Төртбұрыштар мен үшбұрыштардың аудандары. Геометрия, 8 сынып, презентация, 3 сабақ.
Параллелограмм және ромбтың ауданы
Сабақтың мақсаты
Оқушылар:
біледі:
- параллелограмм мен ромбтың ауданының формуласын.
қолана алады:
-параллелограмм мен ромб аудандарының формулаларын қорытып шығарады және есеп шығарғанда қолдана алады.
Бағалау критерийлері
Оқушылар:
біледі:
- параллелограммның ауданы формуласын;
- ромб ауданы формуласын;
қолдана алады:
- параллелограмм және ромб ауданы формулаларын есеп шығаруда
Параллелограммның ауданы оның екі сыбайлас қабырғасы мен олардың арасындағы бұрыштың синусына көбейтіндісіне тең.
Параллелограммның ауданы
Дәлелдеуі:
Параллелограммның ауданы оның екі сыбайлас қабырғасы мен олардың арасындағы бұрыштың синусына көбейтіндісіне тең.
Параллелограммның ауданы
Параллелограммның қабырғалары 10 см және 6 см, олардың арасындағы бұрыш 150º. Параллелограммның ауданын табыңыз.
Жауабы: 30 см2.
Параллелограммның ауданы
Параллелограммның сүйір бұрышы 30º, ал доғал бұрышының төбесінен жүргізілшен биіктіктері: 2 см және 3 см. Параллелограммның ауданын табыңыз.
Жауабы: 12 см2.
Параллелограммның ауданы
Ромбының ауданын тап, егер оның қабырғалары 10 см, ал бір бұрышы 150° болса.
Жауабы: 50 см2.
Ромбының ауданы
Параллелограммның диагоналі оның қабырғасына тең. Параллелограммның ауданын табыңыз, егер оның үлкен қабырғасы 15,2 см, ал оның бір бұрышы 45° болса.
Жауабы: 115,52 см2.
Шешуі: ВD диагоналі қабырғасына тең болғандықтан, АD=ВD және үшбұрыш АВD - теңбүйірлі. Бұрыш ВАD=45º болғандықтан, онда Δ АВD үшбұрышының АВ табанындағы екінші бұрышы да 45º. Бұдан ∆ АВD – тікбұрышты теңбүірлі үшбұрыш.
DЕ биіктігін жүргізелік. Теңбүйірлі үшбұрыштың биіктігі оның медианасы болып та табылады: DЕ - медиана, және тік бұрышты үшбұрыштың медианасынығ қасиеті бойынша ол гипотенузаны қаққа бөледі. DЕ=АВ:2=7,6 см, S=АВ∙DЕ=15,2∙7,6=115,52 см².
Параллелограммның ауданы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру