Ертегілер әлемінде. Қожанасырдың тойға баруы. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, дидактикалық материал.


Тапсырма. Ертегіні оқы, сұрақтарға жауап бер.

Мәтін

Баяғыда біреу той жасапты, тойға көп кісі жиналыпты, Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожанасырды ешкім елемепті. «Төрге шық, тамақ іш», - демепті. Қожа үйден шығып кетеді де үйіне барып, тәуір киімдерін киіп, қайта келеді. Бұл жолы үй иесі Қожанасырды құрметтейді, төрден орын береді, ет келгенде:

-   Қожеке, алыңыз, алыңыз! - деп, қошеметтейді. Қожа етті жемей, табаққа шапанының жеңін малып:

-  Же, шапаным, же! - деп, отыра береді.

Үй иесі:

- Сіздің бұ не қылғаныңыз? Шапан ет жейтін бе еді? - дейді.

Сонда Қожа:

-  Сен кісіні сыйламайды екенсің, киімді сыйлайды  екенсің. Сондықтан шапаныма жегізіп отырғаным! - деп, жауап береді.

Сұрақтар:

  • Ертегінің кейіпкерлері кімдер?
  • Қожанасыр қайда барыпты?
  • Қожанасырдың киімі қандай болыпты?
  • Бай Қожанасырды қалай қарсы алыпты?
  • Қожанасыр неге тамақты жеңіне жегізіпті?
  • Қожанасыр қандай?
  • Үй иесі қандай?

ертегі

cказка

аңыз

легенда

әңгіме

рассказ

баяғыда

давным-давно

біреу

кто-то

төр

почетное место

сыйламау

не уважать

шапан

верхняя мужская одежда

жең

рукав

құрметтеу

уважать, оказывать почести

ешкім елемепті

никто не заметил, не обратил внимания



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу