Алгоритм трассировкасы. Информатика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3А бөлім - Программаларды әзірлеудің кіріктірілген орталары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Алгоритм трассировкасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.2.1 алгоритм трассировкасын жүзеге асыру

Сабақ мақсаты

Оқушыларда блок-схема құру және алгоритмді трассировкалау дағдыларын қалыптастыру

Бағалау критерийлері

• есепті шешу үшін түрлі блок-схемаларды құрастыра алу

• трассировка кестелерін толтыра алу

Тілдік мақсаттар

Пәндік терминология:

  • Блок-схема, алгоритм, трассировкалау кестесі

Оқу және жазуға арналған пайдалы сөз тіркестері

  • Блок-схема … үшін пайдаланылады
  • Трассировкалау … үшін қолданылады

Құндылықтарды дарыту

1. Құрметтеу: топтық жұмыс кезінде жұптық қарым-қатынастарды дамытуды қамтиды

2. Академиялық адалдық: академиялық адалдық принциптерін сақтауға негізделген басқа адамдардың идеялары мен ойларын құрметтеу.

3. Өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыстар

Математикамен байланысты есептер шығару

Бастапқы білім

Алгоритм тұжырымдамасы, алгоритмді жазу түрлері, блок-схема.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері:

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Оқу ресурстары

Сабақтың басы

0-2 мин

  • Ұйымдастыру сәті

Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстырады

Презентация

Сабақтың ортасы

3-15 мин

16-25 мин

26-36 мин

  • Сыныппен жұмыс: Жаңа тақырыпты түсіндіру

Жаңа сабақты есепті шығару арқылы түсіндурі: Екі сан берілген, олардың арасындағы үлкенін анықтау қажет.

Бастапқы берілгендер: А және В айнымалылары. Олардың мәндері программа орындалу барысында енгізіледі. Салыстыру барысында анықталған үлкен мән С айнымалысына меншіктеледі және экранға шығарылады. Мысалы, егер А = 5, В = 8, онда шығарылатын мән: С = 8.

Осы есептің блок-схемасы:

Компьютерде тексермес бұрын алгоритмнің дұрыс орындалуын трассировка кестесін толтыру арқылы тексеруге болады. А = 5, В = 8 болғандағы алгоритм үшін трассировка кестесі төмендегідей.

Қадам

Операция

А

В

С

Шартты тексеру

1

енгізу А, В

5

8

 

 

2

А>В

5

8

 

5 > 8, жоқ (жалған)

3

С:=В

5

8

8

 

4

шығару С

5

8

8

 

  • Жұппен жұмыс істеу (қалыптастырушы бағалау): Жұпта келесі мәндердің нұсқалары үшін трассировка кестесін толтырыңыз

1) А = 0,2, В = 0,3;

2) А = 7, В = 4;

3) А = 5, В = 5.

Егер барлығын дұрыс жасаған болсаңыз, онда алгоритмнің дұрыстығына көз жеткізіңіз.

Енді қарастырылған алгоритмдерді алгоритмдік тілде жазайық:

алг ЕСҮ1нақты А, В, Сбасы енгізу А, В      егер А>В      онда С:=А      әйтпесее С:=В      кв      шығару Ссоңы

 ЕСҮ дегеніміз "Екі санның үлкені".

  • Жеке жұмыс: Есептің шығарылуын блок-схема түрінде көрсетіңіз және трассировка кестесі арқылы тексеруін көрсетіңіз:

2 айнымалы X және Y мәндерін өсу реті бойынша орналастырыңыз. Бұл есептің мағынасы: егер бастапқы енгізілген мәндер үшін X < Y салыстыру операциясы ақиқат болса (мысалы, X = 1, Y = 2), онда өзгеріссіз қалдыру, ал егер X > Y (мысалы, X = 2, Y = 1), онда мәндерінің орынын ауыстыру.

  • Қосымша тапсырмалар: Алгоритмдерді әртүрлі мәндер арқылы трассировка кестесімен тексеріңіз
  • Компьютерде келесі әрекеттер орындалатын алгоритм құрастырыңыз: S айнымалысына Саматтың жасы, ал М айнымалысына Мараттың жасы енгізіген. Нәтиже ретінде "Самат Мараттан үлкен" немесе "Марат Саматтан үлкен" хабарламасын алуымыз керек (біреуінің жасы үлкен болуы міндетті).
  • Жоғарыдағы есепті егер Самат пен Мараттың жастары бірдей болғанғы жағдаймен қарастырыңыз. Яғни жауап: "Самат пен Марат - құрдастар".
  • Үш санды өсу ретімен орналастыратын алгоритм құрастырыңыз

Презентация

Программалық код С++ тілінде берілген

Сабақтың соңы

37-40 мин

  • Рефлексия.

Оқушылар ИЯ/ЖОҚ деген жауаптар береді (Y / N):

- Менің білуім күшейді

- Маған сабақ ұнады

- Мен өте жақсы жұмыс жасадым

Стикерлер

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тескересіз?

Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік ережелері. АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Блок-схемаларын талқылау арқылы өз білімдерін көрсете алады, қабілеті жоғары оқушылар топтық/ жұптық жұмыстар барысында өздерін кеңесші ретінде көрсете алады.

Сабақ барысында блок-схемалар құрастыру, программаны жазуда тармақталу және қайталану параметрлерін қолдану

Қауіпсіздік техникасы ережелерін талқылау, оның ішінде компьютерде жұмыс істеу барысында дұрыс демалуы жолдарын қайталау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу