алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Иықты бұйым бөлшектерін пішу. Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, дидактикалық материал.


2Қосымша

Тапсырма: матаны декатирлеуді орындаңдар.

Пішу алдында кейбір маталарды декатирлеу қажет:

  • 10-10 см өлшемдегі мата кесегін сулау және ыстық үтікпен үтіктеп кептіру;
  • егер тәжірибе жасалған үлгі көлемі өзгерсе, онда декатирлеу, яғни, матаны ылғалдау, ылғалды-жылумен өңдеу немесе табиғи кептіру қажет .

Ылғалданған кезде, барлық маталар ұзындығы бойынша және ені бойынша аздап қысқарады. Сондықтан, киімнің дайын түрінде немесе жуғаннан кейін деформациялануын болдырмау үшін, барлық маталарды пішуге дейін декатирлеу қажет. Бұл әсіресе мақта талшығының қосындысы бар маталарға қатысты.

Үй жағдайында декатирлеу, булы үтікпен үтіктеу арқылы жасалады. Матаның теріс жағынан булы үтікпен үтіктеледі. Кейбір маталарды жақсы ылғалдау (жылы суға салып алу) немесе дымқыл ақ жаймаға орап, бірнеше сағатқа қалдыру керек. Осылайша өңделген мата қайтадан ылғалданғанда қысқармайды, қысқарған жағдайда, барынша аз қысқарады.

 

 Матаны ылғалды-жылумен өңдеу. Дегенмен, кейбір маталарды (креп, барқыт, жібек) мүлдем ылғалдандыруға болмайды. Қажет болған жағдайда алдымен матаның бір бөлігін тексеріңіз немесе оны дүкенде матаны сатып алу кезінде анықтаңыз. Егер матаны декатирлеу қажет болса, онда оны орындау керек, өйткені бірінші жуудан кейін-ақ бұйым қысқарады.

Матаны пішу пішім бөлшектерін орналастырудан басталады

Матаны декатирлеуден кейін бойлық жіп бағытын ескере отырып, пішім бөлшектерін орналастырудың тиімді жолын таңдап, орналастыруға болады. Алдымен алдыңғы, артқы және жең пішімінің бөлшектері орналастырылады. Олардың арасына кішкене бөлшектер: белдік, қаттама, жаға, қалта және басқа бөлшектер орналастырылады. Үлгі ретінде әйел жейдесі пішімінің орналасу схемасы көрсетіледі. Матаның өңі жағы ішіне қаратылып, екіге бүктеледі. Артқы бойдың орта сызығы бүктеу сызығына орналастырылады.

3 Қосымша.

Тапсырма: матада пішімнің орналасу ережелерін қарастырып, келесілерді:

• бойлық жіп бағыты;

• мата бүктемесі;

• қосымшаларды көрсетіңдер.


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы