Мамандық туралы. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 4 сынып, дидактикалық материал.


Тыңдалымалды тапсырма:

Сөздік жұмыс:

Мамандық – шаруа, айналысатын іс, ермек.

Түрі – категория.

(МК,Ұ) Жаңа сөзді меңгерту

Асты кім әзірлейді?Сабақты кім береді?Көйлекті кім тігеді?Ауруды кім емдейді?Үйлерді кім салады?Шашты кім қияды?

Осы сөздерді бір атаумен қалай атаймыз?

Ма-ман-дық.

Оқушылар жаңа сөзді бірнеше рет топпен жұппен, қатармен қайталап айтады.

Тыңдалым тапсырмасы:

(Ұ) «Кел, тамашалайық»

Оқушылардың назарына бейнематериал ұсынылады. Олар тыңдалым материалы мазмұнына мұғалім ұсынған суреттердің қайсысы сәйкес келетінін анықтайды.

Мұғалім мульфильмнің мазмұны бойынша сұрақтар қояды:

- Мамандық дегенді қалай түсінесіңдер?

- Бір адамның мамандықтың бірнеше түрін игеруіне бола ма?

- Мамандықтың қай түрлерін қатар істеуге болады?

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:

(Т) «Сөйлем құрастырайық»

Оқушылар ұсынылған суреттермен танысып, сол сөздерді қатыстырып, сөйлем құрайды:

1. Мамандық әр түрлі болады.

2. Дәрігер емдейді.

3. Жүргізуші көлік жүргізеді.

4. Мұғалім бала оқытады.

5. Құрылысшы үй салады.

6. Мамандықты дұрыс таңда.

Дифференциация:

Қабілеті жоғары оқушылар тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді және суретке қарап сөйлемдер құрастырады.

Қабілеті төмендеу оқушылар тыңдаған материалдың мазмұны түсінеді және сұрақтарға жауап береді.

Дескриптор:

  • мәтін бойынша сұраққа жауап береді;
  • мәтін бойынша сөйлемдер құрастырады.

Кері байланыс. «Бағдаршам» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.

Жасыл түс – жеңіл болды

Сары түс – аздап қиын болды

Қызыл түс – қиын болды

(Ө) «Ойлан, жаз» Оқушылар тақырып бойынша өздері ұнататын мамандық туралы бірнеше сөйлемдер жазады. Қабылдау деңгейі орташа оқушыларға тірек сөздер ұсынылады.

Дескриптор:

  • сөйлемдерді дұрыс құрастырады;
  • бас әріп пен тыныс белгілерін қолданады;

сауатты жазады.

«Балапан және оның достары» Досы көпті жау алмас! Мамандық туралы

мультфильм

https://www.youtube.com/watch?v=dKGGzC1byLc



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу