Шалма бізбен тоқу. Шалма біз және олардың түрлері. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар.

Пәні: Көркем еңбек (қыздар)

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2А – Бөлім.

Сәндік-қолданбалы шығармашылық.

Күні:

Сынып: 6

Сабақ: 40 минут

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Шалма бізбен тоқу. Шалма біз және олардың түрлері.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.5.2

Шығармашылық идеяларын іске асыру үшін нобайлар, техникалық суреттер мен сызбалар орындау.

Сабақ мақсаттары

  • шалма бізбен тоқу түрлерін зерттейді;
  • шалма бізбен тоқу әдіс-тәсілдерін меңгереді;

Бағалау критерийлері

  • шалма бізбен тоқу түрлерін біледі;
  • шалма бізбен тоқу әдіс-тәсілдерін атай алады.

 Тілдік мақсаттар

Тілдік оқыту мақсаты

Оқушылар орындай алады:

Сәндік - қолданбалы өнер түрлерін баяндайды.

Тоқыма өнері туралы біледі, әдіс-тәсілдерін, орындалу техникасын зерттейді және таныстырады.

Шалма бізбен тоқу өнерінің түрлерін, тарихын зерттейді.

Пәндік тіл және терминология

Диалогқа/жазбаға қажетті тіркестер

тоқу, ағаш ою, зергерлік, мүсіндеу, бедерлеу, көркем өңдеу,тоқу.

Тор шалма біз, әдіс, тәсіл, техника.

Мен ...тоқу түрлерін ...

Мен ... бізбен тоқу ..... білдім

Мен ... пайдалы жақтарын білемін.

Мен ... материалдар мен құралдарды қолданғанын білдім.

Құндылықтарды дарыту

 

Зерттеу кезеңінде оқушылардың бойында ынтымақтастық, құрмет, өмір бойы еңбектену және шығармашылық құндылықтары артады. Өзара бағалау кезінде сыйластық, ашықтық және академиялық шындық құндылықтары қалыптасады.

Жаһандық азаматтық

Әлемге таралған тоқыма өнерімен танысады, салыстырады.

Пәнаралық байланыстар

Пәнаралық байланыс қарастырылмаған

АКТ қолдану дағдылары

Бұл сабақта АКТ-да зерттеу жұмысын жүргізу үшін ноутбуктар қолданылады. Таныстырылым кезінде интерактивті тақтаны қолданады.

Бастапқы білім

Сәндік-қолданбалы өнер түрлерінде қолданылатын замауи, дәстүрлі емес және табиғи материалдарды біледі. Тоқыма түрлерін, материал таңдай алады, бұйымның нобайын салу кезеңдерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

«сұрақ-жауап» әдісі

3 минут

Топқа бірігу

«сиқырлы сандар»

1 минут

«Жеребе» әдісі

1 минут

Тапсырма

3 минут

Зерттеу кезеңі

15 минут

Таныстырылым кезеңі

10 минут

Өзара бағалау

«Басбармақ» әдісі

Слайд көрсету

5 минут

Кері байланыс

«Ой толғау»

3 минут

Сабақты қорыту

2 минут

Үйге тапсырма

2 минут

Оқушылармен сәлемдесіп, түгелдеп болған соң бүгінгі сабақтың тақырыбын айтпас бұрын оқушыларға өткен сабақты еске түсіру мақсатында сұрақтар қойылады.

Сұрақтар:

  • Ілмекпен тоқу дегенімізді қалай түсінесің?
  • Ілмекпен тоқу әдісінде қандай бұйымдар жасауға болады?

Оқушылардан сұрақтарға жауап алынған соң оқушылар «сиқырлы сандар» әдісіне саналады. 1,2,3 сандарын санап бірдей сандағы оқушылар бір топқа бірігеді.

Үш топқа мұғалім «жеребе» әдісі бойынша тақырыпқа сәйкес зерттеу сұрақтарын жасырады, әр топтан бір оқушы жасырылған сұрақты алады. Әр топқа бір сұрақтан беріледі.

Сұрақтар:

  • Тоқыма түрлерін және орындалу әдістерін анықтаңыз;
  • Шалма біздің түрлері қандай және тоқу әдіс-тәсілдері?
  • Шалма бізбен орындау техникасы және қандай бұйымдар жасауға болады?

Тапсырма:

Берілген сұрақты топ ішінде зерттеңіз, толық мәлімет жинақтаңыз, флипчартта немесе POWER POINT электронды презентацияда таныстырылым жасаңыз.

Дескриптор: (бағалауға арналған критериилер):

  • Сұраққа толық мәлімет жинақтай алады;
  • Топта зерттеу жұмысын жүргізе алады;
  • Флипчартта немесе электронды презентация жасай алады;
  • Сауатты таныстырылым жасай алады.

Оқушылар дифференциациялық тапсырманы өз қажеттіліктеріне, интеллектісіне қарай өздері таңдап алады. Мысалы АКТ-ны қолдану қабілеттері бар оқушылар таныстырылымын электронды түрде жасайды, ал қолмен бейнелеп, сызба арқылы таныстырғылары келетін оқушылар флипчартта яғни плакатта маркерлерді, бояуларды қолдана отырып жасайды. Зерттеу жұмысына оқушылар интернет желісін пайдаланады, мәліметтер ізденеді. Мұғалім әр топқа барып өз бағыт-бағдарын беріп жүреді.

Таныстырылымды 3-ші топ оқушылары бастайды.

Қалған екі топтың оқушылары дескрипторге сәйкес таныстырылымнан кейін «Басбармақ» әдісі арқылы таныстырылым жасаған топ оқушыларына өзара бағалау жүргізеді.

Оқушылар зерттеу жұмыстарын, таныстырылымды аяқтаған соң мұғалім тоқу туралы, тоқылған бұйымдар туралы слайд көрсетіп, оқушылардың зерттеулерімен салыстырады.

Оқушылардан бүгінгі сабаққа байланысты кері байланыс алынады. Ол үшін «білемін», «білмеймін», «білгім келеді» деген үш бағаннан тұратын «Ой толғау» кері байланыс парақшасы беріледі. Оқушылар өз ойларын осы сөздердің астына жазып шығады.

Сабақты қорыта келе мұғалім сабақта белсенді түрде жұмыс жасаған оқушыларды айтып шығады және қолдау көрсетеді.

Sketchbook (сурет дәптері), түрлі-түсті қаламдар, өшіргіш алып келу.

Слайд 1,2

Слайд 3,4

Тоқыма бұйымдарының бірнеше түрлері.

Тоқу.

http://pletenie-iz-gazet.net/vidpletenija.html

https://in.pinterest.com/silvaram/newspaper-craft/

http://happymodern.ru/pletenie-korzin-iz-gazetnyx-trubochek-osvaivaem-modnoe-rukodelie-54-foto/

Слайд 5-10

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Тапсырма деңгейін оқушылар өз қажеттіліктеріне, интеллектісіне қарай таңдап алады. Оқущылар электронды немесе флипсартта презентация дайындайды.

Кері байланыс

«Ой толғау»

Өзара бағалау түрі

«Басбармақ» әдісі

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары:

- сызғышты, қаламды лақтырмау;

- кескіш, қию заттарын ұқыпты пайдалану т.б.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу