Ертегілер әлемінде. Қожанасырдың тойға баруы. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 1 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6-бөлім: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»

Күні:

Сынып: 1

Мектеп: Талдықорған қаласындағы

физика-математикалық бағыттағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Г.Т.Жакупова,

А.Н.Баримбекова

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ертегілер әлемінде. Қожанасырдың тойға баруы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.4 Мәтіндегі негізгі, қосалқы ақпараттарды түсіну

1.1.4.1 мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну

2.4 Оқыған/тыңдаған материалды мазмұндау

1.2.4.1 фото/сурет/ қуыршақтарды қолданып шағын мәтінді мазмұндау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім туралы екенін түсінеді, кейіпкерлерді суреттер арқылы танып, сипаттайды.

Көптеген оқушылар: мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім туралы екенін түсінеді, суреттер арқылы кейіпкерлердің әрекетін сипаттайды.

Кейбір оқушылар: мұғалімнің көмегінсіз тыңдаған материалдың кім туралы екенін түсінеді, суреттер арқылы мәтінді мазмұндайды.

Бағалау критерийлері

  • Әңгіменің мазмұнын түсінеді.
  • Мәтінді қатесіз, түсініп оқиды.
  • Кейіпкерлер әрекетін талдап, байланыстырып сөйлей алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология: Қожанасыр, үй иесі, ертегі, аңыз, әңгіме, бяғыда, біреу, төр, сыйлау, құрметтеу, сыйламау, құрметтемеу, шапан, жең, ешкім елемепті

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Мынау кім?

  • Ол қандай?
  • Қайда барыпты?

...

Құндылықтарды дарыту

Әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелеу

Пәнаралық байланыстар

Орыс тілі, әдебиет

АКТ қолдану дағдылары

Бастапқы білім

«Ұлттық дәстүр» тақырыбы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сурет арқылы мұғалімнің көмегімен оқушылар сабақтың тақырыбын анықтайды.

  • Мынау кім?
  • Ол аңыз кейіпкері.
  • Оның аты кім?
  • Бұл Қожанасыр. Қожанасыр тапқыр, ақкөңіл, еңбекқор, әзілкеш кісі болған.

Сабақтың ортасы

Сөздікпен жұмыс:

Қожанасыр, үй иесі, ертегі, аңыз, әңгіме, бяғыда, біреу, төр, сыйлау, құрметтеу, сыйламау, құрметтемеу, шапан, жең, ешкім елемепті.

Тыңдалым.

Тапсырма

Оқушылар аудиомәтінді тыңдайды.

Түсінгендерін ортаға салады.

  • Ертегі кім туралы?

Оқылым. Оқулықпен жұмыс, 49-бет.

Тапсырма

Оқушылар мәтінді оқиды.

Мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

Мәтін

Баяғыда біреу той жасапты, тойға көп кісі жиналыпты, Қожанасыр да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожанасырды ешкім елемепті. «Төрге шық, тамақ іш», - демепті. Қожа үйден шығып кетеді де үйіне барып, тәуір киімдерін киіп, қайта келеді. Бұл жолы үй иесі Қожанасырды құрметтейді, төрден орын береді, ет келгенде:

-   Қожеке, алыңыз, алыңыз! - деп, қошеметтейді. Қожа етті жемей, табаққа шапанының жеңін малып:

-  Же, шапаным, же! - деп, отыра береді.

Үй иесі:

- Сіздің бұ не қылғаныңыз? Шапан ет жейтін бе еді? - дейді.

Сонда Қожа:

-  Сен кісіні сыйламайды екенсің, киімді сыйлайды  екенсің. Сондықтан шапаныма жегізіп отырғаным! - деп, жауап береді.

Сұрақтар:

  • Ертегінің кейіпкерлері кімдер?
  • Қожанасыр қайда барыпты?
  • Қожанасырдың киімі қандай болыпты?
  • Бай Қожанасырды қалай қарсы алыпты?
  • Қожанасыр неге тамақты жеңіне жегізіпті?
  • Қожанасыр қандай?
  • Үй иесі қандай?

Суретпен жұмыс. Сөйлем құрастырады.

Сөйлем үлгілері:

Баяғыда біреу той жасапты.

Қожанасыр да тойға келіпті.

Қожанасырдың киімі жаман екен.

Сен кісіні сыйламайды екенсің.

Сен киімді сыйлайды екенсің.

http://kitap.kz/audiobook/4947-qozhanasyr_turaly_ertegiler/4947qozhanasyr_turaly_ertegiler

Сабақтың соңы

Сабақ соңында мұғалім рефлексия жүргізеді.

Үйге тапсырма: сөздерді жаттау, ертегі оқу.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу