Кешке арналған айырықша ас мәзірі – оқылым №2. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзім жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7-бөлім: Тамақ жне сусын

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Кушерова Л.К.

Күні:

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Кешке арналған айырықша ас мәзірі – оқылым №2

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1 Зейін қойып оқу

1.3.1.1 Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді.

2.4 Диалогке қатысу

1.2.4.1 Анық әрі айқын сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсетеді.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды. Анық сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсетеді.

Көбі: Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді. Анық әрі айқын сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсетеді.

Кейбірі: Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды, сөздердің мағынасын түсінеді және оларды сөйлемде қолдана алады. Өз ойларын нақты сұрақтарға анық әрі айқын айту арқылы мәселені түсінгенін көрсетеді.

Жетістік критерийлері

Оқылым.

Таныс сөздерді буындап дұрыс оқиды және мағынасын түсіндіре алады.

Айтылым.

Мәселені түсінгенін анық әрі айқын сөйлеу арқылы көрсете алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Анам бауырсақ, шелпек, ақ нан пісірді. Дастарқанға бесбармақ, құрт, қант, кәмпит, сары май, торт қойдық. Балалар кока-кола ішті, ал үлкендер ыстық шай ішті.

Құндылықтарды дарыту

Үлкендерді құрметтеуге, сыпайы болуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Сауат ашу сабағы, Ғылымға кіріспе

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылым

Бастапқы білім

Кешке арналған айырықша ас мәзірі – оқылым №1

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ертеңгілік шеңбері

(Ұ) Оқушылар шеңберге тұрады. Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды.

- Балалар, 22 наурыз күні мейрамында әжелер, аналар қандай тамақ жасады?

- Наурыз көже. Өте жақсы.

-Наурыз көжеге қандай тағамдар салды? Білесіңдер ме?

-Иә, білеміз.

-Наурыз көжеде қанша тағам болу керек?

-Жеті.

Онда галереяны аралап наурыз көжеге салатын тағамдарды

тауып әкеліп тақтада ілініп тұрған қазанға салыңдар. (су, сурленген ет, тары, кеспе, бидай, айран, тұз; сүт, жұмыртқа, шұжық, май, нан, ірімшік)

  • Наурыз көже наурыз мейрамында дайындалатын тамақ.
  • Бүгінгі сабақтың тақырыбы:

«Кешке арналған айырықша ас мәзірі – оқылым»

  • Бүгінгі сабақтың оқу мақсаты:
  • Тамақ және сусын атауларын буындап оқу;
  • Тамақ пен сусындардың айырмашылығын ажырата алу;
  • Тамақ және сусын туралы айтып үйрену.

(Тақтада оқушыларға арналған оқу мақсаты жазылады.) Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өту.

«Галереяны аралау» стратегиясын қолдану.

Қабырғаларда тамақтар мен сусындардың суреттерін іліп қою.

Тақтаға үлкен қазанның, әженің суретін іліп қою.

Сабақтың ортасы

5 минут

1 минут

2 минут

5 минут

1 минут

3 минут

2 минут

5 минут

1 минут

1 минут

2 минут

Мұғалім дауыстап мәтінді тақтадан оқиды.

Оқушылар зейін қойып тыңдайды.

  • Таныс емес сөздерді түсіндіріп кету.
  • Оқушылар мәтінді тізбекпен дауыстап бір-бір сөйлемнен оқиды.

Мерекелік дастарқан

Бүгін біздің үйде мереке. Ауылдан атам мен әжем наурыз мейрамын құттықтап келді. Біз дастарқан жайдық. Анам бауырсақ, шелпек, ақ нан пісірді. Дастарқанға бесбармақ, құрт, қант, кәмпит, сары май, торт қойдық. Балалар кока-кола ішті, ал үлкендер ыстық шай ішті. Атам мен әжем төрге отырды. Олар – құрметті қонақтар.

  • Ас дәмді болсын! – деді анам.
  • Рақмет! – дедік біз.
  • Оқушылар мәтінді оқып болған соң оку мақсатына назарларын аудару.
  • Мәтінде тамақ және сусын атауларын буындап оқи аламыз ба?
  • Иә. (оқушылар жауап береді)
  • Өте жақсы енді СЕРГІТУ СӘТІН орындаймыз.

Ас ішуге тұрайық.

Қолымызды жуайық.

Сабын, суды аямай,

Тазалықты ұғайық.

ДИФФЕРЕНЦИАЦИЯ:

Қабылдау деңгейі орташа оқушылар:

  • (Т) Топта бірігіп жасайды. Не? деген сұраққа жауап беретін тамақтардың және сусындардың атауларын қызыл түсті қарындашпен дөңгелектеп сызу.(Гарри, Алан, Эмин, Адина)

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар топта жұмыс істеген оқушыларды қолмен бағалайды.

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар:

Мәтін бойынша 6 оқушы жеке орындайтын тапсырмалар:

  • (Ж) Мәтінді тағы да оқып, Қандай? деген сұраққа жауап беретін тамақ және сусындарға қатысты сөздердің астын мәтінде сызу.

Оқушылар өзі - өздерін бағалайды. Мұғалім оқушылардан сұрайды мәтіннен кім 3 сөз жазды қолдарыңды көтеріңдер, кім 4 сөз, кім 5 сөз. Мұғалім дұрыс жауапты тақтадан көрсетеді.

(Ж) (ҚБ) «Ас мәзірі» деген ойын ойнау. Оқушылар мәтіннен берілген үзіндіні мұқият оқып, мәтінде берілген тамақтар мен сусындарды екіге бөліп ас мәзірін дайындайды. Оқушылар стақанда тұрған жалаушалардағы жазылған сөздерді оқып қажеттісін таңдап, тамақты бір бөлек, сусынды бір бөлек жинайды.

Мәтіннен үзіндіні хормен оқу:

Анам бауырсақ, шелпек, ақ нан пісірді. Дастарқанға бесбармақ, құрт, қант, кәмпит, сары май, торт қойдық. Балалар кока-кола ішті, ал үлкендер ыстық шай ішті.

ТАМАҚ:

СУСЫН:

Мұғалім дескрипторлар арқылы бағалайды.

Дескрипторлар

+ / -

1

Мәтінде бар тамақты таба алды. (9 сөз)

бауырсақ, шелпек, ақ нан, бесбармақ, құрт, қант, кәмпит, сары май, торт

2

Мәтінде бар сусынды таба алды. (2 сөз)

кока-кола, ыстық шай

Оқу мақсаттарына қайта оралу.

Мұғалім мәтінді қорытындылай келе, құндылықтарды дарыту мақсатында оқушыларға сұрақ қояды:

  • Неге атасы мен әжесі төрге отырды?
  • Себебі олар құрметті қонақтар.

Не? деген сұраққа жауап беретін тамақтардың және сусындардың атауларын қызыл түсті қарындашпен дөңгелектеп сызу.(Гарри, Алан, Эмин, Адина)

А3 қағазына мәтінді шығару

Қандай? деген сұрақтың жауабын қөк түсті қарындашпен дөңгелектеп сызу.

«Ас мәзірі» деген ойын ойнау.

Жалаушалар, сөздер, «Тамақ», «Сусын» деген жазуы бар стақандар

Сабақтың соңы

2 минут

4 минут

1 минут

Рефлексия

Оқушыларға үш түрлі суреттер беріледі. Үш суреттен біреуін таңдап алып, қаламмен дөңгелектеп белгілейді.

- толық түсіндім;

- сұрақтарым бар.

- түсінбедім;

Үй тапсырмасы: «Мерекелік дастарқан» мәтінін оқу.

Орнымыздан тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау-саламат болайық!

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушыларға мәтіннен тамақ және сусындардың атауларын тауып қызыл түсті қарындашпен белгілеу, ал көк түсті қарындашпен қандай деген сұраққа жауап беретін сөздерді белгілеу.

Бірнеше тапсырмаларды жоспарлау кезінде олардың бір-бірімен байланысты болуына баса назар аударамын. Мысалы, бірінші тапсырмада ақпарат берілсе, келесі тапсырманы сол алған ақпараттарды қолдануға құрамын.

Сауат ашу сабағы, Ғылымға кіріспе

Үлкендерді құрметтеуге, сыпайы болуға тәрбиелеу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
Пікір жазу