Қазақстанның дәстүрлі тоқыма өнері. Қазақ кілемдері. Алаша. Кілем тоқу. Гобелен. Қазіргі кілемдер үлгілері. Көркем еңбек (қыздар), 9 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары. Көркем еңбек. 9 сынып (қыздар тобы)

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1 бөлім Сәндік қолданбалы өнер

Күні:

Сынып: 9

Сабақ 1

Уақыт: 40 минут

Мұғалімнің аты-жөні:

Сабақ тақырыбы

Қазақстанның дәстүрлі тоқыма өнері. Қазақ кілемдері. Алаша. Кілем тоқу. Гобелен. Қазіргі кілемдер үлгілері.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.2.1 өнер туындыларының тарихи және мәдени шығармаларындағы материалдар мен стильдерді жариялауда көпшілік назарының әсерін қарастыра отырып, салысытрмалы талдауды жасау;9.1.3.1 шығармашылық ойды жүзеге асыру мен дамытуда алғашқы және қазіргі ақпарат көздерін мақсатты түрде және өнімді қолдану (ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану);9.2.2.2 әртүрлі өнеркәсіпте технологиялық және өдірістік үдерістер туралы білімдері мен түсінігін көрсету

Сабақ мақсаттары

  • Қазақстанның тоқыма өнерінің тарихымен, түрлерімен танысады;
  • Кілемдер түрлерін меңгереді;
  • Гобелен өнерімен танысады;
  • Қазіргі кілемдер үлгілерін зерттейді.

Бағалау критерийлері

Оқушылар жеке немесе топтық жұмыс жасауы мүмкін.

  • Тоқыма өнерінің тарихын және түрлерін біледі;
  • Кілем тоқу өнерінің түрлерін анықтай алады;
  • Алаша өнерінің тарихын, түрлерін біледі.
  • Кәзіргі кілемдер үлгілерін біледі;
  • Таныстырылым барысында пікірталастарға қатысады;

 Тілдік мақсаттар

Қазақстанның дәстүрлі тоқыма өнері. Қазақ кілемдері.

Глоссари:

Алаша – бүктеуге, жинауға, алып-салуға қолайлы мүлік. Мұны ұсталатын орнына қарай әрі енді, әрі көлемді етіп жасайды.

Кілем тоқу - Кілем — әсемдік үшін, сондай-ақ үйдің жылылығын сақтау, дыбысты бәсеңдету үшін пайдаланылатын түрлі-түсті ою-өрнек салып тоқылған бұйым. Кілем бір немесе бірнеше қабатты, түкті немесе тықыр болып келеді. Түкті кілем бірнеше қабаттан тұрады. Мұндай кілемнің негізі және арқауы жекеленген жіптерден, бірақ бір-біріне тығыз орналасқан түйіндерден тұрады. Жіптердің ұшы біркелкі қырқылғаннан кейін пайда болатын қалың түк мұндай түйіндерді көрсетпей жауып тұрады.

Гобелен қолдан тоқыған кілем-сурет. Түрлі түсті жібек және жүн жіптерден бөлек бөлек тоқылып, кейін біріктіріледі. Тар мағынада — 1662 ж. құрылған Париж мануфактурасының өнімі; бояушы Гобелендер есімімен аталған.

Терминдер: тоқу, теру, кілем, дәстүрлі.

 Құндылықтарды

 дарыту

Зерттеу, практикалық жұмыс жасау барысында оқушылар бір-бірімен ынтымақтастық қарым-қатынаста жұмыс жасайды, өздерін және өз жұмыстарын алға жылжыту мақсатында еңбектенеді, ізденеді, өзара бағалау кезінде шыншылдық құндылығы артады.

 Жаһандық

 Азаматтық

Қазақстанның дәстүрлі тоқыма өнерін өзге елдердің тоқыма өнерімен салыстырады, ұқсастығын, айырмашылығын анықтайды.

Пәнаралық байланыстар

Тарих, физика, геометрия.

Мысалы, Кілем тарихымен, түрлерімен танысқанда тарих пәніне, қажетті құрал-жабдықтары яғни тоқыма жіптерін бояу үшін қолданылатын бояғыш заттарды анықтау үшін физика пәніне, кілем, алашаға салынатын ою-өрнектер, нақыштар тепе-тең түсу үшін геометрия піндерімен байланыстыруға болады.

АКТ қолдану дағдылары

Кілем, алаша, гобелен өнерін зерттеу, мәлімет жинақтау үшін интернет желісін пайдалану (бейнежазбалар, презентациялар, слайдтар көрсету т.б), фотосуреттер көру.

Бастапқы білім

Сәндік қолданбалы өнер түрлерін біледі, тоқыма өнерімен таныс.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

«Сұраққа жетіп ал» белсенді әдісі

3 минут

Презентация

7 минут

Жаңа оқу жылындағы алғашқы сабақ болғандықтан мұғалім оқушыларды 9 сыныпта жүргізілетін тақырыптармен таныстырады.

Оқушылардың алдыңғы білімдерін тексеру мақсатында «сұраққа жетіп ал» белсенді әдісі қолданылады. Ол үшін мұғалім кішірек допты сұрақ қоя отырып бір оқушыға лақтырады.Ол оқушы келесі оқушыға сұрақ қоя отырып допты лақтырады.

Сұрақтар:

  • Сәндік қолданбалы өнер дегеніміз не?
  • Тоқыма өнерінің түрлерін атаңыз;
  • Алаша өнері дегенді қалай түсінесіз?
  • Кілем, гобелен тоқу өнері дегеніміз не?

Осылайша мұғалім 3 минут ішінде оқушылардың алдыңғы білімдерін анықтайды.

Сәндік қолданбалы өнер және тоқыма түрлері туралы презентация көрсетіледі.

1-10 слайдтар

Сабақтың ортасы

«қаламсап» әдісі топқа біріктіру

2 минут

Зерттеу жұмысы

13 минут

Тапсырма

Дескриптор

Таныстырылым

10 минут

Өзара бағалау

«Басбармақ» әдісі

Кері байланыс

«Ой толғау»

3 минут

Сабақты қорыту

1 минут

Үйге тапсырма

1 минут

Оқушыларды «қаламсап» әдісі арқылы 3 топқа біріктіру.

Тоқыма өнеріндегі кілем, алаша, гобелен тоқу өнерлері түрлі-түсті қағазға жазылып жеребе таратылады. Әр топ оқушылары берілген тоқыма өнері туралы мәліметтер жинақтайды.

Тапсырма: Әр топқа тиісті кілем, алаша, гобелен тоқу өнерлерінің тарихын, тоқылу жолдарын, ерекшеліктерін зерттеңіздер. Қазақстандық және әлемдік тоқыма өнерінен мысалдар келтіріңіздер.

Дескриптор:

  • кілем, гобелен, алаша өнерінің тарихын біледі;
  • кілем, гобелен, алаша өнерінің түрлерін анықтайды;
  • тоқылу жолдарын, ерекшеліктерін зерттейді;
  • қазіргі кілемдер түрлерін анықтайды.
  • мәліметті сызба, сурет ретінде флипчартқа түсіреді;
  • зерттеу жұмысына таныстырылым жасайды.

Оқушылар жоғарыда аталған тоқыма өнері туралы туралы мәліметтер жинақтап флипчартқа сызба, сурет ретінде түсіреді, бояуда орындайды, креативті таныстырылым жасауға дайындалады.

Зерттеулерін біткен топ қол шапалақтап белгі береді және таныстырылымға шығады. Дескрипторге сәйкес әр топ тоқыма өнерінің үш түрі бойынша таныстырылым жасайды.

Таныстырылым аяқталған соң өзге топ оқушылары басбармақ әдісінде өзара бағалау жүргізіп, әр топтан бір оқушы ауызша кері байланыс береді.

Оқушылардан бүгінгі сабаққа байланысты кері байланыс алынады. Ол үшін «білемін», «білмеймін», «білгім келеді» деген үш бағаннан тұратын «Ой толғау» кері байланыс парақшасы беріледі. Оқушылар өз ойларын осы кестеге жазады.

Сабақты қорыта келе мұғалім сабақта белсенді түрде жұмыс жасаған оқушыларды айтып шығады және қолдау көрсетеді.

Sketchbook (сурет дәптері), түрлі-түсті қаламдар, өшіргіш алып келу.

Саралап оқыту

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Зерттеу жұмысы кезінде дифферениациялық тапсырманы оқушылар өздері таңдап алады. Таныстырылым түріне қарай яғни электронды презентация жасайды немесе флипчартқа сызба ретінде сызып таныстырады.

Өзара бағалау

«Басбармақ» әдісі

Кері байланыс

«Ой толғау»

Практикалық жұмыс барысына құрал-саймандарды қолданғанда сақ болу, пышақты жоғары көтермеу, сызғыштарды, циркуль т.б. заттарды лақтырмай ұқыпты ұстау, қолөнер бұйымдарымен ноутбуктарды қолданғанда қауіпсіз пайдалану және сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу