Алгоритм трассировкасы. Информатика, 8 сынып, презентация.
Алгоритмді трассировкалау
Оқу мақсаты
8.3.2.1 алгоритм трассировкасын жүзеге асыру
Күтілетін нәтиже
есепті шешу үшін түрлі блок-схемаларды құрастыра алу
трассировка кестелерін толтыра алу
Трассировка - бағдарламаны қадамдық орындау процесі. Трассировка режимінде бағдарламашы командалардың орындалу ретін және осы қадамда айнымалының қалай орындалатынын көреді. Бұл қателерді оңай табуға мүмкіндік береді.
Екі сан берілген, олардың арасындағы үлкенін анықтау қажет.
Бастапқы берілгендер: А және В айнымалылары. Олардың мәндері бағдарлама орындалу барысында енгізіледі. Салыстыру барысында анықталған үлкен мән С айнымалысына меншіктеледі және экранға шығарылады. Мысалы, егер А = 5, В = 8, онда шығарылатын мән: С = 8.
Бұл алгоритмнің мағынасы: егер А айнымалысының мәні үлкен болса, С айнымалысына А айнымалысынң мәні меншіктеледі, әйтпесе, егер А < В, онда С айнымалысына В айнымалысының мәні меншіктеледі.
Компьютерде тексермес бұрын алгоритмнің дұрыс орындалуын трассировка кестесін толтыру арқылы тексеруге болады
А = 5, В = 8 болғандағы алгоритм үшін трассировка кестесі төмендегідей.
Енді қарастырылған алгоритмдерді алгоритмдік тілде қарастырайық. Біріншіден, алгоритмде айнымалыларды қалай жариялайтынымызды анықтап алу қажет. Есіңізде сақтаңыз, алгоритмдік тілде барлық айнымалыларды жариялауымыз қажет.
А, В, С айнымалылары- сандық мәнге ие болады. Бұл есепте олар кез-келген мәнді қабылдай алады - бүтін, бөлшек – бұл тип нақты деп аталады. Оларға сәйкесінше нақты тип меншіктеледі. Алгоритмдік тілде бұл тип нақты қызметші сөзі арқылы жарияланады.
алг ЕСҮ1
нақты А, В, Сбасы енгізу А, В С:=А егер В>А онда С:=В кв шығару Ссоңы
2 айнымалы X және Y мәндерін өсу реті бойынша орналастырыңыз. Бұл есептің мағынасы: егер бастапқы енгізілген мәндер үшін X < Y салыстыру операциясы ақиқат болса (мысалы, X = 1, Y = 2), онда өзгеріссіз қалдыру, ал егер X > Y (мысалы, X = 2, Y = 1), онда мәндерінің орынын ауыстыру.
алг СҰРЫПТАУ
нақты X, Y, Сбасы енгізу X, Y
егер X>Y
онда С:=Х
Х:=Y
Y:=С
кв
шығару X, Y
соңы
Берілген үш санның А, В, С арасындағы ең үлкенін табу.
Бұл жағдайда алдымен 2 санның А және В арасындағы үлкенін тауып оны қандай да бір D айнымалысына меншіктеп, сонан соң осы D және соңғы мән С арасындағы үлкенін тауып оны қайтадан D айнымалысына меншіктеуге болады
Есепті шешу үшін екі санның үлкенін табу алгоритмін екі рет қолдану арқылы нәтижені табуға болады
алг ҮСҮ1
нақты А, В, С, Dбасы енгізу А, B, С егер А>В онда D:=A әйтпесе D:=B кв егер C>D онда D:=C кв шығару Dсоңы
"ҮСҮ" – үш санның үлкені
Осы есептің А = 5,В = 7,С = 2 мәндері үшін трассировка кестесімен толықтырайық
1. Екі санның үлкенін табу үшін қандай алгоритмдік құрылым пайдалануға болады?
2. Қандай жағдайда сандық айнымалы типін нақты немесе бөлшек деп көрсету керек?
3. Үш санның кішісін табатын алгоритм құрастырып, қандай да бір мәндер үшін трассировка кестесін толтырыңыз
4. Компьютерде келесі әрекеттер орындалатын алгоритм құрастырыңыз: S айнымалысына Саматтың жасы, ал М айнымалысына Мараттың жасы енгізіген. Нәтиже ретінде "Самат Мараттан үлкен" немесе "Марат Саматтан үлкен" хабарламасын алуымыз керек (біреуінің жасы үлкен болуы міндетті)
5. Жоғарыдағы есепті егер Самат пен Мараттың жастары бірдей болғанғы жағдаймен қарастырыңыз. Яғни жауап: "Самат пен Марат - құрдастар".
6. Үш санды өсу ретімен орналастыратын алгоритм құрастырыңыз
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру