Уақыт көлігі. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, презентация.
8-бөлім. Болашаққа саяхат
Сабақтың тақырыбы:
«Уақыт көлігі»
Сабақтың оқу мақсаты:
4.4.2.1* оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын дайын жоспар негізінде жазу
4.4.3.1* сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің тыныс белгісін (үтір, қос нүкте)/қаратпа сөзден кейінгі сөйлемнің тиісті тыныс белгілерін қолдану
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар: Мәтінді оқып, тірек сөздерді табады, сұрақтарға жауап береді.
Оқушылардың басым бөлігі: Өлеңді тыңдап, болашақ қала туралы өз ойын айтады.
Кейбір оқушылар: Берілген сөздер бойынша лепті сөйлемдер құрастырады.
Бағалау критерийлері
Дескриптор:Сұрақтарға жауап береді, тақырыпты болжайды.
Мәтінді оқып, тірек сөздерді табады, сұрақтарға жауап береді.
Өлеңді тыңдап, болашақ қала туралы өз ойын айтады.
Берілген сөздер бойынша лепті сөйлемдер құрастырады.
Көпір - мост,
Даму - развитие, өзгеру - меняться, келесі - следующий
Сендердің осындай ұшатын көліктерің болса, не істер едіңдер?
1-тапсырма. Мәтінді оқып, тірек сөздерді табыңдар. Сұрақтарға жауап беріңдер.
Әлихан уақыт көлігімен қайда саяхаттады?
Әлихан кіммен саяхаттады?
Болашақ қалалар қандай болады екен?
Тірек сөздер: .......................................................................................................................................................................................................................................................................................................
Көпір – өзеннен, жолдан өтуге арналған құрылыс.
Даму – жаңару, ілгерілеу.
Сөзмаржан
2-тапсырма: Өлеңді тыңдаңдар. Болашақ қала туралы қай өлеңде айтылған?
Жұптық жұмыс
Болашақтың ұрпағы,
Зәулім қала салады.
Пішіні де өзгерген,
Ақылды үйлер болады.
Болашаққа бастаған,
Шарықтайды асқақ ән.
Елордасы Отанның
Мақтанышым – Астанам!
3-тапсырма. Берілген сөздерден лепті сөйлем құрастыр.
Көпірлер, ұзын, қандай, қарашы, аспалы.
Дамып жатыр, қалалар, әсем, қандай.
Қала, болашақ, болады, ерекше.
4-тапсырма. Қай кезеңді сипаттайды?
Ғажайып зәулім қалалар салынады.
Аспалы көпірлер көбейеді.
Үйлердің пішіні өзгереді.
Ақылды үйлер болады.
Шығу парағы
Қандай жаңа тіркестерді меңгердің?
Рефлексия
Сабақта қай тапсырмалар күрделі болды?
Саған кім көмектесті?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?