Уақыт көлігі. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

  • Пән: Қазақ тілі
  • Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8 Болашаққа саяхат
  • Күні:
  • Сынып:
  • Мектеп:
  • Мұғалімнің аты-жөні:
  • Қатысқандар саны:
  • Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Уақыт көлігі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.3.1 тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру /сөйлемді толықтыру

4.2.4.1 жоспар/ жазбаларын қолданып, мәтінді толық мазмұндау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен мәтінді іштей, түсініп және қажетті ақпаратты тауып оқиды, оқыған материалдың мазмұнын дайын жоспар негізінде жазады.

Көптеген оқушылар мәтінді іштей, түсініп және қажетті ақпаратты тауып оқиды, оқыған материалдың мазмұнын дайын жоспар негізінде жазады.

Кейбір оқушылар мәтінді іштей, түсініп және барлық қажетті ақпаратты тауып оқиды, оқыған материалдың мазмұнын дайын жоспар негізінде жүйелі жазады.

Бағалау критерийлері

Мәтіннен қажетті ақпаратты тауып оқиды.

Жоспарға сүйеніп мәтін мазмұнын жазады.

Тілдік мақсаттар

Болашақ, қатысу, армандау, меңгеру, шетел, шет тілі, озық, бірнеше, шаршау, жеңілдету, орындау, келешек, аспалы, көпір, пішін, жақында

Құндылықтардыдарыту

Ынтымақтастық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Болашақтағы өзгерістер туралы әңгімелей алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

(Ұ) Қызығушылықты ояту.

«Сөйлемдер тізбегі» Оқушылар мәтін бойынша бір сөйлемнен айтып тізбек жасайды. Тізбекке қатыса алмаған оқушы тізбектегі барлық сөйлемдерді қайталайды.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Сабақтың ортасы

5 мин

10 мин

2 мин

12 мин

(Ж) «Сыңарын тап!» Оқушылар сөз тіркестерін дұрыс құрастырады. Тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен танысады. Сөйлемдер құрастырады.

үйлердің

қатты

озық

өзгереді

көпір

пішіні

аспалы

технология

(Ө,Ж) «Тыңда, біл». Оқушылар мәтінді тыңдап, тапсырмалар орындайды. Жұпта жасаған жұмыстарымен бөліседі, тексереді.

Әлихан өзінің досы Томпақпен уақыт көлігімен болашаққа саяхаттады.

Әлихан: Болашақ қалалар қандай әдемі! Жаныма жақындап қарашы. Әсіресе шыныдан жасалған үйлер сондай керемет!

Томпақ: Иә, қалалар қатты өзгереді. Үйлердің пішіні де әртүрлі. Дөңгелек, үшбұрыш үйлерді қарашы! Қалалар дамып жатыр. Ақылды үйлер көп. Роботтар адамдардың өмірін жеңілдетеді.

Әлихан: Мынау мектеп қой? Пішіні ерекше екен.

Томпақ: Иә, бұл – мектеп. Мектептер озық технологиямен жабдықталған. Балалар бірнеше тілді меңгереді.

Әлихан: Мына көпірді қара! Қандай ұзын!

Томпақ: Қалаларда аспалы көпірлер көп. Болашақтың көліктері аспалы көпірлермен жүреді.

Әлихан: Болашақта қалалар көп өзгереді екен.

  • Мәтін не туралы?
  • Болашақта қалалар қалай өзгереді?
  • Мәтін бойынша сөйлемдерді аяқтап жаз.
  • Болашақта үйлердің пішіні ...........
  • Мектептер ............
  • Болашақта көліктер ..........

Дескриптор:

  • мәтін тақырыбын ажыратады;
  • мәтін бойынша сұраққа жауап береді;
  • мәтін бойынша сөйлемдерді толықтырады.

Кері байланыс. «Бағдаршам» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.

Жасыл түс – жеңіл болды

Сары түс – аздап қиын болды

Қызыл түс – қиын болды

(Ө) «Ойлан, айт» Оқушылар мәтін мазмұнын дайын жоспар негізінде мазмұндайды. Қабылдау деңгейі орташа оқушыларға тірек сөздер ұсынылады.

Жоспар:

  • Болашақтағы үйлер
  • Болашақтағы мектептер
  • Аспалы көпірлер

Дескриптор:

  • мәтін мазмұнын дұрыс айтады;
  • сөйлемдерді дұрыс құрастырады;
  • бас әріп пен тыныс белгілерін қолданады;
  • сауатты сөйлейді.

Сабақтың соңы

5 мин

«Аяқталмаған сөйлемдер» арқылы сабақтағы жұмысын қорытындылайды.

  • Мен бүгін .................. туралы білдім.
  • Маған бүгін .................

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақбойынша рефлексия

Жалпыбаға

Сабақтың жақсыөткенекіаспектісі (оқытутуралы да, оқутуралыдаойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу