Роботтардың түрлері мен шығу тарихы. Көркем еңбек (ұлдар), 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

Бөлім: Дизайн және технология

Сабақ тақырыбы: Роботтардың түрлері мен шығу тарихы

Сабақ мақсаты:

6.3.3.1

пәндік терминологияны қолдана отырып, өзінің және өзгелердің жұмыстарындағы қолданылған әдіс-тәсілдерді салыстыру

Сабаққа ескертпе

Оқушылар бұл сабақта роботтың шығу тарихы және оның түрлерімен танысады. Робототехника тақырыбы қазіргі таңда өте танымал. Оқушылардың көп бөлігі роботтармен танысуы да мүмкін.

Сабақты оқушылардың бұл тақырыпқа қатысты өмірлік тәжірибелерінен жинақтаған білімдеріне негізделу қажет болады. Сол себепті оқушылардың білім және түсініктерін білу үшін жетелеуші сұрақтар құрастыру ұсынылады.

Сабаққа арналған материал

Роботтар (Роботы; robot) - адамның еңбегін автоматтандыруға арналған электрмеханикалық құрылғы. Р. аталымы чех жазушысы Карел Чапектің шығармасынан 1920 жылдары тараған. Р. жасала бастағаннан бері олардың бірнеше буындары ауысты: басқарудың қатты схемасы бар роботтар — іс жүзінде қазіргі заманғы өнеркәсіптік роботтардың бәрі бірінші буынға жататын программаланатын манипуляторлар; сезіммен байланысты құрылғылары бар бейімделген роботтар; мұндай Р-дың үлгілері бар, бірақ өнеркәсіпте әлі де пайдаланылмайды. Өзін-өзі ұйымдастыратын немесе интеллектілік роботтар; бұл роботтық техниканың дамуының түпкі мақсаты. Интеллектілік Р-ды дайындаудағы негізгі проблема — машиналық көру проблемасы.

Сабақтың мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстырған соң, оқушыларға презентацияда көрсетілген материалдарды ұсына аласыздар

Сұрақтарға жауап бер.

Сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар робот туралы өмірлік тәжірибелерінен қалыптасқан білімдерін қолдана алады. Оқушылар сұрақтарға жауап беру барысында мұқият тыңдаңыз. Жетелеуші сұрақтар қойыңыз. Бұл оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамытады. Көбінесе сыныпта үндемей отыратын оқушылардан сұрақтарға жауап беруін сұраңыз.

Бейнематериалды тамашала да, сұрақтарға жауап бер.

Бұл бейнематериал "білім-ләнд" орталығымен түсірілген. Бұл бейнематериалда роботтың шығу тарихы туралы айтылады. Бейнематериалды тамашаламас бұрын оқушыларға бейнематериалға қатысты сұрақтарды қойып шығыңыз. Оқушылар бейнероликті тамашалау барысында өздеріне қатысты сұрақтарды біліп, бірден жауап іздеулері үшін өте тиімді.

Мұғалім көрсетілімі

Оқушыларға сабаққа қатысты презентацияда берілген мәліметпен таныстырып өтіңіз. Презентацияда роботтардың шығу тарихы туралы қысқаша мәлімет берілген. Онда алғашқы роботтан бастап, кино және театр өнерінде роботқа қатысты түсірілген фильмдер мен жазылған пьесалар да көрсетілді.

Тапсырма

Зерттеу тапсырмасы. Оқушылар сабақтың мақсаттарына қол жеткізу үшін оларға зерттеу тапсырмасы берілді. Оқушылардың сыныптағы санына байланысты үш топқа бөлу ұсынылады. Топқа бөлудің бірнеше тәсілдері бар. Ең оңтайлысы үш түсті стикер, ойын арқылы бөлу. Бұл сіздің сыныбыңыздың оқушылардың контингентіне байланысты. Егер де сыныбыңызда үлгерімі, көркем еңбек пәніне деген ынтасы әлсіз оқушылар болса, онда топтастыра барысында А,В,С деңгейіндегі оқушыларды арнайы таңдауыңызға болады.

Топтық жұмысты ұйымдастырудың өзіндік тәсілдері бар. Оқушылардың пәнде меңгерілетін дағдыларын дамыту әрі талпыныстарын арттыру үшін ЖАДА ұғымының негізін пайдалану ұсынылады.

Сабақ барысындағы әлеуметтік өзара әрекеттестік оқуда маңызды рөл атқарады. «Мұғалім-оқушы» және «оқушы-оқушы» жағдайындағы қарым-қатынас түсінікті дамытып, мағынаны ашудың елеулі бөлігін құрайды.

Әлеуметтік-мәдени теориядағы маңызды ұғым – жақын арадағы даму аймағы. Выготскийдің айтуы бойынша, жақын арадағы даму аймағы (ЖАДА) – оқушының өз бетінше шешкен міндеттердің көмегімен анықталған өзекті даму деңгейі мен үлкендердің басшылығымен және анағұрлым қабілетті жолдастарымен бірігіп шешілген міндеттер арқылы анықталатын болжамды даму деңгейі арасындағы қашықтық. Негізінде, бұл түсінік адам өз бетінше игере немесе көрсете алмайтын, бірақ біреудің көмегімен үйренуге болатын барлық білімдер мен дағдыларды қамтиды(«Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ)

Тапсырманың тақырыптары мен оны орындауға берілген критерийлер.

1 топ: Роботтың шығу тарихы туралы постер дайындау;

2 топ: Роботтың түрлерін қарастыр;

3 топ: Роботты жасаудың әдіс-тәсілдерін зерттеу.

Тапсырманың критерийлері:

  • постердегі мәлімет тақырыпқа сай болу;
  • сурет, фотосурет қолдану;
  • топтағы жұмысты жүйелі жоспарлау;
  • таныстырылымды ұйымдастыру;
  • таныстырылым барысында топтарға сұрақтар қою.

Тапсырма үлестірмелі материалдарда да көрсетілген.

Таныстырылым.

Таныстырылым үшін сабақтың соңғы 10 минутын қалдырыңыз. Топ ішінде оқушылар өздері постерді таныстырып, сұрақтарға жауап беретін спикерді таңдайды. Спикерді таңдау барысында оқушылардың ішінен коммуникативті дағдысы анағұрлым әлсіз оқушыны таңдауға бағыт беріп, сол арқылы оқушының көпшілік алдында қысылмай ойын жеткізуге итермелеңіз.

Бағалау

Оқушылар таныстырылым барысында бір біріне сұрақтар қою арқылы, бағалайды.

Кері байланыс

Оқушылар сұраққа жауап беру арқылы сабақты қорытындылайды. Оқушылардың сұраққа жауап беру деңгейі арқылы оқушының сабақты меңгеру деңгейін анықтауға болады. Сұраққа жауап беру барысында оқушылардың академиялық тілді(терминдерді) қолдануына мән беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу