Алгоритм трассировкасы. Информатика, 8 сынып, дидактикалық материал.


Алгоритм трассировкасы

Сабақ мақсаты: 8.3.2.1 алгоритм трассировкасын жүзеге асыру

Трассировка - бағдарламаны қадамдар арқылы орындау процесі. Трассировка уақытында бағдарламашы командалардың орындалу ретін тексере алады және осы қадамда айнымалының қалай өзгеретінін көре алады. Бұл әдіс қателерді оңай табуға мүмкіндік береді.

Мысал: Тізбектелген 4 сан берілген. Олардың қосындысын табуды трассировка кестесі арқылы тексеру

Бастапқы берілгендер: А, В, С, D айнымалылары. Олардың мәні бағдарлама орындалу барысында енгізіледі. Қосындысы S.

Осы есептің блок-схемасы:

Компьютерде тексермес бұрын алгоритмнің дұрыс орындалуын трассировка кестесін толтыру арқылы тексеруге болады. А = 5, В = 8, С = 17, D = -3 болғандағы алгоритм үшін трассировка кестесі төмендегідей.

Қадам

Операция

А

В

С

D

S

1

енгізу А

5

2

енгізу B

8

3

енгізу C

17

4

Енгізу D

-3

5

Есептеу S

S=5+8+17-3

6

Шығару S

28

  • Тапсырма №1: Жұпта келесі мәндердің нұсқалары үшін трассировка кестесін толтырыңыз
  • Берілген үш санның кішісін табу (тармақталу құрылымын қолдану). Мысалы: А=8 В=43 С=-16

Қадам №

А

В

С

Шарт

Аралық нәтиже

Шығару

1

8

2

43

4

-16

8<43? - ‘ия’

Min=8

5

8<-16? - ‘жоқ’

Min=-16

6

Min=-16

  • Х мәні 1-ден 5-ке дейін артқандағы Y=Y+X функциясының нәтижесін есептеу (қайталану құрылымын қолдану)

Қадам №

Х

Y

Шарт

Аралық нәтиже

Шығару

1

X=1

Y=0

X<=5? - ‘жоқ’

Y=0+1=1

2

X=2

Y=1

X<=5? - ‘жоқ’

Y=1+2=3

4

X=3

Y=3

X<=5? - ‘жоқ’

Y=3+3=6

5

X=4

Y=6

X<=5? - ‘жоқ’

Y=6+4=10

6

X=5

Y=10

X<=5? - ‘ия’

Y=10+5=15

7

15

Есептердің нәтижесін талдау

  • Тапсырма №2: Есептің шығарылуын блок-схема түрінде көрсетіңіз және трассировка кестесі арқылы тексеруін көрсетіңіз:

Тапсырма 1: Санды енгізу. Егер ол теріс болмаса, одан 50, әйтпесе оған 100 қосыңыз.

Тапсырма 2: Адам денесінің температурасын енгізуді сұралады және ол сау немесе ауырып тұрғанынын анықтайтын алгоритм (сау 36 < t < 37)

Тапсырма 3: 1-ден 7-ге дейінгі сандардың көбейтіндісін табатын алгоритм құрастыру



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу