Заттың сызбаларын оқу және орындау. Графика және жобалау, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

11.1-бөлім: Кескіндердің негізгі түрлері және салулар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып

10

Қатысқандар

саны:

Қатыспағандар

саны:

Сабақ тақырыбы

Заттың сызбаларын оқу және орындау.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.3.3Бұйымдардың геометриялық формаларын талдау барысында сызбаларды оқу және орындау

10.7.1.1Қызық есептер шығару барысында ұтымды жолдарды ұсыну

 Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

геометриялық формаларын талдау барысында сызбаларды оқу және орындау туралы білімдерін көрсетеді

Оқушылардың көбі:

шығармашылық идеяны дамыту үшін альбомды қолданады

Кейбір оқушылар :

терең білімі мен түсінігін көрсетіп, тәжірибелік жұмысты мінсіз орындайды

 Бағалау критерийлері

Сызбаларды орындауда шарттар мен жеңілдетулерді қолданады.

Сызба құралдарын қолдануда ТҚ сақтайды

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

Проекциялау әдіс- тәсілдері, проекциялар, жазық проекциялар, тікбұрыштап проекциялау, түрі, аксонометриялық проекциялар

 Құндылықтарды дарыту

Жұмыс және шығармашылық, оқу барысында сызу, дизайн бойынша дағдыларын дамытып, өз идеяларын басқаларға ұсынады. Құрмет және ашықтықты топтық, жұптық жұмыс және оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер арқылы дамыту.

ЖаҺандық азаматтыққа тәрбиелеу

Кескіндерді визуалдау мен ақпараттарды беру әр түрлі қызмет (ғылым, өнер және техника) салаларында және адам өміріндегі алатын орның білу және түсінуін көрсету.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта қолдану,ноутбуктер арқылы ғаламтор желісінен ақпарат іздеу.

Түпнұсқалық оқыту

Бұл бөлімде оқушылар аксонометриялық проекциялауды алу, сызбада көріністерді салу, проекциялау әдіс- тәсілдері туралы білімдерін қалыптастыруға бағытталған. Нобай мен техникалық сурет салу ережелерімен танысады. Сызбадағы шартты белгілер мен ықшамдауларды оқуды, заттың пішінің талдауға, сызбаға ауызша сиппаттама беруді үйренеді . Ойша елестетіп көру арқылы қима мен тіліктер салуларды үйрену. Сызба аспаптарымен жұмыс жасау кезіңде қауіпсіздік техникасын сақтау.

Пәнаралық байланыстар

Геометрия, сызу, бейнелеу пәндері кіріктірілген

Бастапқы білім

Бұл бөлімде ақпараттарды визуалдау арқылы білу, түсіну және сызу дағдыларын орындауға негізделген.

Оқушылар: Сызба аспаптары мен жабдықтарымен жұмыс жасау тәжірбиелерін үйренеді; Геометриялық салулар дағдыларын игереді; Сызбаларды рәсімдеуді және орындау ережелерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

1 жұп 5-10мин

20мин

15 мин

Сабақта қарастыратын мәселені ашу.

Оқу мақсаты және бағалау критерилерімен танысу.

(Ұ) Берілген тетік сызбасын оқушыларға топта талқылауын ұсыныңыз.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Сызбада қандай бөлшек көрсетілген?

Сызбадағы бейне қандай аксонометриялық проекцияда берілген?

Бөлшек қандай геометриялық денелерден тұрады?

Берілген бөлшектің бір көрінісіне қарап толық елестетуге боладыма?

Бұл бөлшекті дайындауға сызбада барлық өлшемдер берілген бе?

(Ұ) Оқушылар сызбаларды өздігінен талдау үшін, заттар/бөлшектер туралы басқа да ақпараттар және геометриялық формаларын анықтауға арналған сызбаларды оқу алгоритм кезеңдерін құрады.

Интернет-дереккөзі:

Сызбаны оқу және орындау.

http://www.granitvtd.ru/index.php?option=com_content&task=blogcategory&id=8&Itemid=8

В.А. Гервер «Творчество на уроках черчения»

2 жұп

20 мин

Сабақтың соңы

10мин

(Ұ) Сызбада берілген екі көрініс арқылы үшінші көріністі салудың бірнеше нұсқалары қарастырылады.

(Ө)(Ж) Оқушылар көрнекі модельдерді әртүрлі бөлшектер пішіндеріне қарай талдайды. Берілген бөлшектің сызбасын орындап, сызбаны оқу жоспарын құрастыруды орындайды.

(Т)(Ұ) Оқушылармен бірге заттың аксонометриялық проекциясы қарастырылады. Проекцияға бірнеше нүктелерді белгілеп және оны тікбұрышты проекцияда табу ұсынылады.

Дәптер, сызба аспаптары : даярша, рейсшина, лекала, транспортир, үшбұрышты сызғыш, өшіргіш және т.б.

Жәй қарандаш жиынтығы.

А4 пішіндегі қағаз.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сызба аспаптары мен жабдықтарымен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік техникасын сақтауды оқушылардың естеріне салынады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу