Ішкі көріністі мерекелерге безендіру. Көркем еңбек (қыздар), 9 сынып, дидактикалық материал.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4-бөлім. Үй мәдениеті

Мектеп: Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Ахымбекова Жазирахан Бакирхановна

9 сынып

Қатысушы:

Жоқ:

Сабақтың тақырыбы

Ішкі көріністі мерекелерге безендіру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты

9.1.5.2-графиканың түрлі құралдарын пайдалана отырып, графикалық және технологиялық құжаттаманы өз бетінше құрастыру

9.1.5.1-күрделі нысандардың, бейнелер мен пішіндердің дизайнын жасау үшін әр түрлі салалардан білімді жинақтау

 Сабақтың

 мақсаты

  • Жаңа жылды безендіру эскизін салу
  • Жаңа жылға безендіру дизайнын әзірлеу (топта жұмыс істеу)
  • оқу тапсырмасының дұрыс орындалуын бағалай білу;
  • Өз жұмысын және басқалардың жұмысын бағалау, ең сәтті нұсқаны таңдау.

Жоспарланған іс-ірекеттер бойынша сабақты бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру сәті, сыныпта атмосфера құру.

Оқушыларды қарсы алу, сабаққа дайындығын және келуін тексеру. (Үстелдерде сурет салу альбомдары, қылқалам, қарындаш, сызғыш жатуы керек).

1.Оқушыларға презентация көрсету. Демонстрация кезінде сұраңыз:

  • Жаңа жылдың интерьерін қалай елестетесіз?
  • Ол қандай болуы керек?
  • Жаңа жылды безендіру неге маңызды?

2. Жаңа материалды, мақсаты мен міндеттерін түсіндіру.

№1 тапсырма. Кестені толтыру (2 және 3 тілді үйрену үшін)

Безендіру

Венок

Жаңа жылдық декорация

Безендіру

Мишура

Мерекелік атмосфера

Шырша

Мишура

Ұсақ-түйектер

Жаңа жыл

Моншақтар

Үлгі

Шарлар

Декорациялау

№2 тапсырма. Зерттеу жаңа тақырып. топтық жұмыс: жұмбақтарды шешіңіз

Қыста келген,

Көктемде кеткен.

Көрпе боп жатқан,

Жылға боп аққан. (Қар)

***

Көкке қарап наздана

Қолын созар күнімен.

Күз, Қыс, Көктем, Жазда да

Өзгермес бір түрінен. (Шырша)

***

Күн суытып, қар түссе,

Үстін бассаң, батпайсың.

Жаз кезінде, тал түсте

Іздесең де, таппайсың. (Мұз)

***

Жасыл ине киімім,

Жайлаймын тау биігін.

Жаңа жылды тойласаң,

Төріңдемін үйіңнің. (Шырша)

***

Аппақ етіп айналаны,

Ақ көбелек айналады. (Қар)

Айнымайды шыныдан,

Қорқады тек жылыдан. (Мұз)

***

Бұрап қойған сағаттай,

Айқайлайды таң атпай. (Әтеш)

***

Терезені өрнектеп,

Әдемі сурет салыпты.

Кім екенін табайық,

Көрінбей кетіп қалыпты. (Аяз)

***

Қыс түсіп, қар жауса, кілең

Дала кезіп тыншымайды.

Көрінбейтін саусағымен

Бетті аямай шымшылайды. (Аяз)

***

Айналып жүріп шыршаны,

Барлық адам ән салды.

Барлығы да шаттанып,

Қай мезгілді қарсы алды? (Қыс)

№3 тапсырма. Топтық практикалық жұмыс.

Оқушылардың өзіндік жұмысы. (Жаңа жылға безендіру идеялары мен нұсқаларын әзірлеу)

1 – топ қар нобайларын әзірлейді

2-топ өз қолдарымен киізден жасалған шырша Шарын орындайды.

3-топ жаңа жылдық венок жасайды

Жетістік

критерийлері

Дескрипторлер

балл

Оқушылар:

Білу

Жаңа жылды безендіру эскизін салды

Түсіну

Жұмбақтарға жауап береді

Қолдану

Шағын топтарда практикалық жұмыстарды орындады

Талдау

Жаңа жылға безендіру дизайнын жасады (топта жұмыс істеу))

Синтез

Тарих пен өнер арасында өзара байланыс тапты.

Бағалау

Өз жұмысын және басқалардың жұмысын табысты таңдау арқылы бағалайды.

Барлық балл саны:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу