Интерьердің сәндік заттарын дайындау мен безендіру. Көркем еңбек (ұлдар), 9 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

1-бөлім: Сәндік-қолданбалы өнер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Интерьердің сәндік заттарын дайындау мен безендіру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.6.2 бұйымды дайындау мен безендіру барысында заманауи және дәстүрлі емес материалдарды қолданудың өзіндік (оригиналды) шешімдері мен жолдарын ұсыну

9.2.3.3 шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар жасау барысында қазақ ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану

 Сабақ мақсаттары

Қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, нобай бойынша интерьерлік бұйымдарына қазақ ұлттық элементін қосады

 Бағалау критерийлері

  • Қауіпсіздік ережесін сақтайды
  • Нобай бойынша бұйымдарын жасайды
  • Жұмыс барысын альбомдарына жазып отырады
  • Қазақ ұлттық мәдениет элементтерін бұйымдарына қосады

 Тілдік мақсаттар

 

  • Мен интерьер бұйымын дайындауға ... стилін таңдадым.
  • Біз сәндік интерьер бүйымды безендіру үшін …..…..қолдандық.
  • Интерьер бұйымын орындау кезінде …

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Оқушылардың интерьерлік сәнді бұйымдардың ойластырып, бейнелеу арқылы образды елестету, түстерді үйлестіре пайдалану, зерттеушілік құндылықтарын дарыту

 Пәнаралық байланыстар

Тарих, информатика және т.б.

 АКТ қолдану дағдылары

Интерьер дизайнның фотосуреттерін әлеуметтік желіден қарастыра отырып, оларды зерттеу үшін.

Бастапқы білім

Интерьердің сәндік заттарын дайындау мен безендіру

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың басында оқушыларға интерьердегі сәнді қолөнер туындылары жинағы туралы бейнебаян көрсетіледі.

Бейнебаяннан не байқадыңыздар?

Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар? Деген сұрақтар қою арқылы оқушылармен сабақтың тақырыбын ашамын.

Сабақтың тақырыбы: Интерьердің сәндік заттарын дайындау мен безендіру

Сабақтың мақсаты:

Қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, нобай бойынша интерьерлік бұйымдарына қазақ ұлттық элементін қосады

Бағалау критерийлері:

  • Қауіпсіздік ережесін сақтайды
  • Нобай бойынша бұйымдарын жасайды
  • Жұмыс барысын альбомдарына жазып отырады
  • Қазақ ұлттық мәдениет элементтерін бұйымдарына қосады

Сабақтың ортасы

Оқушылар технологиялық карта мен графикалық құжаттарға және нобайға қарай отырып өз бетінше интерьер бұйымдарын дайындайды. Оқушылар бұйымның бірнеше бөліктерін орындап болғаннан кейін, өз топ арасында бұйым бөлшектерін біріктіру жұмыстарын орындайтын болады.

Қауіпсіздік ережелері:

  • Ұшты, істік, өткір заттармен абайлап жұмыс жасау керек
  • Өзара заттармен алмасқанда абайлап, лақтырмай беру керек.
  • Жұмыс орнын таза ұстау керек
  • Жұмыс аяқталғаннан кейін жұмыс орнын тазалап кету керек.

Тапсырма:

Бастапқы нобайларын бойынша интерьерлік бұйымдарды қазақ ұлттық элементін қосып, бөлшектерін біріктіріндер.

Сәндік интерьер бұйымдарын дайындау кезінде оқушылар өз жұмыстарын жақсарту мақсатында бір біріне жұмыстары туралы ойларын айтып, пікір алмасып талдауы мүмкін.

https://www.youtube.com/watch?v=v67ICnxZOe0

Қатты қағаздардан шырағдан жасау

Сабақтың соңы

Сабақ соңында әрбір топ жұмыс барысында туындаған қиындықтары мен бөлісу мақсатында «Бағдаршам» әдісі арқылы өздерінің жұмыстарын бағалайды.

Интерактивті тақта қолдану.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу