алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Тұрмыстық техникаларды пайдалану нұсқаулығы мен эргономикалық, эстетикалық сапаларына қарай таңдау және зерттеу. Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, қосымша материал 2.


  Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

«Электр құрылғылар мен тұрмыстық техникаларды таңдау және бағалау» тақырыбына арналған сабақ «Үй мәдениеті» бөлімінің төртінші тақырыбы. Сол себепті осы бөлім тақырыптарын бастамас бұрын оқушылар тұрмыстық заттарды жан- жақты қарастырады. Бұл сабақта электр құрылғылар мен тұрмыстық техникалары туралы материалдарды қарастыратын боламыз.

Сабақ зерттеу және қолдану дағдысына негізделген. Коллаборативті орта қалыптастыру үшін сабақты шағын «қызықты сұрақтар» ойынмен бастау ұсынылады. Бұл әдіcтің мaқcaты-бaлaлaрдың нaзaрын ортaғa aудaртуға көмектеседі.

Сабақ барысы

Презентация:....

Сабақтың бастапқы бөлімінде миға шабуыл жасау үшін сыныптағы оқушыларды топқа бөліп аламын. Тұрмыстық техникалар бейнеленген кәртішкелер көмегімен топқа бөлу ұсынылады. Оқушылар кәртішкедегі бейнелер арқылы сабақтың тақырыбын анықтауына көмектеседі.

Оқушыларға сабақтың тақырыбың, мақсатын, бағалау критерийлерін таныстырып болғаннан кейін тақырыпқа сәйкес фотосуреттер ұсынылады.

Суреттерді жан- жақты оқушыларға сұрақ қою арқылы талдау ұсынылады.

Осыдан кейін оқушылардың назарына «тұрмыстық техника таңдау» атты бейнебаян көрсетіңіз. Көріп болғаннан кейін оқушыларға сұрақ- жауап қойыңыз.

Одан кейін оқушыларға тапсырма (дидактикалық материал) орындатып көріңіз.

Тапсырма №1.Топтық жұмыс.

Оқушылар ғаламтор ресурстарын пайдалана отырып, электроқұрылғылар мен тұрмыстық техникаларды (эстетикалық эксплутациялық, эргономикалық) сипаттап, кесте толтыруды ұсыныңыз.

Ескерту: Егерде арнайы ақпарат құралдары болмаған жағдайда жұмысты топта орындау барысында ұялы телефондарынан ғаламтор ресурстарды пайдалануды ұсыныңыз.

Келесі тапсырма қосымша тапсырма ретінде пайдалануға болады.

Тапсырма №2.Топтық (қосымша) жұмыс.

Топта отырып, тұрмыстық электроқұрылғының жаңа дизайн үлгісінің нобайын орындап, оған жарнама жасауды ұсынуға болады.

Бағалау арнайы бағалау критерийлері мен дискриптор көмегімен жүзеге асады.

Сабақтың соңында оқушылардан кері байланыс алынады.

«Екі жұлдыз – бір тілек» әдісі қолданылады.

 Сабақтағы қауіпсіздік ережелері

 Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.

 1 қосымша

 

 Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:

  •  жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
  •  оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
  •  құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
  •  бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
  •  жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
  •  жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
  •  басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
  •  жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

 

 


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы