймын»

Оқушылар шеңбер болып тұрады. Бір біріне өздері білетін сөздерді айтып, қағаз гүлді сыйға тартады.

Мысалы: Мен саған бақыт гүлін сыйлаймын, мен саған сәттілік гүлін сыйлаймын, мен саған әдептілік гүлін сыйлаймын, т.б.

Үй жұмысын тексеру

Қызығушылықты ояту

(Ұ) Сөздік қорды белсендіру

  • Жұмбақты оқы. Жауабын шеш.

Сартылдайды күнімен,

Сартылдайды түнімен.

Білгің келсе уақытты,

Көрсетеді тілімен.

  • Бұл не болуы мүмкін? (сағат)
  • Сағат сөзіне мағыналас сөзді ата (уақыт)

(Қимыл, дыбыс, мимика арқылы көрсету)

Сабақтың тақырыбын болжау

  • Сурет арқылы сабақтың тақырыбын болжа.
  • Сағат нені көрсетеді?
  • Бүгінгі сабақ не жайлы болады?

Сабақтың мақсатымен таныстыру

 Слайд

http://bilim-all.kz/puzzle?cat_id=118 уақыт туралы жұмбақтар

Сабақтың ортасы

25 мин

Мағынаны тану

Жаңа сөздер

(ЖЖ) Сөздерді сурет арқылы меңгерту.

Уақыт

сағат

Қолдау:

Уақыт – кезең, мезгіл

сағат – уақыт өлшемі, көрсеткіші

Грамматикалық қоржын

, МК) Етістіктің бұрынғы өткен шақ формасын қайтала.

Бұрынғы өткен шақ - іс-қимылдың жалпы болғанын көрсетеді.

Мысалы: барған, айтқан, барыпты.

1-тапсырма:

(Т) Суретті реттеп орналастыр. Әңгімеле.

  • Тірек сөздерді жаз.

Кері байланыс

Тапсырма қызықты болды ма? Неге?

Сергіту сәті

Таңертең – оянамыз, жуынамыз.Күндіз – ойнаймыз секіреміз.Кешке – мектептен ораламыз, теледидар көреміз.Түнде - ұйықтаймыз.

(Оқушылар дауыстап бірге айтады. Саусақ арқылы тізбектейді немесе қимыл арқылы көрсетеді)

2-тапсырма:

(ЖЖ) Мәтінді оқы. Кестені толтыр.

Уақытты сағатпен өлшейміз. Бір сағатта алпыс минут бар. Бір минутта алпыс секунд бар. Ертеде алғашқы сағаттар Қытай елінде пайда болған. Қазіргі кезде сағат түрлері көп. Мысалы, күн сағаты, құм сағаты, жар сағаты, қол сағаты. Сағат арқылы уақытты дәл айтуға болады.

Атауы

Тарихы

Түрлері

Пайдасы

Қосымша ақпарат

  • Кестеге қарап мазмұнын айт.

Кері байланыс

Кестенің пайдасы болды ма? Неге?

3-тапсырма:

) Мәтін бойынша сұрақ қой. Етістіктің бұрынғы өткен шақ формасын қолдан.

Қолданатын сұрақтар: қандай? қай? қашан? қайда?

Үлгі: Ертеде қандай сағат түрлері болған?

Дескриптор:

  • мәтінге қатысты сұрақтар құрастырады;
  • сөйлемдерді бұрынғы өткен шақта қолданады.

Бағалау:

«Бас бармақ» арқылы бағалайды.

Кері байланыс

Тапсырма қиын болды ма? Неге?

Дифференциация:

қабылдау деңгейі орташа оқушылар оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді және мұғалімнің қолдауымен сұрақтарға жауап береді.

қабылдау деңгейі жоғары оқушылар тақырып бойынша жоғары деңгейлі сұрақтар құрастырады, сөйлеу барысында бұрынғы өткен шақты дұрыс қолданады.

 Слайд

Үлестірмелі қағаздар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 https://www.google.kz/

 уақыт туралы суреттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

Бас бармақ – неден қиналдым?

Балаң үйрек – кімге көмектестім?

Ортан терек – көңіл күйім қандай болды?

Шылдыр шүмек – қандай жетістікке қол жеткіздім?

Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?

Бағалау

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады.

Үй жұмысы

Сенің үйінде қандай сағат түрлері бар? (әңгімеле)

 Слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады.

Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу