Әртүрлі бұйымдарды шалма бізбен тоқу. Қолғап тоқу. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, дидактикалық материал.


 Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

 

 Сабақ тақырыбы: "Әртүрлі бұйымдарды шалма бізбен тоқу(мойын орағыш, үшкіл орамал, бас киім және т.б.)".

 Оқу мақсаты:

6.2.6.1.

 Қауіпсіздік техникасын қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану

 

 Сабақ барысы

 Бұл сабақта оқушылар шығармашылық жұмыстарын жасауды жалғастырады. Практикалық жұмыс бірнеше сабаққа созылғандықтан оқушыларға тәжірибелік күнделік жүргізуді ұсынамыз. Оқушылар сабақтың басында қысқамерзімді берілген сұрақтарға жауап берген соң, сабақтың соңында тағы бірнеше сұрақтарға жауап беру арқылы өз өздерінің жұмысына бағалау жүргізе алады.

 

 

 

 Сұрақтарға жауап бер.

 Оқушылар берілген сұрақтар жауап беру арқылы қолғап тоқу туралы білімдерін кеңейте алады. Қолғап тоқу үшін қандай материалдар қолданылатындығына тоқталып өтіңіз. Адамның қолы ылғида жұмыс істейтіндіктен өте нәзік болып табылады. Тоқылатын қолғап өте жұмсақ, әрі қолға ыңғайлы, жылы тұратын жіптерден тоқылуы қажет. Қолғаптың дизайны әрқилы болуы мүмкін.

 

 

 

Қолғап тоқудың әдіс-тәсілерін қарастыр.

 Бұл тапсырмада оқушылар презентация мен дидактикалық материалдарда берілген тапсырмаларды орындайды.

 

 ЕСКЕРТУ: Бұл сабақта берілген қолғап тоқу әдіс-тәсілдері үлгі, нұсқа болып табылады. Оқушылар нобайда көрсетілген бұйымдарын тоқуды жалғастыра береді.

 

 Бағалау:

 Бағалаудың өзін өзі бағалау әдісі іске асады. Себебі оқушылар шығармашылық жұмысты атқару барысында рефлексивті күнделік жүргізеді. Рефлексивті(тәжірибелік) күнделік жүргізу кезінде сұрақтарға жауап беріп, сабақта атқарылған жұмыстарға баға беріледі.

 1 қосымша

 Қауіпсіздік техникасы

 

1. Жұмыс орны жақсы жарықтандырылған болуы керек.

2. Орындық арқасы сүйеніп, тік отыру қажет.

3. Тоқу кезінде арқасы бар орындықта басты сәл иіп отырады.

4. Шалма біздің ұшы қауіпсіз, шектелген болуы керек.

5. Тоқып жатқан жайма бүлінбеуі үшін және қолда иірімжіптің қиқымдары қалмас үшін тоқып бастағанда және аяқтағанда қолды жуу керек.

6. Жұмыс соңында барлық құрал-жабдықтар жәшікке жинап салу керек.

 7. Шалмабізді қорабымен алып жүру қажет.

 

 Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:

  •  жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
  •  оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
  •  құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
  •  бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
  •  жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
  •  жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
  •  басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
  •  жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

 

 Бізбен жұмыс жасау кезінде –

  •  бізді дұрыстап ұстауды үйрен;
  •  жұмысты астына тақтайша қойып жаса;
  •  тесікті бізді қатты баспай оңға, солға бұрау арқылы жаса.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу