2-сабақ. Қазақ кілемдері, Алаша, Кілем тоқу, Гобелен, Қазіргі кілемдер үлгісі. Көркем еңбек (қыздар), 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар: Көркем өнер

Сабақ : № 1Бөлім : Сәндік қолданбалы өнер

Мектеп : Тараз қаласы Физика –математика Бағытындағы Назарбаев Зияткерлік Мектеп

Күні: 2 сабақ

Мұғалім : Матжанова Ляззат Катипхановна

Сынып 9

Сабақ тақырыбы

2-сабақ. Қазақ кілемдері, Алаша, Кілем тоқу, Гобелен, Қазіргі кілемдер үлгісі.

Оқу мақсаты:

Ортамерзімді жоспардан:

9.1.3.1 шығармашылық ойды жүзеге асыру мен дамытуда алғашқы және қазіргі ақпарат көздерін мақсатты түрде және өнімді қолдану (ақпараттық- коммуникативтік технологияларды қолдану);

9.2.2.2 әртүрлі өнеркәсіпте технологияның және өндірістік үдірістер туралы білімдері мен түсінігін көрсету.

Сабақ мақсаты

1.Қазақ кілемдері жайлы түсініктерін арттыру мақсатында зерттеулер жүргізу.

2.Алаша, Кілем тоқу, Гобелен түрлерін анықтап, айырмашылықтарын зерттеп көрсету.

3. Өнеркәсіптің түрлі салаларындағы өндірістік үдерістер туралы білімі мен түсініктерді көрсету. Эксперименттер жасау.

Бағалау критерилері

  • Қазақ кілемдері жайлы толық мағлұмат береді.
  • Алаша, кілем, гобелен түрлерін ажыратады.
  • Қазіргі кілемдердің түрлеріне тоқталады, қолданылатын материалдарды атайды.
  • Тоқуда эксперименттер жасай алады.
  • Өзінің және өзгенің жұмыстарын талдау жасай алады.

Құндылықтарды білу.

  • Басқалардың ойымен пікірін құрметтеу.
  • Оқушылар арасында жақсы қарым-қатнас орнату.
  • Оқушылар бір- бірін тыңдай біліп,басқалардың жұмыстарына құрметпен қарап,ойын жеткізе білу.
  • Оқушыларға мәдени және эстетикалық тәрбиені қалыптастыру.

Пән арасындағы байланыс.

Зерттеу барысында теориялық білімдерін «Технология» және «Өнер тарихымен» байланыстыру.

АКТ –ны пайдалану дағдылары.

Оқушылардың ақпаратты іздестірумен, оны іріктеумен, фактілер мен құбылыстар арасындағы байланысты салыстырумен және белгілеумен байланысты өзіндік жұмыс дағдыларын дамыту.

Алдын алу білімі

Қазақтың қолданбалы қолөнерінің шығу тарихын біледі және тоқу өнері жайлы терең мағлұмат алды. Тоқыма өнерінің түрлерін анықтап, сараптады. Сәндік-қолданбалы өнердегі өнердің стильдік бағыттарының ерекшеліктері.

Тіл мақсаты.

Оқушылар орындай алады:

Ұлттық қазақ өнерінің өнер туындыларын тоқымалық техникадағы басқа да мәдениет бұйымдарымен салыстыру және талдау.

Тоқудың түрлі тәсілдерінің ерекшеліктерін анықтау

Пәндік сөздік қор /Пәндік лексика және терминология

Кілем, алаша, гобелен, тоқыма өнері

форма, сызық, өрнек, технология, шебер, жіп.

жасау

Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері

Мен ...таңдау себебі, ... Мен бұны ... материалдан жасалғанын білдім.

Мен ... пайдалы жақтарын білемін.

Мен ... материалдар мен құралдарды қолданғанын білдім.

Бұл бұйым ... ерекшеліктерден тұрады.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған сабақтың қызметі

Дереккөздер

Ұйымдастыру кезеңі

5-мин

Өткен сабақты еске түсіру не жасалып, не қарастырғаны жайлы еске түсіру.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Дәстүрлі қазақ өнерінің пайда болу тарихы туралы айтыңыз?

2.Қолмен тоқу түрлері қандай болып келеді?

3. Тоқыма бұйымдарының айрықша ерекшеліктерін атаңыз?

4. Қазақ тоқымасының қандай түрлері бар?

Оқушылардың жауаптары.

https://www.youtube.com/watch?v=p7jKG3iFlI8

https://www.youtube.com/watch?v=W7kk8yHjfuU

5-минут

10-минут

Мақсат 1.1. Қазақ кілемдері жайлы толық мағлұмат береді.

(О) (Т) (Ф) Талдауға арналған сұрақтар:

Оқушыларға иллюстрациялар, суреттер, қазақ кілемдері жайлы тоқымадан жасалған бұйымдарды қарастыруды ұсынымыз.

  • Қазақ кілемдері қандай болған?
  • Түстері қанық па?
  • Өрнектер неге ұқсайды?
  • Кілемді қазақтар қалай жасаған?
  • Қандай материалдарды қолданған?

(Т) (Д) (Ф) Зерттеу.

Оқушыларды үш топқа бөліп, тапсырма беріледі.

Зерттелетін аспектілер.

  • Алаша дегеніміз не?
  • Гобелен қандай болады?
  • Кілем тоқу, қазіргі кілемдердің түрлері қандай болады?

Жүргізілген зерттеудің дескрипторлары.

  • Алаша қалай жасалынатынын біледі.
  • Гобелен қалай жасалынатынын біледі
  • Кілем қандай болатынын ажыратады.
  • Қазіргі кілемдердің түрлерін анықтайды.
  • Осы тоқыма өнерінің айырмашылықтарын көрсетеді.

Оқушылар өз зерттеулерін постерлерде немесе электронды презентацияда ұсына алады. Көрсетілгеннен кейін оқушыларға жүргізілген зерттеу туралы қорытынды жасауды ұсыныңыз.

Сабақты бағалау

5-мин

15-минут

(О)(Т)Өнеркәсіптің түрлі салаларындағы өндірістік үдерістер туралы білімі мен түсініктерін көрсету мақсатында оқушылармен әртүрлі тоқудың процестерін бейнероликтерден көреміз.

https://www.youtube.com/watch?v=p7jKG3iFlI8

https://www.youtube.com/watch?v=W7kk8yHjfuU

Көрсетілген бейнероликтен оқушылардың түсініктерін толықтыру мақсатында сұрақтар беріледі.

  • Тоқу технологиясы қандай?
  • Станоктың неше түрлерін көрдіңдер?
  • Арқау жіптер не үшін керек?
  • Бұл жұмыс қанша уақытты талап етеді екен?
  • Тоқудың технологиясы жайлы не айта аласыздар?
  • Нобайларды қалай дайындайды?
  • Қандай құрал- жабдықтарды қолданған?

Оқушылардың жауаптары.

(О)(Ж)(Ф) Оқушыларға келесі тапсырманы орындауды ұсыныңыз:

Өздері бейнероликтерден көрген тоқудың өндірістік үдірістері туралы алған білімдері бойынша тоқудың ең оңай түріне эксперимент жасауды ұсыныңыз.

Эксперимент жасауда керекті материалдарды дайындалады.

Оқушылар бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерін таныстырып өту. Мұғалім эксперимент жасауда кезең бойынша тоқудың суреттерін таратпа материал ретінде оқушыларға беріледі. Жұмыс барысы, мұғалім жасайды оқушылар бірге қайталап отырады.

Бағалауға арналған дескрипторлар:

  • Жіпті дұрыс тартып кереді.
  • Жіптер айқасып түседі
  • Тоқуда ұқыптылықты көрсетеді.

Оқушылар сабақтың соңында өз жұмыстарын ұсынып, бір-бірінің жұмыстарын талдап кетеді.

Кері байланыс

Екі ұсыныс бір тілек.

Үйге тапсыма беру. Өнер материалдарын әкелу.

Кері байланыс:

  • Не білдім нені түсіндім?
  • Түсініксіз не болды.?
  • не жетілдіруіміз кажет?
  • Қандай қиыншылықтар болды
  • Не оңай болды?
  • Болашақ сабақтарда не көргілері келеді.?

Практикалық

материалдар, альбом, түрлі-түсті қаламдар,

картон А4, арқау жіп, тоқитын түрлі-түсті жіптер, тоқуға арналған айыр,

қайшы, сызғыш,

қалам

Қосымша ақпарат

Сабақтың соңында оқушылар:

Үйренгендері туралы ойланады

Келесі сабақтың мақсаттарын белгілейді

Өздерінің және өзгелердің жұмыстарын бағалайды.

.

Дифференциация

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

 

Дифференциацияны Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады тапсырма беруде оқушыларды өзімнің бақылауым бойынша қабілеті төмен балалармен белсенді балаларды қосып отырғызуға тарысамын.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз

Сабақта оқушылардың ақпаратты қаншалықты түсінгенін, ең бірінші зерттеу бойынша оқушылар жалпы тоқыма өнерінің шығу тарихын зерттеп, топ бойынша бір-бірінің ақпараттарын тыңдап, талдап бағалайды. Топтар бір-біріне екі жұлдыз бір тілек айту арқылы түсініктерін көрсетеді

Екінші практикалық нобайлар жасағанда оқушылардың альбомдарында бейнелеген нобайларын сыныпқа ұсынып әр халықтың ою-өрнектерін көрсетіп, талдау жасайды.

Дифференциацияны сабақтың практикалық бөлімінде сурет салуға қабілеті төмен балалардың қастарына барып қолдау көрсетемін. қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап

Сабақты жопарлауда паралелл сабақ беретін мұғалімдермен бірігіп жалпы жоспар құрылады. Соған қарап өзіміздің жеке жоспарымызды жасаймыз . Ол кезде сыныптың қабілеті ескеріліп тапсырма дайындалады.

Оқушылар сабақтың зерттеу бөлімінде АКТ дағдыларын дамыта алады.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу