2-сабақ. Қазақ кілемдері, Алаша, Кілем тоқу, Гобелен, Қазіргі кілемдер үлгісі. Көркем еңбек (қыздар), 9 сынып, презентация.


1Бөлім : Сәндік қолданбалы өнер

Сабақтың тақырыбы: Қазақ кілемдері, Алаша, Кілем тоқу, Гобелен, Қазіргі кілемдер үлгісі.

Оқыту мақсаты:

9.1.3.1 шығармашылық ойды жүзеге асыру мен дамытуда алғашқы және қазіргі ақпарат көздерін мақсатты түрде және өнімді қолдану (ақпараттық- коммуникативтік технологияларды қолдану);

9.2.2.2 әртүрлі өнеркәсіпте технологияның және өндірістік үдірістер туралы білімдері мен түсінігін көрсету.

Сабақтың мақсаты:

1.Қазақ кілемдері жайлы түсініктерін арттыру мақсатында зерттеулер жүргізу.

2.Алаша, Кілем тоқу, Гобелен түрлерін анықтап, айырмашылықтарын зерттеп көрсету.

3. Өнеркәсіптің түрлі салаларындағы өндірістік үдерістер туралы білім мен түсініктерді көрсету. Эксперименттер жасау.

Қазақ кілемдері

Талдауға арналған сұрақтар:

- Қазақ кілемдері қандай болған?

- Түстері қанық па?

- Өрнектер неге ұқсайды?

- Кілемді қазақтар қалай жасаған?

- Қандай материалдарды қолданған?

Зерттеу.

Оқушыларды үш топқа бөліп, тапсырма беріледі.

Зерттелетін аспектілер.

Алаша дегеніміз не?

Гобелен қандай болады?

Кілем тоқу, қазіргі кілемдердің түрлері қандай болады?

Жүргізілген зерттеудің дескрипторлары.

- Алаша қалай жасалынатынын біледі.

- Гобелен қалай жасалынатынын біледеді

- Кілем қандай болатынын ажыратады.

- Қазіргі кілемдердің түрлерін анықтайды.

- Осы тоқыма өнерінің айырмашылықтарын көрсетеді.

https://www.youtube.com/watch?v=p7jKG3iFlI8

https://www.youtube.com/watch?v=W7kk8yHjfuU

Тоқу түріне эксперименттер жүргізу

Қолданылатын материалдар:

1.картон А4, арқау жіп, тоқитын түрлі-түсті жіптер, тоқуға арналған айыр, қайшы, сызғыш, қалам.

Эксперименттер жүргізудегі қауіпсіздік ережесі:

1. Үшкір, кесетін заттар мен жұмыс жасағанда абай болу;

2. Қайшымен жұмыс істеу тәртібі:

Қайшыны жолдасыңа үшкір жағын өзіңе қаратып бер;

3. Қайшының жүзін жабық түрінде келтіріп, партаның оң жағына қой.

Кезең бойынша тоқу барысы

Бағалауға арналған дескрипторлар:

- Жіпті дұрыс тартып кереді.

- Жіптер айқасып түседі

- Тоқуда ұқыптылықты көрсетеді.

Бағалау критерилері

1.Қазақ кілемдері жайлы толық мағлұмат береді.

2.Алаша, кілем, гобелен түрлерін ажыратады.

3.Қазіргі кілемдердің түрлеріне тоқталады, қолданылатын материалдарды атайды.

4.Тоқуда эксперименттер жасай алады.

5.Өзінің және өзгенің жұмыстарын талдау жасай алады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу