Шалма бізбен тоқу. Шалма біз және олардың түрлері. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, дидактикалық материал.


 Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

 

 "Шалма бізбен тоқу. Шалма біз және олардың түрлері" тақырыбындағы сабақ зерттеу және идеяларды дамыту, жасау және дайындау оқу мақсаттарына негізделген.

 

 

 Сабақ барысы

 Сабаққа шалма біздің түрлері мен тоқыма жіптерін әкелу ұсынылады.

 Сабақтың мақсаты шалма бізбен тоқу түрлерін зерттеп, шалма бізбен тоқу әдіс-тәсілдерін меңгереді.

 

 Сұрақтарға жауап беру.

 Сабаққа кіріспес бұрын презентацияда көрсетілген сұрақтарға жауап беру қажет. Жаңа сабаққа кіріспес бұрын өткен сабақта өткен ілмекпен тоқу тақырыбын қайталап өтіңіз.

 

 Топқа бөлу.

 "Сиқырлы сандар" топқа бірігу тәсілін қолданыңыз. Оқушыларды топқа бөлу арқылы сұраққа жауап беру ұсынылады. Сұрақтар зерттеу жұмысын жасауға көмектеседі.

 Оұушылар зерттеу жұмысының нәтижесін флипчартқа немесе А3 форматына жасауға болады.

 Тапсырманы орындау үшін бағалауға арналған критерийлерді қайталап шығып, оларды іске асыру ұсынылады.

 

 Тапсырманы орындамас бұрын "Білемін, білмеймін, Білгім келеді" кестесін толтыру ұсынылады. Содан кейін ғана практикалық тапсырманы орындау ұсынылады. Алдымен оқушылар бұл кестені толтырып, соның нәтижесінде зерттеу жүргізіледі.

 

 Шалма бізбен тоқудың бастапқы қатарын ілмектеудің тәсілін қарастырыңыз. Оң және теріс шалуларды практикалық сабақта қарастырған дұрыс. Оқушыларға шалма бізбен тоқуды тәжірибе ретінде көрсету ұсынылады.

 

 Таныстырылым

 Оқушылар постерлерін таныстырады.

 

 

 Тоқыма өнері жайлы

 Тоқыма өнері жайлы қысқаша тарихпен танысады.

 

 Білген дұрыс.

 Бұл слайдта шалма бізде қолданылатын тоқыма жіптері туралы айтылады.

 

 ЕСКЕРТУ: келесі сабаққа материалдар мен құрал-жабдықтарды алып келуді ескертіңіз.

 

 Сабақтағы қауіпсіздік ережелері

 Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.

 

 

 1 қосымша

 

 Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:

  •  жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
  •  оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
  •  құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
  •  бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
  •  жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
  •  жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
  •  басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
  •  жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

 

 Қайшымен жұмыс жасау кезінде -

  •  жақсы қиятын қайшымен жұмыс жаса;
  •  қайшы басы жасық әрі дөңгелектенген болуы шарт;
  •  қайшыны ашық тастама;
  •  сақинасын алға қаратып қайшыны ұсын;
  •  қайшымен ойнама, бетіне тигізбе;
  •  қайшыны керек уақытында пайдалан.

 

 Ермексазбен жұмыс жасау кезінде -

  •  жұмысты орындауға қажетті түсті таңда;
  •  арнайы пышақшаның көмегімен қажетті ермексазды кесіп ал;
  •  жұмсақ болу үшін алақанның көмегімен жылытып ал;
  •  ермексазбен жұмыс жасап болғаннан кейін қолыңды шүберекпен жақсылап сүртіп, содан кейін.

 

 Желіммен жұмыс жасау кезінде –

  •  желім жұмыс жасаған уақытында қажет жағдайда қылқаламды пайдалан;
  •  желімді керек мөлшерде ғана ал;
  •  артық желімді жұмсақ матамен алып таста;
  •  жұмыстан кейін қылқаламды жақсылап сабынмен жу.

 

 Бізбен жұмыс жасау кезінде –

  •  бізді дұрыстап ұстауды үйрен;
  •  жұмысты астына тақтайша қойып жаса;
  •  тесікті бізді қатты баспай оңға, солға бұрау арқылы жаса.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу