Халықтық пішім негізінде киім үлгісінің дизайны. (тұтас жеңдер). Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Дизайн және технология

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Халықтық пішім негізінде киім үлгісінің дизайны. (тұтас жеңдер)

Осы сабақта

қол жеткізілетін

оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.3.1 - шығармашылық идеяларды дамыту мен іске асыруда өз бетінше таңдаған ақпарат көздерін қолдану

8.1.4.2 - зерттеу нәтижелері негізінде тұтынушылардың өнімнің түрлеріне деген қажеттілігін анықтау

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

- әртүрлі мәдениетте пайда болған киім модельдерін салыстырады;

- киімдегі әртүрлі тұтаспішімді жең түрлерінің ерекшеліктерін салыстырады;

- киім дайындаудың өндірістік процесін зерттейді.

Жетістік критерийлері

  • сәнді бұйым жасау процесі мен көрсетіліміне зерттеу жүргізеді;
  • оқыған материалын талдайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар сабақ тақырыбы бойынша арнайы терминологияны қолдануларына болады.

Оқушылар алған ақпараттарын талдап, қажеттілігіне қарай қорытынды жасайды.

Пәнге тән лексика және терминология:

Дизайндық нұсқау: идея қалыптастыру,

стиль, халықтық пішім, пішім …

Сұрақтар: этикалық, қоршаған ортамен байланыс, ресурстарға қолжетімділік, тұтынушылардың қызығушылықтарын ынталандыру.

Өнеркәсіптік жұмыстың кәсіби маманы.

Диалог және жазу үшін қажетті сөз тіркестері:

Мақсатты аудиторияға таңдалған, жасалатын бұйымның ұнайтынына сенімдісіз бе?

Киім бұйымдары, қолданылған тоқымалы материалдар өзекті болады деп болжаймыз, өйткені ... Біздің идеямыз жаңартпашыл болып табылады, өткені біз жаңа матаны дәстүрлі матамен үйлестіреміз.

Құндылықтарды дарыту

 

 

  • оқушылар арасындағы өзара құрмет, ынтымақтастыққа;
  • өз отанына сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
  • азаматтық жауапкершілікке және патриоттық сезімге баулу;
  • топта жұмыс жасау арқылы адалдыққа тәрбиелеу.

 Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі – сабақ тақырыбы бойынша қажетті сөздер мен сөйлемдер.

Бастапқы білім

Бұл үшінші тоқсанның бірінші сабағы, оқушылар ұлттық киімнің әртүрлі түрлері және стильдерімен таныс.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басталуы

1-2 минут

1 минут

  • Ұйымдастыру кезеңі:

- мұғалім оқушыларды белсенді оқу іс-әрекетіне және жаңа білім алуға бағыттайды;

- оқу барысында ынталандыру үшін «Анықта» тәсілі арқылы жағдай жасайды. Оқушылар кез келген тәсілмен топтарға бірігеді, одан соң әр топқа ұлттық костюмдердің төрт түрлі кеудеше суреттерінің бөлігі таңдау бойынша ұсынылады. Топтар осы берілген сурет бөлігі немесе элементтің қай кеудешеге тиесілі екенін анықтайды.

2. Мақсатты тұжырымдау.

Мұғалім ұлттық костюмдердің әртүрлі бөліктері бейнеленген әртүрлі карточкаларды сынып тақтасына орналастырады, бірлескен әңгімеде оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау ұсынылады.

Ұлттық костюм элементтері немесе сурет бөліктерімен карточкалар.

Электронды презентация

1слайд

Сабақтың ортасы 2-3 минут.

2-3 мин.

3-5 минут

3-5 мин.

10-12 минут

5-7 минут

1-2 минут

3. Миға шабуыл

Оқушылардың топта ойланып, сұрақтарға жауап бере отырып, әртүрлі ұлттың ұлттық костюмдерінің ерекшеліктерін еске түсірулері тиіс.

  • Халықтық ұлттық костюмдері қандай элементтерден құралады?
  • Халықтық пішім негізінде халықтық костюмдердің конструкциялық ерекшеліктерін сипаттап бере аласыңдар ма?
  • Халықтық костюмдердің жеке элементтерінің функционалдық ерекшеліктерін атай аласыңдар ма?
  • Оларды дайындау және сәндеу үшін қандай материалдар пайдаланылғанын сипаттаңдар.

Бұл сұрақтардың ішінен топтардың әрқайсысына біреуін таңдап алуды ұсынуға болады.

4.Ақпаратпен жұмыс

Дәстүрді терең біліп алмай заманауи өнердің кез келген түрі мен жанрының дамуының алға басуы мүмкін емес. Халықтық костюм – бұл ғасырлар бойы жинақталған, халық мәдениетінің ажырамас құнды мұрасы. Халықтық пішім негізіндегі халықтық киім, өзінің өткен даму барысында, оны жасаушылардың эстетикалық көзқарасымен және тарихпен тығыз байланысты. Заманауи костюм өнері ұлттық, халықтық дәстүрден бөлек дамуы мүмкін емес.

Дайындалған материалына, пішіміне, ұлттық костюмдердегі ою-өрнектердің ерекшеліктеріне географиялық орта мен климаттық жағдай, өндіруші күштердің дамуы, шаруашылық құрылыс пен өндіруші күштің даму деңгейі әсер еткен. Ұлттық өнер мотивтерін қолдана отырып киімді модельдеу және отандастарымыздың жетістігі және көркемдік шетелдік мәдениеті біздің еліміздегі көптеген мамандар ұжымының шығармашылық тәсілі болып табылады. Бұл салада аз жұмыс жасалған жоқ, бұған біздің елімізде және шет елдердегі өткізіліп жатқан киім көрсетілімдері айғақ. Әртүрлі модельдеуші ұйымдардың жасы үлкен суретшілері мен дарынды жастары халық шығармашылығына – ұлттық дәстүр мен мәдениетіне жоғары қызығушылықпен қарайды.

Ұлттық шығармашылық материалы негізінде сән бағытын анықтайтын, әртүрлі жинақтама түрлері жасалған Суретші сәнгерлердің кәсіби шығармашылығы оқушыларды киім үлгілерін өздігімен модельдеуге ынталандырады.

5. Бейне ақпарат көру

Киімді модельдеу – адамның сыртқы келбетін қалыптастыратын, материалдық көркем қабат, әртүрлі модельдер жасаудағы шығармашылық жұмыс.

Шығармашылық үшін суретшінің фантазиясын жандандыруға негіз болатын, көркемдік идея дереккөздерінің маңызы жоғары. Ол айналадағы қызмет – табиғат, өндіріс, өткен уақыт пен бүгінгі күннің мәдени өмірі мен қоғамдық оқиғасы болып табылады. Мұғалім оқушыларға бейне ақпаратты, 4 елдің: Қазақстан, Әзірбайжан, Түркия және Қырғызстанның жас сән кутюрьелері жиналған, «Өткен дәстүрден бүгінге дейін» тақырыбындағы Қазақстандық және шет елдік дизайнерлердің сән топтамаларының көрсетілімін көруді ұсынады. Олардың әрбір топтамасы түркі әлемі халықтарының ұлттық ою-өрнектерімен әшекейленген.

Мұғалім қажеттілігіне қарай басқа ақпаратты немесе басқа үлгіде, мысалы, суреттер немесе осы тақырыптың тапсырмасына байланысты деректі фильмдер көрсетуіне болады.

6. Бірлескен әңгіме.

Мұғалім оқушылармен кеудеше сияқты ұлттық костюм элементіне атап айтқанда, ненің тән екендігін талқылауы қажет.

  • - конструкциясының ыңғайлылығы, белгілі ендегі қолдан тоқылған кенеп, адам денебітімінің құрылысы, бұйымның тұрмыста қолданылуы;
  • - конструкциялық сызықтары мен әшекейінің орналасуы (кесте, ызба және т.б.);
  • - белгілі түстердің үйлесімді гаммасы (қызыл, ақ, көк, жасыл, әртүрлі реңктегі сары, сарғыш, қызылкүрең, қызғылт және т.б.);
  • - шиеленіскен сәнділік;
  • - дәстүрлілік;
  • - функциональдық пен мақсаттылық, тәжірибелік пен әсемділік бірлігін түсінуі өте маңызды.

Суретші-сәнгерлер үшін аталған барлық ерекшеліктердің маңызы жоғары, шығармашылықта басшылыққа алатын басты қағидасы. Оқушыларға топтарда берілген ақпаратты талқылап қана қоймай, киім сән үлгілерінің көрсетілімі тақырыбында ғаламтор-сайттардағы сән үлгілерінің шығарылымы және сән журналдарынан алынған әртүрлі қиындылар мен ақпаратқа сүйене отырып, мысалдар келтіру ұсынылады. Әңгіменің маңызды тұстарын, оқушылар альбомға немесе жұмыс дәптеріне жазады. Бұл ақпарат оларға жобалық сәнді бұйым жасау барысында қажет болады.

7. Шығармашылық жұмыс

Оқушылар ұлттық киім дайындау бойынша шакырылған дизайнер-модельерден сұхбат алу үшін сұрақтар дайындаулары қажет.

Оқушылар қонақтан сұралатын өзекті мәселелерді жазады. Олар төмендегідей ақпараттарды қосуларына болады.

  • Сіздің топтамаңыз қалай және қандай конструкциялық идея негізінде құрылды?
  • Сіздің жұмысыңызға кім және не әсер етті?
  • Сіздің дайындаған киіміңіз ыңғайлы ма?
  • Сіздің бұйымдарыңызды дайындау үшін қандай материалдар ыңғайлы?
  • Кеудешенің қандай түрлері көбіне функционалды және сәнді болып саналады?

Жергілікті дизайнер өзі жасаған киім және аксессуар үлгілерін көрсетуіне болады. Оқушылардың сұрақ қоюларына, фотосуреттер немесе нобай салуына, сонымен қатар жазып алуына болады. Егер жергілікті сән дизайнері кездесуге келе алмаса, онда оқушылар ғаламтордағы дизайнер жұмыстарына талдау жасауларына болады.

8. Қорытындылау.

Мұғалім оқушылардың назарын халықтық пішімге, жеңі тұтаспішімді бұйым - жилетке аударып және олардың жобалық бұйымдарының қолтық ойындысы осындай болатынын ескерте отырып, жұмысты қорытындылауы қажет. Сонымен қатар халықтық пішімнің мақсатты пішімімен ерекшеленетініне назар аударуға болады. Көп жағдайда ол қарапайым, ыңғайлы, өйткені белгілі ендегі қолдан тоқылған кенеп, адамға пішінін ыңғайлы жасауға және матаны толық пайдалануға талпынады. Мұндай кеудеше еркін қозғалуға, ауыр жұмысқа әрі мерекеге де киюге ыңғайлы.

Халықтық киімде тік пішімді және қиғаш қиықты пішіндегі киімдер кесдеседі. Мысалы, киімнің негізгі бөлігі, көптеген халықтардың жейдесі тікбұрышты мата кесегінен пішілген. Оның пішіні, жеңі, қолтық астындағы ендірме (көйлектің қолтығына қойылатын қиынды) және иығы әртүрлі ұзындық пен ендіктегі тікбұрыш болып келеді. Әсіресе бұл қиықсыз және бүрмесіз туника тәрізді, халықтық киімнің ең ежелгі пішініне тән.

1 қосымша

Электронды презентация

2 слайд

2 Қосымша.

Электронды презентация,

слайд 3

Дереккөздер: https://24.kz/ru/news/culture/item/157380-dizajnery-

proizveli-furor-na-pokaze

Ақпарат және сән журналдарының іртүрлі қиындылары, интернет-сайттардағы сәнді киім тақырыбындағы шығарылымдар, альбом немесе жұмыс дәптері.

Сабақтың соңы

1-2 минут

Рефлексия

Оқушыларға қол шапалақтау ұсынылады, егер оларға сабақ ұнаса, шапалақ қаттырақ шығады, онда сабақтың қызықты болғаны.

Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топта жұмысқа қабілеті жоғары оқушылар басшылық жасайды. Топ ішінде рөлді бөліп беру ұсынылады.

Өзін өзі бағалау, өзара бағалау, топта бағалау, мұғалімнің бағалауы.

Үзілісте сыныптың ауасын тазартып, желдетіп алу, сонымен қатар – әртүрлі көркемдік материалдармен және құралдармен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу