Жайлауда (жаз туралы). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 3 сынып, дидактикалық материал.


 

 

 Мұғалімге арналған нұсқаулық

 

 Сабақтың тақырыбы: Жайлауда

 

 Сабақтың мақсаты:

 1.5 Тыңдау-көру материалдарының мазмұнын түсіну

 3.1.5.1* тыңдаған фразаның алдындағы немесе кейінгі оқиғаны болжау

 

 Сабаққа қажетті құралдар:

 Сабақты жоспарлау кезінде әр сыныптың ерекшеліктерін басшылыққа алуды ұмытпаңыз. Аймақтың ерекшелігіне, тілдік ортаға, сыныптың деңгейіне қарай тапсырмаларды күрделендіруге немесе жеңілдетуге болады. Сыныптағы оқушылардың қажеттіліктерін (аудиал, визуал, кинестетик) ескере отырып, саралау тапсырмаларын беру керек. Әр оқушының қай баспалдақта тұрғанын нақты анықтап алған соң, оның ілгерілеуі үшін не істеу керектігін білген өте маңызды. Қолдауды қажет ететін оқушыларды үнемі қадағалауда ұстап, қолдау көрсетіп отырыңыз. Ал қабылдау деңгейлері жоғары оқушылардың бір орында қалып қоймай, дамуына жағдай жасаңыз.

 Сабаққа қажет ресурстарды алдын-ала дайындап, қажетіне қарай бейімдеңіз. Оқушылардың қызығушылықтарын, жас ерекшеліктерін ескеріңіз. Ең басты міндет- мақсатқа жету.

 Жағымды көңіл-күй қалыптастыру. «Ыстық  алақан»

 Оқушылар  бір-біріне ыстық  тілектерін білдіреді. Мен бәріңе денсаулық тілеймін! Мен бәріңе қуаныш тілеймін! және т.б. Бұл тәсіл сабақтың ең басында жылы тілектер айту арқылы біріншіден, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға, екіншіден, сөздік қорларын молайтуға көмектеседі.

 Сабақтың тақырыбы мен мақсаты. Жаңа тарауды бастайтындықтан, суреттер көрсету арқылы тараудың мазмұнына болжау жасатыңыз. Өйткені болжату арқылы баланың сыни ойлау дағдысын да дамыта аласыз. Сабақтың тақырыбын оқушылардың өздері табу үшін суреттерді көрсету арқылы жетелеуші сұрақтар қойыңыз . Әр сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбымен, мақсаттарын оқушыларға түсінікті тілмен жеткізуі керек. Оқушы осы сабақта нені білу керектігін жақсы түсінуі керек. Сабақ барысында қажетіне қарай сабақ мақсаттарын оқушылардың естеріне түсіріп отырыңыз.

 Жаңа сөздерді меңгерту. Жаңа сөздерді меңгерту сабақтың ең маңызды кезеңі. Сөздерді меңгертуде сөздің аудармасын айтпай, суреттерді, мағыналас сөздерді, қарсы мәндес сөздерді, қимыл, ым-шараны қолданыңыз. Сөздердің мағынасын түсінгеннен кейін оқушылардың өздеріне сөз тіркестерін, сөйлемдер құруларына мүмкіндік беріңіз. Оқушылардың ойлануына уақыт беріп, жауап беруге деген талпыныстарын үнемі қолдап отырыңыз. «Жоқ, дұрыс емес!», «Қате!» деген сөздер айтудан аулақ болыңыз. Баланың ынтасын жоғалтып алмау керектігін үнемі есте сақтаңыз. Сондай-ақ жаңа сөздерді оқушы сабақтың барлық кезеңдерінде қолдануына мән беріп отырыңыз. «Сөйлеу қабырғалары» бірнеше сабақ бойы оқушыларға көмек болу үшін, үлкен ақ парақтарға жазып іліп қойыңыз. Оқушылар арасындағы қарым-қатынас, өзгелерге көмек, мейірімділік, ұқыптылық, әдептілік, еңбекқорлық туралы өлең мен әңгімелердің жақсы топтамасын дайындаңыз.

  Бөлім ілгерілеген сайын тақырыпқа қатысты сөздік қор мен фразаларды тізімге қосыңыз. Оқушыларға қолдану үшін сөздік қорды көрсетіп, іліп қойыңыз. Сөздерді меңгергеннен кейін алдағы сабақтарда да сол сөздерді қолданыстарына енгізгендері маңызды.

 Оқылым. Жазылым. Оқушылардың алдына мәтінді үлестіріп беріңіз немесе интербелсенді тақтадан көрсетіңіз. Алдымен мәтінді әркім өзі оқып танысқаннан кейін, көп нүктенің орнына -а, -е, -й тиістісін қойып жазады. Содан кейін топта бір-біріне оқып толықтырады. Бұл тапсырмаға оқушыларға кері байланыс бергізуге болады. «Диірмен» әдісі арқылы топтың жұмысы бағаланады.

 Тыңдалым. Мәтінді алдын-ала аудиожазбаға жазып алыңыз, ондай жағдай болмаса, өзіңіз оқып беріңіз. Дегенмен де аудиожазбадан тыңдап үйренгендері дұрыс. Тыңдалымның алдында мәтінде оқушыларға таныс емес сөздер болған жағдайда (1-2 сөз), міндетті түрде түсінік беру керек. Одан кейін тыңдалымға дайындау үшін тақырыпқа сай 1-2 сұрақ қойып, ой шақырған дұрыс. Бұл оқушылардың тілін дамытуға және ойларын жинақтауға ықпал етеді. Мәтінді 2 рет тыңдатыңыз. Алдын-ала дескриптормен таныстырыңыз. Одан кейін мәтіннің басы мен соңғы бөлігін болжайды. «Пирамиданың» сыртқы бөлігіне өз нұсқасын жазады. Топта талқылай отырып, «Пирамиданың» ортаңғы бөлігіне топпен құрастырған нұсқаны жазып, мәтіннің мазмұнын айтады. Тапсырманы «Галерея» әдісімен бағалайды. Бұл оқушылардың есте сақтау, сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Жұмыстың соңында топтар тақтада көрсетілген критерий бойынша бір-бірін бағалайды. Топқа бөлгенде, қабілеттері әртүрлі оқушыларды бірге отырғызыңыз. Қабылдау деңгейі жоғары оқушы жұбына қолдау көрсеткенін қадағалаңыз. Бір-біріне айтып жатқан уақытта, осы сабақта өзіңіз көздеген бір-екі жұптың қастарына барып тыңдаңыз. Өз дәптеріңізге қай оқушының неден қиналып отырғанын тіркеп отырыңыз. Бұл келесі сабақты жоспарлағанда өзіңізге қажет. Сол оқушылардың ілгерілеуіне ықпал ететін тапсырма дайындаңыз. Соңында «Не қиын болды?», «Не жеңіл болды?» деген сұрақтар қою арқылы кері байланыс жүргізіледі.

 Рефлексия, үй жұмысы.

  Сабақты бекіту кезеңінде оқушыларға бағдаршамның суреті салынған таратпа қазадар беріңіз, түсініктемесі тақтадан көрсетіледі және мұғалім өзі де айтып кеткені дұрыс.

  •  Егер сабақ ұнаса және тапсырмалардың барлығын сәтті орындаған болса, жасыл түсті көтереді.
  •  Егер сабақта белгілі бір қиындықты кездестірген болса, сары түсті көтереді.
  •  Егер сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, желкенді қызыл түсті көтереді.

 Сабақ соңында үй тапсырмасының қалай орындалатынына қысқаша түсінік беріңіз.

 

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу