Ауа райы туралы сипаттау мәтінін жазуға идеялар жинау (2-сабақ). Қазақ тілі (орыс сыныбы), 2 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі (Т2)

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7. Қоршаған орта

Күні:

Сынып: 2 С

Мектеп: Көкшетау қ. ФМБ НЗМ

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ауа райы туралы сипаттау мәтінін жазуға идеялар жинау (2-сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.4.1.1 заттың сынын білдіретін сөздерді қолдана отырып, берілген иллюстрация бойынша өзара байланысқан сөйлем (3 сөйлемнен кем емес)/ сөйлемді суретпен толықтырып жазу/ постер құрастыру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: заттың сынын білдіретін сөздерді қолдана отырып, мұғалімнің көмегімен өзара байланысқан сөйлем жазу

Көптеген оқушылар: заттың сынын білдіретін сөздерді қолдана отырып, өзара байланысқан сөйлем жазу

Кейбір оқушылар: заттың сынын білдіретін сөздерді қолдана отырып, өзара байланысқан сөйлемдерді еркін жазу

Бағалау критерийлері

Өзара байланысқан сөйлемдер жазады.

Тілдік мақсаттар

Ауа райы, күн ашық, шуақты, күн бұлтты, жел соғады, жаңбыр жауады, найзағай жарқырайды

Құндылықтарды дарыту

Құрмет көрсету

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Ауа райына байланысты қандай киім кию керектігін айта алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

(Ұ) Қызығушылықты ояту. «Диктор уақыты». Оқушылар берілген шаблонға сүйеніп, күнмен, ауа райымен таныстырады.

  • бүгін нешесі?
  • бүгін қай күн? (дүйсенбі, т.б.)
  • ауа райы қандай?

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Сабақтың ортасы

7 мин

10 мин

3 мин

10 мин

(Ұ) «Сағаттың тілімен» ойыны. Оқушылар сөздерді айнала жүріп, әуен тоқтаған кезде қасындағы сөзбен сөйлем құрастырып айтады.

Тапсырманың мақсаты – оқушылардың айтылым дағдысын дамыту, сөздермен сөйлем құрастыру дағдысын жетілдіру.

  • таңертең
  • кеше
  • кешке
  • күндіз
  • түнде
  • ертең
  • салқын
  • кию керек
  • жаңбырлы
  • боранды

(Ж) LearningApps бағдарламасымен жұмыс. Оқушылар сөйлемдерді оқып, бос орынға тиісті сөзді қояды. Өзін-өзі тексереді.

Тапсырманың мақсаты – оқушылардың оқылым дағдысын дамыту, сөздердің жазылуына назарын аудару.

Кері байланыс. «Бағдаршам» арқылы жұмысына кері байланыс жасайды.

Жасыл түс – жеңіл болды

Сары түс – аздап қиын болды

Қызыл түс – қиын болды.

(Ө) «Мен білемін!» Оқушылар берілген тапсырмалардың біреуін таңдап орындайды. Тапсырмалар қиындық деңгейіне сай сараланған.

Тапсырманың мақсаты – оқушылардың жазылым дағдысын дамыту.

ІІІ ДЕҢГЕЙ. Сөйлемдерді аяқтап жаз.

  • Бүгін күн ыстық, сондықтан ......................
  • Бүгін ............................, сондықтан жылы киім кию керек.
  • Ертең боран соғады, .........................................................
  • Ертең ................, сондықтан ..........................................

ІІ ДЕҢГЕЙ. «Адасқан сөздер». Сөйлемдерді дұрыс құрастырып жаз.

  • ертең / жауады / соғады / қар / боран / және
  • ыстық / кию керек / күн / болады / жеңіл киім / сондықтан
  • ал / күн / күндіз / болады / кешке / болады / бұлтты / салқын
  • кеше / қар / жауды / жаңбыр / жауады / ал / ертең

І ДЕҢГЕЙ. Берілген сөздермен сөйлем құрастырып жаз.

Киім, ыстық, кеше, ертең

Дескриптор:

  • сөйлемдерді дұрыс құрастырады;
  • сөйлемдерді бас әріптен бастап жазады;
  • сөйлем соңына тиісті тыныс белгісін қояды;
  • әдемі және қатесіз жазады.

https://learningapps.org/3460556

Сабақтың соңы

7 мин

Рефлексия. «Жетістік баспалдағы» арқылы сабақтағы жұмысын қорытындылайды.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу