Иықты бұйым бөлшектерін пішу. Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, сабақ жоспары.


6 Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Дизайн және технология

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Иықты бұйым бөлшектерін пішу.

Осы сабақта

қол жеткізілетін

оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.3.1 Қол мен тігін құрал-жабдықтарын және олардың құрылғыларын қолдана отырып, тоқыма материалдарын өңдеу мен сәндеудің тиімді әдістерін анықтау және қолдану;8.2.3.2 Әртүрлі конструкциялар мен материалдарды (тоқыма, табиғи және жасанды) қолдана отырып, өз бетінше құрастырған технологиялық құжат арқылы күрделендірілген бұйымдар дайындау;

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • иықты бұйымды тігуге арналған матаны пішу ережелерімен танысады;
  • тәжірибелік жұмыс кезінде таңдаған материалы мен қажетті құрал-жабдықтарды қолданады;
  • иық бұйымы бөлшегін пішуді орындайды.

Жетістік критерийлері

- матаны пішу ережелерінің ерекшеліктерін түсінеді;

- тәжірибелік жұмысты орындау кезінде алған білімдерін қолданады;

- қажетті материалдар мен құрал-жабдықтарды қолдану кезінде қауіпсіздік ережесін сақтайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар сабақ тақырыбы бойынша арнайы терминологияны қолдануларына болады.

Оқушылар алған ақпараттарын талдап, қажеттілігіне қарай қорытынды жасайды.

Пәнге тән лексика және терминология:

Дизайндық нұсқау: идея қалыптастыру, стиль, халықтық пішім,

пішім …

Өнеркәсіптік жұмыстың кәсіби маманы.

Диалог және жазу үшін қажетті сөз тіркестері:

Біз мұндай материалдар қолданылған киім бұйымдары, өзекті болады деп болжаймыз, өйткені ...

Біздің идеямыз жаңартпашыл болып табылады, өткені біз жаңа матаны дәстүрлі матамен үйлестіреміз.

Мұндай материал түрін қолдану, бізге ... түсінуге көмектеседі. Модельді модельдеу бізге …. мүмкіндік береді.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

  • оқушылар арасындағы өзара құрмет, ынтымақтастыққа;
  • өз отанына сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
  • азаматтық жауапкершілікке және патриоттық сезімге баулу;
  • топта жұмыс жасау арқылы адалдыққа тәрбиелеу.

 Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі – сабақ тақырыбы бойынша қажетті сөздер мен сөйлемдер.

Бастапқы білім

Бұл үшінші тоқсанның алтыншы сабағы, оқушылар ұлттық киімнің әртүрлі түрлері және стильдерімен таныс және модель сызбасын дайындау кезінде модельдеуді орындады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басталуы

2-3 минут

1-2 минут

  • Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім оқушыларды сабақ басында «Тілек бұлттары» тәсілі арқылы оқу барысына ынталандыру үшін, белсенді оқу іс-әрекетіне бағыттайды. Оқушылар стикерге осы сабақтан не күтетінін жазып, оны флипчартқа немесе үлкен қағазға әртүрлі реңктегі бұлттар бейнесінде бекітеді. Бұл жазбаларды кабинетте барлық оқушыларға көрінетіндей жерге орналастыруға және сабақ барысында қажеттілігіне қарай пайдалануға болады.

  • Мақсатты тұжырымдау

Оқушылар тақтаға жазылған сабақтың тақырыбы мен мақсатымен танысады және өткен сабақтағыдай топ құрамында бұл туралы ойланып, оның мәнін түсіндіреді.

Электронды презентация 1-слайд.

Сабақ тақырыбына сәйкес, әртүрлі тақырыпқа музыкалық композиция

Электронды презентация 2 слайд

Сабақтың ортасы

1 минут

3-5 минут.

2-3 минут

2-3 минут

15-20 минут

1-2 минут

    • минут
  • Миға шабуыл

Оқушылар өз пішімінің сызбаларын қарастырады және мұғалімнің матадан бөлшектерді қалай пішіп алуға болады? деген сұрағына топта бір-біріне жауап береді. Жұмыстан соң оқушылар топ ішінде осы сұрақ төңірегінде ойларын айтады.

  • Шығармашылық жұмыс. Мата мен бөлшектерді пішуге дайындау.

 1- кезең. Матаның бойлық жіп бағытын, өңі мен теріс бетін, сурет бағытын анықтау.

Оқушыларға матаның өңі жағын анықтау қажет. Мата әдетте рулонда екі бүктеліп оралады. Жүн маталардың өңі жағы ішіне қаратылып, ал жібек маталардың өңі сыртына қаратылып оралады. Матаның жиегіндегі тесіктер матаның теріс жағынан өңі жағына бағытталған. (Барлық тоқыма ақаулары әдетте матаның теріс бетінен көрінеді). Егер матаның суреті болса, оның суреттерінің қай бағытта – бір жағына немесе әртүрлі жаққа орналасқанын қарау қажет. Жайылма кезінде бұйым бөлшектерінің барлығында суреттің бір бағытта орналасуын ескеру қажет.

 2- кезең. Матаның ақауын анықтау.

 Оқушылар матаның ақауын тексеруі қажет. Матаның өңі бетінде:

  • артық талшықтың;
  • қысқа жуан жіптің;
  • бойлық немесе арқау жібінің біреуінің немесе бірнешеуінің болмауы;
  • түрлі реңктіктің;
  • мата бояуында ақаудың болмауы тиіс.
  • Барлық табылған ақауларды пішу кезінде ескеру үшін, матаның теріс жағынан бормен, арнайы маркер немесе қарындаш, сабынмен белгілеуге болады.
  • 3 кезең.
  • Кейінгі қысқарудың алдын алу үшін матаны декатирлеу қажет.
  • Ылғалды-жылумен өңдеу (үтіктеу), жуу кезінде кейбір маталар отырады (қысқарады). Соның алдын алу үшін, матаны пішу алдында декатирлеу (ылғалды-жылумен өңдеу) қажет. Матаны созбай, бойлық жіп бағытымен үтіктеу қажет. Бойлық жіп мата жиегінің бойымен бағытталған. Пішімді бойлық жіп бағытымен орналастыру керек.

4 кезең.

  • Оқушылар матаны үтіктеулері қажет.
  • 5 кезең.

Матаның өңі жағын ішіне қаратып, бойлық жіп бойымен ортасынан бүктеу, суреттерін теңестіре отырып, түйреу, сонан соң – бұрыштық арқылы көлденең мата қиығын тегістеу.

  • Жаңа ақпарат. Мұғалім көрсетілімі.
  • Матаға пішім бөлшектерін орналастыру (жайылма)

Оқушылар жаңа ақпаратпен танысады. Мұғалім матада пішім жайылмасының қалай және қандай реттілікпен орындалатынын немесе жайылма кезеңі бейнеленген көрнекі суреттерді көрсетеді.

Пішімді матаға орналастыру келесі реттілікпен орындалады.

Матаның өңі жағын ішіне қаратып, бойлық жіп бойымен ортасынан бүктеп, бұрыштық арқылы (пішім жайылмасы кезінде бөлшектерінің қиғаштануы болмауы үшін) көлденең мата қиығын тегістейміз. Жайылма туралап қойылған жиегінен басталады, алдымен үлкен бөлшектерді, сонан соң ұсақтарын орналастырамыз. Лекало бөлшектерін үнемді орналастыру керек. Бойлық жіп бағытын ескере отырып, матаға пішім бөлшектерін орналастырамыз.

  • Суреті бір бағыттағы матаға пішім бір бағытта орналастырылуы керек.
  • Егер матаның суреті үлкен болса, суретінің оң жағы мен сол жағы симметриялы болуы тиіс. Кезекпен пішімнің әрбір бөлігін матаға түйрегішпен түйрейміз.
  • Пішім контурын бормен айналдыра сызып шығамыз – бұл сызық бойымен тігіс жүргізіледі. Пішілетін сызық бойы мен бақылау нүктелері жіңішке ұшталған бормен немесе жұмсақ қарындашпен жүргізіледі.

Сонан соң қосымша енін қалдыра отырып, пішім контурын тағы айналдыра сызамыз. Матаны екінші, қосымша сызық бойымен пішеміз. Жіберілген қателікті түзету үшін, матаны пішуді орындау, бұйым бөлшектерін қию алдында міндетті түрде өзін-өзі немесе өзара бақылау жүргізу қажет.

6.Пішім сызықтарын көшіру тәсілдері.

Ақпараттық мәтінмен жұмыс

  • Белгіні бір бетінен екінші бетіне қандай тәсілмен көшіруге болады?
  • Ол үшін қандай құралдар қажет?

Осы сұрақтарға жауап бере отырып, оқушылар топта өздігімен жаңа ақпаратпен танысуы қажет, соңынан оны сыныптастарына айтады:

Пішім бөлшектерін контур сызықтарын, конструктивті сызықтарын көшіру және пішім бөлшектерін әртүрлі тәсілдермен маркировкалау арқылы өңдеуге дайындау. Контур сызықтарын (бүйір, иық, етек, қолтық ойындысы, мойын ойындысы), конструктивті сызықтар (бүкпе, алдыңғы бойдың орта сызығы және т.б.) жоғарғы бөлшекте белгілеп, екінші қабатына көшіріледі, яғни жұп бөлшекке немесе симметриялық жағына.

  • көшірме қағаз және кескіш-дөңгелекше қолдану;
  • түйреуіш қолдану;
  • түзу инешаншым арқылы;
  • көшіру инешаншымы арқылы;
  • көшірме қағаз және кескіш-дөңгелекше қолданып: кереғар түсті көшірме қағазды пішіммен бірге салып, пішім жиегінің бойымен кескіш-дөңгелекшемен жүргізіп шығады. Түзу сызықтар сызғышпен жүргізіледі, бақылау нүктелері қысқа штрихпен белгіленеді;
  • түйрегішті қолданып: пішімнің контур сызығы бойымен жоғарғы бөлшекті түйрегішпен екі қабатын қоса түйреп, төменгі бөлшекте бормен белгіленеді, сонан соң сызық жүргізіледі. Бұл тәсіл жұқа материалдарға жарамайды;
  • түзу инешаншым арқылы: сызық жүргізгеннен кейін пішім бөлшектерін ажыратып, матаның өңі жағынан көрінетіндей конструктивті сызықтармен, түзу инешаншымдармен көшіріледі;
  • көшіру инешаншымы арқылы: жоғарғы бөлшектің контур сызығы бойымен көшіру инешаншымы жүргізіледі, сонан соң бөлшектерді ашып, жіптерін қияды.

7.Тәжірибелік жұмыс

Оқушылар иықты бұйым бөлшектерін пішу тәсілін таңдайды және оны өздігімен немесе командамен орындайды.

  • Өтілген (оқыған) материалды бекіту.

 (Ауызша немесе жазбаша, карточка бойынша)

Сұрақтар:

  • Матаны пішуге дайындауға қандай операциялар кіреді?
  • Матаны пішу кезінде ақаулары қалай ескеріледі?
  • «Декатирлеу» дегеніміз не?
  • Өз моделіңнің пішім бөлшектерін атаңдар.
  • Симметриялық жағына сызықтар қандай тәсілдермен көшіріледі?
  • Пішім бөлшектеріне орта сызығы не үшін жүргізіледі?
  • Пішім түйрегіштермен неліктен түйреледі?
  • Бағалау

Өзіндік бағалау: Оқушылар өз жұмыстарын ерекшелігін түсіндере отырып, бір-біріне көрсетеді.

Электронды презентация 3 слайд

Пішім сызбасы

Иықты бұйым құрылымы: https://www.youtube .com/watch?v=lgqSBDll9Y

Пішуге арналған мата.

Жеңі тұтаспішілген иықты бұйым негізіндегі сызба құрылымы https://www.youtube .com/watch?v=chp_ 2R_uxJo

Матамен жұмысқа арналған бор, арнайы маркер немесе қарындаш.

Үтік, үтіктеу тақтасы

Қажеттілігіне қарай –матадағы пішім жайылмасы кезеңдері бойынша бейнеленген көрнекі суреттер.

Мата, көшіргі қағаз, ағылшын түйрегіштері, бор, сабын. Қарындаштар, маркерлер, кескіш- дөңгелекше.

Сұрақтар жазылған карточкалар

Сабақтың соңы

1-2 минут

Рефлексия

Оқушыларға осы сабақтағы іс-әрекетті сипаттайтын сөздерді (тақтаға жазылған сөздер: танымдық, тартымды, ақпараттық, жаңа, пайдалы және т.б.) белгілеу ұсынылады.

Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топта жұмысқа қабілеті жоғары оқушылар басшылық жасайды. Топ ішінде рөлді бөліп беру ұсынылады.

Өзін өзі бағалау, өзара бағалау, топта бағалау, мұғалімнің бағалауы.

Үзілісте сыныптың ауасын тазартып, желдетіп алу, сонымен қатар – әртүрлі көркемдік материалдармен және құралдармен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу