Халықтық пішім негізінде бұйым дайындау (Адам денебітімінен өлшем алу. Иықты бұйым сызбасын сызу). Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, дидактикалық материал.


3 Бөлім. Дизайн және технология

Сабақ тақырыбы: Халықтық пішім негізінде бұйым дайындау (Адам денебітімінен өлшем алу. Иықты бұйым сызбасын сызу)

Оқу мақсаты:

8.2.3.2 Әртүрлі конструкциялар мен материалдарды (тоқыма, табиғи және жасанды) қолдана отырып, өз бетінше құрастырған технологиялық құжат арқылы күрделендірілген бұйымдар дайындау

Сабақ мақсаты:

Оқушылар иықты киімді модельдеу ережелерімен танысады, тәжірибелік жұмыс кезінде таңдалған бұйым мен құрал-жабдықтарды қолданады, модельдеу жұмысын орындайды.

  • Ұйымдастыру кезеңі:

Бұл төртінші тоқсанның бесінші сабағы. Мұғалім оқушыларды сабақ басында «Сұрақ қой» тәсілі арқылы оқу барысына ынталандыру үшін, белсенді оқу іс-әрекетіне бағыттайды. Оқушыларға музыка сүйемелдеуімен жұп құруға ұсыныс жасауға болады. Сонымен бірге мұғалім оқушыларды ынталандыру үшін алдын ала сары, қызыл, көк және жасыл түсті әртүрлі қамзолдар бейнеленген карточкалар дайындап, ұсынуы қажет. Оқушылар «Қалай?» және «Неліктен?» т.б. сұрақтарды қолдана отырып, осы суреттер бойынша сұрақтар құрастырады. Бұл белсенділік оқушыларға өткен сабақ тақырыбын еске түсіруге және жаңа білімді меңгеруге көмектеседі.

  • Мақсатты тұжырымдау

Оқушылар өткен белсенділік кезіндегі карточкалармен жұмыс жасауды жалғастырады. Олар карточкалардағы әріп немесе сөздерді қарастырып, олардан қандай терминология (модельдеу) құрастыруға болатынын ойланады және одан сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды. Оны сынып тақтасына бекітіп, оқушылардан оқу мақсатын, сабақтағы тәжірибелік жұмысты түсіндіруді сұрау қажет.

  • Топтарға бірігу

Оқушылар өз карточкаларының түстері: сары, қызыл, көк және жасыл бойынша төрт топқа бірігеді.

  • Миға шабуыл

Оқушылар берілген сұрақтарды қарастырып, денебітімнің қандай түрлері оларға таныс екендігі, жобаланған тігін бұйымының конструкциясына денебітім түрі қалай әсер етеді, өлшем алу не үшін қажет, сонымен қатар - жобалық бұйым жасау үшін қандай өлшемдер алынатыны туралы жауаптар жазады. Әр топ бір сұрақ таңдап алады, оны талқылайды, сыныптастарына жауабын ұсынады.

  • Жаңа ақпарат

 Оқушылар модельдеу туралы жаңа ақпаратпен танысады. Ол қалай болады – көркемдік және техникалық және «Дизайнер» мамандығының ерекшелігі неде?

  • Шығармашылық жұмыс

 Мұғалім оқушылар назарын киімді модельдеу – бұйымның жалпы құрылымын өзгерту және модельдеу тәсілдерінің көптігіне аударады. Мұғалім модельдеу түрлерін көрсету үшін қамзолдардың әртүрлі суреттерін пайдаланады. Қамзолдың әртүрлі фасондары арқылы денебітімнің бойы мен көлемін өзгертуге, үлкейтуге немесе кішірейтуге, кемшілігін жасыруға, ерекшелігін көрсетуге болатынын түсіндіреді.

Бұйымды жасауда модельді көркемдік сәндеу, фурнитура мен мата түсін таңдау маңызды рөл атқаратынына назар аударту керек.

  • Бірлескен әңгіме

Оқушылар топтарда қамзолды модельдеу түрлерін талқылайды.

  • Тәжірибелік жұмыс

 Бірінші кезеңде мұғалім киімдерді модельдеу жобалық бұйымды түрлендіретініне және барлығының пішім негізі бірдей болғанымен, оларды бір-біріне ұқсамайтындай етіп модельдеуге болатынына оқушылардың назарын аударады.

 Модельді өзгерту үшін пішім негізіне қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу керек. Мұғалім мойын ойындысы, бұйымның төменгі сызығын, жеңінің түрін қалай өзгертуге болатынын көрсету үшін, сынып тақтасында модель сызбасының суретін немесе электронды презентация қолдануына болады.

2 кезең.

Оқушылар модельді модельдеуді және модельге енгізілген өзгертуді ескере отырып, пішім дайындайды.

3 кезең.

Жұмыс көрсетілімі.

  • Бағалау

Өзіндік бағалау: Оқушылар өз жұмыстарын ерекшелігін түсіндере отырып, бір-біріне көрсетеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу