Құрастырмалы сызба (графикалық жұмыс). Графика және жобалау, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Құрастырмалы сызба (графикалық жұмыс)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.6.2.3

Құрастыру сызбасын бөлшектеуді білу және нобайын орындау

 Сабақ мақсаттары

1. Құрастырмалы сызбалардағы шарттылықтары мен ықшамдауларының қолдануын оқып үйрену

2. Бөлшектеуді орындау тәртібі мен ережелерін білу.

 Жетістік критерийлері

Құрастыру сызбалардың шарттылықтары мен ықшамдауларының жолдарын біледі және түсінеді.

Құрастыру бірлікті дұрыс бөлшектей алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Бөлшектеу барысында жаңа сөздер мен терминдерді қолдана отырып өз идеяларын ұсынады.

Глоссарий: Құрастыру бірлік, сипаттізім, негізгі жазу, көріністер, тіліктер, қималар, рет, шығару-сызық, материал.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Өзгелердің көзқарасын, пікірлерін және мәдениетін сыйлау мен бағалай білу қабілеті.

Мәдениеттер мен көзқарастардың әртүрлілігіне құрмет. Оқушылар арасындағы ынтымақтастықты құру.

 Пәнаралық байланыстар

Бөлшектеу барысында физика, математика пәнаралық байланыстары жүзеге асады.

 АКТ қолдану дағдылары

Әртүрлі зерттеулер үшін веб-сайттарды және интернет ресурстарын пайдалану

Бастапқы білім

«Бөлшектерді қосу. Ажырайтын және ажырамайтын біріктірулер» тақырыбы бойынша білімдері, машықтанулары мен дағдылары.

Күтілетін нәтиже

Бөлшектеу барысында білім мен түсінігін көрсетеді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Өтілген материалды пысықтау:

1. Құрастыру сызбасы қандай ретпен оқылады?

2. Құрастыру сызбасында қандай өлшемдер қойылады?

3. Сызбада қандай тетікбөлшектер тілінбей көрсетіледі, неге?

тығыздау

1 сабақ

Тақырыпты түсіндіру:

Құрастыру сызбаларындағы шарттылықтар мен ықшамдаулар

(Т) Оқушылармен келесі шарттылықтар мен ықшамдауларды қарастырыңыз:

• Бөлшектің шеткі немесе аралық қалпы.

• Шекаралық бөлшектердің кескіні.

• Тығыздағыш құрылғының кескіні.

• Кескіннің саны және өлшемінің қысқаруы.

• Бірдей элементтердің кескіні.

Кері байланыс үшін тапсырма

Мына мәселелерді талқылаңыз:

1. Құрастыру сызбаларында бөлшектің шеткі немесе аралық қалпы қалай көрсетіледі? Осындай әдіс қандай жағдайларда қолданылады?

2. Сызбада қандай сызықпен шекара бөлшектерді көрсетеді, неге?

3. Тығыздағыш құрылғыны сызған кезде қандай шарттылықтар сақталады?

4. Құрастыру сызбаларында кескіндердін санын азайтқанын қалай көрсетуге болады?

Бағалау критерийлері:

1. Сұрақтарға дұрыс жауап береді.

2. Құрастыру сызбаларында қабылданған шарттылықтар мен ықшамдауларды

біледі және түсінеді

3. Құрастырмалы сызбаны оқи алады

http://rx-fly.ru/architecture/drawing/46-ponyatie-o-detalirovanii.html

http://rx-fly.ru/architecture/drawing/45-uslovnosti-i-uproscheniya-na-sborochnyh-chertezhah.html

Құрастырмалы бірлігінің әртүрлі сызбалары, сабаққа презентация, сызу пәні бойынша әдістемелік нұсқаулықтар және оқулықтар, сызба құралдары, пішім А3

2 сабақ

Бөлшектеу туралы түсінік:

Бөлшектеудің анықтамасын беріңіз:

Бұйымдардың сызбалары арқылы, бірнеше бөлшектен тұратын бөлшектердің сызбаларын жасау үдерісі, бөлшектеу деп аталады. (AD Botvinnikov, VN Vinogradov, IS Vyshnevolsky)

250 және 251 сурет мысалында бөлшектеу тәртібінің үлгісін қарастырып, бөлшектеу үдерісінің мәнін анықтаңыз.

1. § 35-те келтірілген тәртіптегі сызбаны оқыңыз, бөлшектердің пішініне, олардың қызметі мен өзара әрекеттеріне ерекше назар аударыңыз.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Бұйымда қанша бөлшек бар?

2. Олардың қандай тетікбөлшектері стандартталған?

3. Әрбір бөлшек үшін қанша және қандай кескіндер жасау керек?

4. Қандай тетікбөлшектер өзара түйіседі?

Графикалық жұмыс: Бөлшектеу

244-суреттегі 1 және 3- тетікбөлшектердің сызбаларын орындаңыз.

Бағалау критерийлері:

1. Бөлшектеу барысында көріністердін санын дұрыс айқындайды

2. Шарттылықтар мен ықшамдауларды дұрыс қолданады

3. Құрастыру сызбаларды бөлшектеу барысында өлшемдерін дұрыс түсіреді

Сабақтың соңы

Сабақтың соңында оқушылар:

- нені үйрендім нені білдім?

- не түсініксіз болды?

- немен жұмыс істеу керекпін?

Мүмкіндігінше оқушылар белгілі бір критерийлер бойынша өз жұмысын және сыныптастарының жұмысын бағалай алады

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу