Ауа райы туралы сипаттау мәтінін жазуға идеялар жинау (1-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі (Т2)

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7. Қоршаған орта

Күні:

Сынып: 2 С

Мектеп: Көкшетау қ. ФМБ НЗМ

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ауа райы туралы сипаттау мәтінін жазуға идеялар жинау (1-сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.4.1.1 заттың сынын білдіретін сөздерді қолдана отырып, берілген иллюстрация бойынша өзара байланысқан сөйлем (3 сөйлемнен кем емес) / сөйлемді суретпен толықтырып жазу/ постер құрастыру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: заттың сынын білдіретін сөздерді қолдана отырып, сөйлемдер жазады.

Көптеген оқушылар: заттың сынын білдіретін сөздерді қолдана отырып, өзара байланысқан сөйлем жазады.

Кейбір оқушылар: заттың сынын білдіретін сөздерді қолдана отырып, өзара байланысқан сөйлемдерді жүйелі жазады.

Бағалау критерийлері

Өзара байланысқан сөйлемдер жазады.

Тілдік мақсаттар

Ауа райы, күн ашық, күн боранды, күн желді, күн салқын, күн жаңбырлы, киім, кию керек

Құндылықтарды дарыту

Құрмет көрсету

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Кез келген жыл мезгілінің бір күндік ауа райын айта алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

(Ұ) Қызығушылықты ояту. «Диктор уақыты». Оқушылар берілген шаблонға сүйеніп, күнмен, ауа райымен таныстырады.

  • бүгін нешесі?
  • бүгін қай күн? (дүйсенбі, т.б.)
  • ауа райы қандай?

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Сабақтың ортасы

5 мин

15 мин

3 мин

10 мин

(Ұ) «Қатесін тап». Оқушылар берілген суреттерге қарап, суреттерде ненің дұрыс емес екенін айтады.

Тапсырманың мақсаты – оқушылардың сыни ойлауын дамыту.

(Ж) «Карусель» ойыны. Оқушылар өздерінің заттары арқылы жұптарға бөлінеді. Әр топ сағаттың тілімен қозғала отырып, берілген сөйлемді толықтырып жазып отырады.

Оқушыларға көмек ретінде киім атаулары суреттерімен ілініп тұрады. Әр жұп бір рет көмекке жүгіне алады.

  • Күн жаңбырлы, сондықтан ................... кию керек.
  • Бүгін күн ыстық, сондықтан ............... кию керек.
  • Бүн боранды, сондықтан .................... кию керек.
  • Күн салқын, сондықтан ................... кию керек.
  • Күн желді, сондықтан ....................... кию керек.
  • қолғап
  • тон
  • жылы етік
  • бөкебай
  • жылы бас киім
  • пальто
  • куртка
  • бәтеңке
  • жемпір
  • етік
  • көйлек
  • қалпақ
  • жеңіл аяқ киім
  • шолақ шалбар
  • футболка

Тапсырманың мақсаты – оқушылардың айтылым дағдысын дамыту.

Кері байланыс. «Бағдаршам» арқылы жұмысына кері байланыс жасайды.

Жасыл түс – жеңіл болды

Сары түс – аздап қиын болды

Қызыл түс – қиын болды.

(Ө) «Мен білемін!» Оқушылар тапсырмаларды орындайды. Тапсырмалар қиындық деңгейіне сай ажыратылған. Қай деңгейді орындайтынын оқушы өзі таңдайды.

Тапсырманың мақсаты – оқушылардың жазылым дағдысын дамыту.

ІІІ ДЕҢГЕЙ. Сөйлемді аяқтап жаз.

Бүгін күн бұлтты, сондықтан ....................... кию керек.

Бүгін күн жаңбырлы, сондықтан ................... кию керек.

Кешке күн .......... болады, сондықтан ........... кию керек.

ІІ ДЕҢГЕЙ. Мәтінді толықтырып жаз.

Қазір .............. мезгілі. Таңертең .....................Күндіз ...............Ал кешке .......................... Бүгін ...........................кию керек.

І ДЕҢГЕЙ. Бір күннің ауа райын және қандай киім кию керек екенін жаз.

Дескриптор:

  • ауа райын дұрыс жазады;
  • ауа райына қатысты киімді дұрыс анықтайды;
  • қатесіз жазды.

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия. «Жетістік баспалдағы» арқылы сабақтағы жұмысын қорытындылайды.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу