Халықтық пішім негізінде киім үлгісінің дизайны. (тұтас жеңдер). Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, дидактикалық материал.


3 Бөлім. Дизайн және технология

Сабақ тақырыбы: Халықтық пішім негізінде киім үлгісінің дизайны (тұтас жеңдер).

Оқу мақсаттары:

8.1.3.1 - шығармашылық идеяларды дамыту мен іске асыруда өз бетінше таңдаған ақпарат көздерін қолдану

8.1.4.2 - зерттеу нәтижелері негізінде тұтынушылардың өнімнің түрлеріне деген қажеттілігін анықтау.

Сабақ мақсаты: Оқушылар әртүрлі мәдениетте пайда болған киім модельдерін, әртүрлі тұтаспішімді жең түрлерінің ерекшеліктерін салыстырады, киім дайындаудың өндірістік процесін зерттейді.

  • Ұйымдастыру бөлімі.

Бұл үшінші тоқсанның бірінші сабағы. Мұғалім жоспар бойынша осы сабаққа қажетті дидактикалық материалдарды, дәлірек айтқанда ұлттық костюмдер, кеудешелердің әртүрлі суреттерін қолдана отырып, «Анықта» тәсілін өткізуге арналған барлық қажеттілерді дайындауы қажет. Оқушылар топтарға бірігеді, одан соң әр топқа ұлттық костюмдердің төрт түрлі кеудеше суреттерінің бөлігі ұсынылады. Топ осы берілген сурет бөлігі немесе элементтің қай кеудешеге тиесілі екенін анықтайды.

  • Мақсатты тұжырымдау.

Мұғалім алдын ала ұлттық костюмдердің әртүрлі бөліктері бейнеленген әртүрлі карточкалар дайындап, сынып тақтасына орналастырады, бірлескен әңгімеде оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауды ұсынады. Әрі қарай оқушыларға осы ұсынылған кеудешелерде қандай элементтің жетіспейтінін еске түсіру сұралады және бұл ақпаратты ауызша сипаттау ұсынылады. Одан соң оқушылар бірлескен әңгімеде сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды. Қажеттілігіне қарай мұғалім олардың тұжырымдамаларына түзету енгізуіне болады.

  • Миға шабуыл.

Оқушылардан топта сұрақтарға жауап бере отырып, әртүрлі ұлттың ұлттық костюмдерінің ерекшеліктерін еске түсіру сұралады:

  • Халықтық ұлттық костюмдері қандай элементтерден құралады?
  • Халықтық пішім негізінде халықтық костюмдердің конструкциялық ерекшеліктерін сипаттап бере аласыңдар ма?
  • Халықтық костюмдердің жеке элементтерінің функционалдық ерекшеліктерін атай аласыңдар ма?
  • Оларды дайындау және сәндеу үшін қандай материалдар пайдаланылғанын сипаттаңдар.

Бұл сұрақтардың ішінен топтардың әрқайсысы біреуін таңдап алуын ұсыну керек.

Топтар сұрақтарды таңдағанда мұғалім топтардың бірдей сұрақтарды таңдамауын қадағалауы керек.

4. Жаңа ақпарат. Жаңа ақпаратпен танысу оқушыларға ұлттық костюмдер туралы, сонымен бірге бұл мәдениеттің ерекше элементі ғана емес, әртүрлі сәндік шығармашылық түрінің бірігуі екенін жақсы түсінуге көмектеседі. Дайындалған материалына, пішіміне, ұлттық костюмдердегі ою-өрнектердің ерекшеліктеріне географиялық орта, климаттық жағдай, өндіруші күштердің дамуы мен шаруашылық құрылыстың әсер еткеніне назар аударту керек. Ұлттық шығармашылық материалы негізінде сән бағытын анықтайтын, әртүрлі заманауи жинақтама түрлері жасалған. Оқушылар біздің еліміздегі және шет елдердегі сән үлгілерінен мысалдар келтіре алады. Суретші сәнгерлердің кәсіби шығармашылығы оқушыларды киім үлгілерін өздігімен модельдеуге ынталандырады.

5.Бейне ақпарат көру.

Бұл тапсырма оқушыларға киімді модельдеудің – адамның сыртқы келбетін қалыптастыратын, материалдық көркем қабат, әртүрлі модельдер жасаудағы шығармашылық жұмыс екендігі туралы қысқаша ақпарат береді.

Мұғалім қажеттілігіне қарай басқа ақпаратты немесе басқа үлгіде, мысалы, суреттер немесе осы тақырыптың тапсырмасына байланысты деректі фильмдер көрсетуіне болады. Оқушыларға бейне ақпаратты, 4 елдің: Қазақстан, Әзірбайжан, Түркия және Қырғызстанның жас сән кутюрьелері жиналған, «Өткен дәстүрден бүгінге дейін» тақырыбындағы Қазақстандық және шет елдік дизайнерлердің сән топтамаларының көрсетілімін көрсетуге болады. Олардың әрбір топтамасы түркі әлемі халықтарының ұлттық ою-өрнектерімен әшекейленген.

  • Бірлескен әңгіме.

Оқушылар бірлескен әңгімеден ұлттық костюм кеудешелеріндегі келесілерді:

  • конструкциясының ыңғайлылығы, белгілі ендегі қолдан тоқылған кездеме, адам денебітімінің құрылысы, бұйымның тұрмыста қолданылуы;
  • конструкциялық сызықтары мен әшекейінің орналасуы (кесте, ызба және т.б.);
  • белгілі түстердің үйлесімді гаммасы (қызыл, ақ, көк, жасыл, әртүрлі реңктегі сары, сарғыш, қызылкүрең, қызғылт және т.б.);
  • шиеленіскен сәнділік;
  • дәстүрлілік;
  • функциональдық пен мақсаттылық, тәжірибелік пен әсемділік бірлігін түсінуі өте маңызды.

Бұл үшін оқушылардан топтарда берілген ақпаратты талқылап қана қоймай, киім сән үлгілерінің көрсетілімі тақырыбында ғаламтор-сайттардағы сән үлгілерінің шығарылымы және сән журналдарынан алынған әртүрлі қиындылар мен ақпаратқа сүйене отырып, мысалдар келтіру сұралады. Әңгіменің маңызды тұстарын, оқушылар альбомға немесе жұмыс дәптеріне жазады.

  • Шығармашылық жұмыс

Бұл жұмыс түрінде оқушылар ұлттық киім дайындау бойынша шакырылған дизайнер-модельерден сұхбат алуға арналған сұрақтар дайындайды.

  • Сіздің топтамаңыз қалай және қандай конструкциялық идея негізінде құрылды?
  • Сіздің жұмысыңызға кім және не әсер етті?
  • Сіздің дайындаған киіміңіз ыңғайлы ма?
  • Сіздің бұйымдарыңызды дайындау үшін қандай материалдар ыңғайлы?
  • Кеудешенің қандай түрлері көбіне функционалды және сәнді болып саналады?

Шақырылған қонақ, мысалы, киім дизайны және сән саласында жұмыс жасайтын немесе сәнді киім дайындайтын өзінің жеке бизнесі бар сыныптастардың бірінің ата-анасы болуы мүмкін. Оқушылардың дайындаған сұрақтары сәнді ұлттық киім дайындау саласындағы өздерін қызықтыратын барлық ақпараттарды қамтитындай болуы маңызды.

8. Қорытындылау

Мұғалім жүргізілген кездесу барысында алған ақпараттарының қаншалықты пайдалы болғанына оқушылардың назарын аудара отырып, жүргізілген сұхбатты қорытындылауы қажет, оқушылардың бұл жайында пікір алмасуына болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу