Дәстүрлі емес материалдардан портрет жасау (сымнан) материалдардан орындалған портрет). Көркем еңбек (ұлдар), 6 сынып, дидактикалық материал.


 Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

 

«Дәстүрлі емес материалдардан портрет жасау" тақырыбына арналған сабақ «Визуалды өнер» бөлімінің кезекті тақырыбының бірі.

Оқу мақсаты:

6.1.6.2-Бірқатар заманауи және дәстүрлі емес материалдарды білу, оларды өңдеу мен пайдаланудың тиімді жолдарын (немесе әдістерін) анықтау

Оқушылар сызықты портреттің негізінде дәстүрлі емес материалдардан портрет орындайды. Ол үшін сымның көмегімен бет пішіннің көңіл-күйін жеткізеді. Көркем материалдарды ұқыпты қолданады. Қауіпсіздік ережелерін сақтайды.

Сабақ барысы:

Сабақтың тақырыбымен танысып болған соң, А4 форматына автопортрет немесе досының портретін сызық арқылы салуын сұраңыз.

Практикалық тапсырма.

Сымнан портрет орындау. Оқушылар сызықтың көмегімен портрет салды. Келесі кезекте сымнан портрет орындау қажет. Ол үшін сыммен А.Колдердің шығармаларындағыдай портрет орындау қажет болады. Практикалық тапсырмаға кіріспес бұрын қауіпсіздік ережесімен таныстырып өтіңіз.

Қажетті материалдар:

Сым. 30-50 см.

Қайшы, металлды кесуге арналған құралдар.

Тапсырманы орындауға кіріспес бұрын алдымен қауіпсіздік ережесімен таныстырған жөн.

 Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:

  •  жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
  •  оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
  •  құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
  •  бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
  •  жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
  •  жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
  •  басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
  •  жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

 

 Практикалық тапсырмада оқушылар сымның шағын бөліктерімен жұмыс істеп, бір-біріне жалғау қажет. Қажет жағдайда оқушыларға көмек көрсету қажет

 

Өзін-өзі бағалау таблицасы

Бағалау критерийлері

-

Сымнан портрет жасайды

Материалды қауіпсіз қолданады

Материалдарды тиімді қолданады

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу