Иықты бұйым бөлшектерін пішу. Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, дидактикалық материал.


3 Бөлім. Дизайн және технология

Сабақ тақырыбы: Иықты бұйым бөлшектерін пішу

Оқу мақсаты:

8.2.3.1 Қол мен тігін құрал-жабдықтарын және олардың құрылғыларын қолдана отырып, тоқыма материалдарын өңдеу мен сәндеудің тиімді әдістерін анықтау және қолдану;8.2.3.2 Әртүрлі конструкциялар мен материалдарды (тоқыма, табиғи және жасанды) қолдана отырып, өз бетінше құрастырған технологиялық құжат арқылы күрделендірілген бұйымдар дайындау;

Сабақ мақсаты:

Оқушылар иықты бұйымды тігуге арналған матаны пішу ережелерімен танысады, тәжірибелік жұмыс кезінде таңдаған материалы мен қажетті құрал-жабдықтарды қолданады, иық бұйымы бөлшегін пішуді орындайды.

  • Ұйымдастыру кезеңі:

 Бұл үшінші тоқсанның алтыншы сабағы. Мұғалім оқушыларды сабақ басында «Тілек бұлттары» тәсілі арқылы оқу барысына ынталандыру үшін, белсенді оқу іс-әрекетіне бағыттайды. Бұл белсенділік жұмысын жүргізу үшін алдын ала флипчарт немесе үлкен қағаз парағы, сонымен бірге - маркер, бор, фломастерлер дайындалады. Оқушылар стикерге осы сабақтан не күтетінін жазып, оны флипчартқа немесе үлкен қағазға әртүрлі реңктегі бұлттар бейнесінде бекітеді. Оқушылар бұл жазбаларды кабинетте барлығына көрінетіндей жерге орналастырып, сабақ барысында қажеттілігіне қарай пайдаланады.

  • Мақсатты тұжырымдау

 Оқушылар өткен сабақтағыдай топ құрамында тақтаға жазылған сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы ойланып, оның мәнін түсіндіреді.

  • Миға шабуыл

 Оқушылар өз пішімінің сызбаларын қарастырады және мұғалімнің матадан бөлшектерді қалай пішіп алуға болады? деген сұрағына топта бір біріне жауап береді. Жұмыстан соң оқушылар топ ішінде осы сұрақ төңірегінде ойларын айтады.

  • Шығармашылық жұмыс. Матаны және бөлшектерді пішуге дайындау.

 Бірінші кезеңде оқушылар матаның бойлық жіп бағытын, өңі мен теріс бетін, сурет бағытын анықтауды үйренеді.

 Екінші кезеңде оқушылар матаның ақауын қалай анықтауға болатынымен танысады. Оқушылар матаның ақауын тексереді, пішу кезінде оған назар аудару үшін, кесдескен ақаудың барлығын бормен, арнайы маркермен немесе қарындашпен, сабынмен матаның теріс жағына белгілейді.

 Үшінші кезеңде оқушылар кейінгі қысқарудың алдын алу үшін матаны декатирлеумен танысады.

 

 Төртінші кезең оқушыларға матаны үтіктеу қажеттігін еске салады.

 Бесінші кезеңде оқушылар матаның өңі жағын ішіне қаратып, бойлық жіп бойымен ортасынан бүктеп, суреттерін теңестіре отырып, түйреу, сонан соң – бұрыштық арқылы көлденең мата қиығын тегістеумен танысады.

  • Жаңа ақпарат. Мұғалім көрсетілімі.

Матаға пішім бөлшектерін орналастыру (жайылма).

Оқушылар жаңа ақпаратпен танысады. Мұғалім матада пішім жайылмасының қалай және қандай реттілікпен орындалатынын немесе жайылма кезеңі бейнеленген көрнекі суреттерді көрсетеді. Көрнекі көрсетілім көрсеткен жөн, өйткені ол оқушылардың жаңа ақпаратты жақсы түсінуіне жағдай жасайды.

  • Пішім сызықтарын көшіру тәсілдері.

Ақпараттық мәтінмен жұмыс:

Оқушылардың бұл ақпаратпен танысуы үшін, мұғалім тапсырма тақырыбы бойынша сұрақтарды қарастыруды ұсынады.

  • Белгіні бір бетінен екінші бетіне қандай тәсілмен көшіруге болады?
  • Ол үшін қандай құралдар қажет?

Осы сұрақтарға жауап бере отырып, оқушылар топта өздігімен жаңа ақпаратпен танысады, соңынан оны сыныптастарына айтады:

  • көшірме қағаз және кескіш-дөңгелекше қолдану;
  • түйреуіш қолдану;
  • түзу инешаншым арқылы;
  • көшіру инешаншымы арқылы;
  • көшірме қағаз және кескіш-дөңгелекше қолданып: кереғар түсті көшірме қағазды пішіммен бірге салып, пішім жиегінің бойымен кескіш-дөңгелекшемен жүргізіп шығады. Түзу сызықтар сызғышпен жүргізіледі, бақылау нүктелері қысқа штрихпен белгіленеді;
  • түйреуішті қолданып: пішімнің контур сызығы бойымен жоғарғы бөлшекті түйреуішпен екі қабатын қоса түйреп, төменгі бөлшекте бормен белгіленеді, сонан соң сызық жүргізіледі. Бұл тәсіл жұқа материалдарға жарамайды;
  • түзу инешаншым арқылы: сызық жүргізгеннен кейін пішім бөлшектерін ажыратып, матаның өңі жағынан көрінетіндей конструктивті сызықтармен, түзу инешаншымдармен көшіріледі;
  • көшіру инешаншымы арқылы: жоғарғы бөлшектің контур сызығы бойымен көшіру инешаншымы жүргізіледі, сонан соң бөлшектерді ашып, жіптерін қияды.
  • Тәжірибелік жұмыс

Оқушылар иықты бұйым бөлшектерін пішу тәсілін таңдайды және оны өздігімен немесе командамен орындайды. Мұғалім оқушылардың қажетті тәсілді таңдау туралы талқылауына, бұл туралы олардың ой-пікірлеріне түсініктеме беруіне немесе түзету енгізе отырып, қатысуына болады.

  • Өтілген (оқыған) материалды бекіту.

 (Ауызша немесе жазбаша, карточка бойынша)

Оқушыларға берілген сұрақтарға ауызша немесе жазбаша түрде жауап беру ұсынылады:

  • Матаны пішуге дайындауға қандай операциялар кіреді?
  • Матаны пішу кезінде ақаулары қалай ескеріледі?
  • «Декатирлеу» дегеніміз не?
  • Өз моделіңнің пішім бөлшектерін атаңдар.
  • Симметриялық жағына сызықтар қандай тәсілдермен көшіріледі?
  • Пішім бөлшектеріне орта сызығы не үшін жүргізіледі?
  • Пішім түйрегіштермен неліктен түйреледі?

Оқушыларға алдағы тәжірибелік жұмысты орындауға алған білімдері, осы тәсілдерді қолдану көмектеседі.

  • Бағалау

Өзіндік бағалау: Оқушылар өз жұмыстарын ерекшелігін түсіндере отырып, бір-біріне көрсетеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу