Уақыт неге зымырайды? Қазақ тілі (орыс сыныбы), 7 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Сабақ : № 13

Мектеп: Қарағанды қ. ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалім: Жусупова А.А., Омирбекова Д.Ш.

Сынып: 7L2

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Уақыт неге зымырайды?

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

ТБ1. Сөз таптары

7.ТБ1.2. Салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайлардың қызметін білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану.

Сабақ мақсаты:

Оқушылардың барлығы

Құрылымы сақталмаған

Ой тұжырымдар тізбегі келтірілген.

Шырай түрлеріндегі 4 сын есім қолданған

Елеулі грамматикалық қателер

Оқушылардың көпшілігі

Құрылымы анық емес (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды)

Идея аргументтері әлсіз.

Шырай түрлеріндегі 7 сын есім қолданған

Грамматикалық қателер

Оқушылардың кейбірі

Құрылымы анық (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды)

Идеясының аргументтері дәлеледі.

Шырай түрлеріндегі 10 сын есім қолданған

Елеусіз грамматикалық қателер.

Құндылықтарды игерту:

Өзіне және өзгелерге құрмет мұғалім мен оқушылардың бір-бірімен амандасуында, сыпайы, ойын ашық білдіріп, тыңдауда, сабақты уақытында бастап, аяқтауда, тапсырмаларды нұсқалық бойынша орындауда, бір-біріне қолдау көрсетуінде көрініс табады. Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік уақытты пайдамен өткізу қажеттігін түсіну арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу қағидасы ақпаратты өздігінен табу, сабақ мақсатын білуде, кері байланыс беруде, рефлексия жасауда, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады. Ашықтық оқушыларға ақпаратты алуында бірдей мүмкіндіктер беруде, сабақ мақсатын бірге құрастыруда, бағалау мен кері байланыс беруде, бірнеше көзқарастың бар екенін түсінуде орын алады. Еңбексүйгіштік жұмыс орынын таза сақтауда, оқушылардың белсенді жұмысында, ал шығармашылық жаңа идеяларды ұсынуда көрініс табады.

Пәнаралық байланыс:

Әлеуметтану

АКТ-ны қолдану дағдылары:

PowerPoint таныстырылымы

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар:

Тұрақты тіркестермен танысып, мағынасын ашады.

Пән лексикасы және терминология:

Арнайы сөздік берілген.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Мәтінде «_______» туралы ақпарат берілген. Идеясы «________» жайлы мысалмен дәлелденген. Менің ойымша, эссе ______ жазылған. Себебі _______________ .

Осыған дейін меңгерілген білім

«Күн тәртібі – уақыт тиімділігін арттыру кепілі» тақырыбында презентация дайындалды.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақ басы

5 мин

Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл.

Сурет бойынша лексикалық тақырыпты болжайды.

Тақырыпқа ену үшін сұрақтарды жұпта талдайды:

Жағажайда демалу кезіндегі 30 минутыңыз қалай өтеді?

Аяз күні аялдамада тұрғандағы 30 минутыңыз қалай өтеді?

Екі жағдайдың айырмашылығы неде деп ойлайсыз?

Сіз уақыттың қалай өткенін қалар едіңіз?

Қуанышта үлкен жетістікке жету үшін не істеу керек деп ойлайсыз?

Оқу мақсатымен, тілдік мақсатпен танысады;

Жетістік критерийлерін болжайды;

Жетістік критерийлерімен танысады.

Слайд 1-5

Сабақ ортасы

5 минут

20 минут

5 минут

Тапсырма №1:

Жай шырайды өзге формаларын өзгеріп жазыңыз.

«Қар кесегі» әдісі бойынша тексеріңіз.

Тапсырма №2:

«Уақыт зымырайды» деген тақырыпта эссе жазыңыз.

Тапсырма №3:

«Қар кесегі» әдісі бойынша жұпта, топта, сыныпта оқып, ең жақсысын таңдаңыз.

Слайд 6

Сабақ соңы

5 мин

Рефлексия. Оқушылар қиық қағаздарға жазып береді.

Сабақта маған не пайдалы болды?Сабақта маған не қызықты болды?Сабақта маған не қиын болды?

Слайд 7

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциация үш түрде іске асады:

1- үлгерімі төмен оқушыларға қолдау жұптық жұмыста үлгерімі жақсы оқушылар тарапынан көрсетіледі.

2 –оқушылардың тапсырмасынан күтілетін нәтиже дифференциацияланған.

Оқушылар бір-бірін дискрипторлар тұсына «+» белгісін қоя отырып, бағалайды. Сол арқылы кері байланыс беріледі.

Сабақ философияға қатысты болғандықтан, белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Сабақта оқушылардың өміріне қауіпті ештеңе пайдаланылмайды. PowerPoint таныстырылымы, аудиофайл тыңдау үшін компьютер қолданылады.

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады.

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2..

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу