Табиғи материалдардан дайындайтын бұйым нобайын орындау. Көркем еңбек (ұлдар), 6 сынып, дидактикалық материал.


Әдістемелік нұсқаулық

2 Бөлім: Сәндік – қолданбалы өнер

Сабақ тақырыбы: Табиғат материалдарынан дайындайтын бұйым нобайын орындау

Оқу мақсаты:

6.1.5.2

Шығармашылық идеяларын іске асыру үшін нобайлар, техникалық суреттер мен сызбалар орындау

Сабақ барысы

Бұл сабақта шығармашылық жұмысты орындау үшін нобай дайындау қажет.

Нобай жасар алдында оқушылар табиғи материалдармен эксперимент жасап көрді. Материалдардың қасиеттерімен таныс. Бүгінгі сабақта оқушылар болашақ жобалық жұмыстарының нобайын орындайды.

Табиғи материалдардан жасалған бұйымдарды қарасырып өтуге болады. Талқылау үшін сұрақтарға жауап беріп, оқушылармен тыңғылықты қарап шығу қажет.

Оқушыларда шығармашылық жоба жасау үшін идея туындауы үшін жалпы табиғи материалдардан бұйым жасау барысы көрсетілген бейнематериал тамашалаңыз.

Бейнематериал қысқа әрі нұсқа болуы қажет.

Сұрақтарға жауап бер.

Шығармашылық жұмысты бастар алдында сұрақтарға жауап беріп, табиғи материалдардан жасалатын бұйымдарды қарастырып шығыңыз.

Шығармашылық жұмыс ретінде оқушылар.

Оқушылар түрлі бұйымдар жасай алады.

  • Декоративті панно;
  • 3 D бұйым;

Бұйым интерьерге арналған болуы мүмкін. Сувенир, ойыншық, картина және т.б. ретінде де болуы мүмкін. Шығармашылық жұмыс оқушылардың қалауы бойынша жасалса да, жоба тақырыбын таңдау барысында оқушыларға көмек көрсетіп, қолдау қажет. Қабілеті жоғары оқушыларға күрделі тапсырмалар беру қажет.

Панно́ (фр. panneau от лат. pannus — кусок ткани) — вид монументального искусства, живописное произведение декоративного характера, обычно предназначенное для постоянного заполнения каких-либо участков стены (настенное панно) или потолка (плафон); барельеф, резная, лепная или керамическая композиция, служащая для той же цели.

Панно, выполненные на внешних стенах здания из цветных плиток или в технике фрески, называют иногда муралями.

Гладкая или с живописными, скульптурными изображениями поверхность на стене, потолке, обрамлённая орнаментом.

Картина на холсте, постоянно занимающая какой-н. участок стены.

Шығармашылық жұмысты орындаудың кезеңдік жоспары:

  • Эскиз дайындау;
  • Материалдар мен құрал-жабдықтарды таңдау;
  • Бұйым жасау;
  • Безендіру;
  • Әсемдеу.

Пракикалық тапсырма

Оқушылар шығармашылық жобаларды жұпта, топта, жеке орындаулары мүмкін.

Нобайды альбомда орындап, қолданатын материалдары мен құрал-жабдықтары түгелдей көрсетілуі тиіс.

Оқушыларға осы жобалық тапсырманы орындау үшін де рефлексивті күнделік жүргізуді ұсынамыз. Рефлексивті күнделік практикалық тапсырманы орындау барысынан хабар беріп, оқушының шығармашылық жұмысты орындау барысын бақылап отыруға септеседі. Рефлексивті күнделік, жазбаша немесе бейнекамераға(ұялы телефонның) жазылуы мүмкін. Практикалық тапсырманы орындау барысын фотосуретке түсіріп отыруды кеңес береміз.

Таныстырылым

Танысырылым бөлігі сабақтың маңызды кезеңі. Оқушылар жасаған жұмыстарымен таныстырып, сыныптастарының жұмыстарына кері байланыс береді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу